Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Босанудың кезеңдері
Үшінші кезеңді жүргізу.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Босану анықтамасы?
Бірінші босану кезеңі қалай аталады,оның алғаш және қайталап босанудағы уақыты?
Екінші босану кезеңі,оның алғаш және қайталап босанудағы уақыты?
Үшінші босану кезеңі,оның алғаш және қайталап босанудағы уақыты?
Босанудағы физиологиялық қан кетулер кандай?
6 (8)-ші семестрдің дәрістің тақырыптық жоспары
Дәріс №1
Тақырып: Босанумен байланысты аурулар. Жүктілер гестозы. Жүктілікпен шақырылған ерте токсикоздар мен гипертензия. Гестоздың заманауи емдеу тәсілдері және босануға рұқсат мерзімі.
Мақсаты: жүктілікпен шақырылған ерте токсикоздар мен гипертензиясы, жіктелуі, диагностикасы, емдеу принциптері, шұғыл көмек көрсету жөнінде ақпарат беру.
Дәріс тезистері: Жүктілікпен шақырылған ерте токсикоздар мен гипертензияның қазіргі замандағы этиопатогенезінің теориялары. Жүктілер құсуының жіктелуі, диагностикасы, емдеу принциптері. Жүктілер гипертензиясы (ЖГ) – бұл жүктіліктің екінші жартысында дамитын, полиорганды және полижүйелі жетіспеушіліктің синдромы. ЖГ өзіндік ауру болып табылмайды, ол ана мүшелерінің бейімдеуші жүйелердің мүмкіншілігі мен дамып жатқан ұрық қажеттілігін адекватты қамтамасыз етудің сәйкессіздігі. ДДСҰ бойынша ЖГ жиілігі 0,51-38,4%, ТМД мәліметтері бойынша 6,9-14%. ҚР ЖГ 1998ж 15,2% 22002 ж 26,7% көтерілуі анықталады. Ана және перинатальді өлім құрылымында ЖГ 2-3 орында. ДДСҰ ұсыныстары бойынша қазіргі уақытта «гестоз» термині орнына «жүктілер гипертензиясы» қолданылады. 2004 ж. бастап ҚР ДДСҰ 10 қайта қаруымен МКБ бойынша жіктелу қабылданды: созылмалы гипертензия; жүктілер ісінулері; жеңіл дәрежедегі преэклампсия; орта дәрежедегі преэклампсия; ауыр дәрежедегі преэклампсия; эклампсия. ЖГ диагнозы лабораторлы және клиникалық мәліметтеріне негізделе қойылады. Ұрық жағдайын зерттеуді жүргізген дұрыс – УДЗ, КТГ, доплерометрия. Жүктілер гипертензиясын емдеудің негізгі принциптері: емдік-қорғау режимін түзу, гиповолемия мен метаболикалық бұзылыстарды жою, қанның реологиялық және коагуляциялық қасиетін жақсарту, құрсақ ішілік ұрықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар. Ауыр преэклампсияны емдеуде сенімді әдіс болып босандыру табылады. . Ауыр преэклампсия мен эклампсияда шұғыл көмек көрсету. Табиғи жолдары арқылы босандыру оптимальды болып табылады. ЖГ үдемелі ағымында, жағдайы нашарлаған жағдайда кесар тілігі операциясы арқылы босандырады.
Ауыр преэклампсия мен эклампсияда шұғыл көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |