«Акушерия және гинекология» пәнін оқытудың жоспарланған нәтижелері (құзыреті)
Пәнді оқығаннан кейін студент мынадай құзыреттерге ие болады:
Негізгі:
БК 1. Қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарды, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын реттейтін моральдық нормаларды білу, практикалық қызметте заңдардың негізгі ұғымдары мен әрекеттерін қолдану;
БК 2. Саяси жүйелер мен саяси режимдер,адам саясатты туралы түсініктерді білу;
БК 3.Экономикалық теорияның жалпы ережелерін , экономиканың негіздерін меңгеруді, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайды білу;
БК 4. Заманауи компьютерлік технологиялар және оларды қазіргі заманғы медицинада қолдану туралы білу, заманауи ақпараттық технологияларды кәсіби қызметте қолдану;
БК 5. Рецепттерды тағайындауды, грек-латын тілінің терминдерін түсіндірді, дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы сипаттамаларын білу;
БК 6. Жасушалардың өмірін, құрылымы мен жұмыс істеуін және ағзалар мен жүйелердің қалыптыда және патологиядағы ерекшеліктерін білу;
БК 7.Тұқымқуалайтын аурулардың түрлерін және нысандарын белгілеудің өзіндік әдістерін, клиникалық пәндерді зерттеуде пайдалану;
БК 8.Ағзаның шығу тегі, дамуы және нәтижесі, адам ағзасының барлық тіндері мен ағзаларының орналасуы мен құрылымы, олардың негізгі функцияларын, реактивтік қасиеттерін білу және алынған білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдану;
БК 9. Әртүрлі жастағы адамдардың физиологиясын білу және оларды арнайы пәндерді оқып үйрену кезінде қолдану;
БК 10.Патологиялық реакцияның табиғатын анықтау, микроскопиялық препараттар арқылы түрлі патологиялық процестерді саралау және микроскопия әдістерін меңгеру;
БК 11. Микробтардың және вирустардың табиғатын, олардың инфекциялық процестің дамуындағы рөлін білу.
Медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде науқастар мен медициналық қызметкерлердің инфекциялық бақылауы мен инфекциялық қауіпсіздігі.
Кәсіби:
ПК 1.Мейірбике ісі және науқастарды бақылауды ұйымдастыруды,қолданылатын дағдылар мен іскерліктер әдістерін білу;
ПК 2.Жүйелер мен ағзалардың функцияларын бұзылуындағы негізгі симптомдары мен синдромдарын білу, пациенттерді зертханалық, функционалдық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындауды білу;
ПК 3.Ересектерге және балаларға шұғыл дәрігерге дейінгі медициналық көмек және білікті медициналық көмек көрсетуді білу;
ПК 4.Әр түрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді ,хирургиялық науқастарға күтім жасауды,өкпе-жүрек реанимациясын жасауды білу;
ПК 5.Барлық жастағы және сыни жағдайлардағы науқастарға қарқынды терапия және реанимацияның заманауи әдістерін игеру, МО стационарында емделу мен реабилитациялауді білу.
Ерекше:
СК 1. Төтенше және өмірге қауіпті жағдайларда медициналық көмек көрсетуді білу;
СК 2. Гинекологиядағы алдын-алу мен емдеудің жаңа әдістерін, отбасын жоспарлау әдістерін білу;
Достарыңызбен бөлісу: |