Төзімділік шегін алу үшін үлгіге алдымен ең үлкен кернеуі аққыштық шегіне немесе беріктік шегіне жақын (материалдың қасиетіне байланысты ) симметриялық циклді кернеу әсер еткізеді. Үлгінің қирап сыну мезетіне дейінгі циклдің санын NА арқылы белгілеп, — N координата жүйесіндегі А(, NА) нүктесін табады. Циклдің max шамасы төмендеген сайын үлгінің қирап сынауына сәйкес цикл саны өсе береді (В, С, D т. б. нүктелері, XIII. 4, а-сурет).
Осы тәртіппен он шақты үлгіні сынау арқылы алынған қисық сызық материалдың қажу диаграммасы немесе Веллер қисыгы деп аталады. Циклдің ең үлкен кернеуі қандай да бір шамаға жеткенде Веллердің қисық сызығы абсцисса осіне параллель асимптотаға (DЕ түзуі) шексіз жақындайды. Қисық сызықтың асимптотаға жақындаған аралығы басталған жеріндегі D нүктесінің ординаты — төзімділік шегі (-1), ал абсциссасы — сынау базасы (N) деп аталады. Үлгі циклдің саны сынау базасына жеткенше сынбаса, онда ол цикл саны шексіз өскенде де сынбайды деп қарастырылады. Көміртекті болаттар үшін — 107. Түсті металдар мен болаттың кейбір түрлерінің қажу сызығын асимптотаға жақыңдату, көптеген үлгілерді сынаумен қатар үзақ уақытты талап етеді. Сондықтан, сынау базасы шартты түрде N = 108 деп қабылданады.
Дәл осылай, асимметриялық коэффициенттері әр түрлі циклді кернеулердің әсерінен созылған (сығылған), бұралған кез келген материал үшін Веллердің қисық сызығын тұрғызуға болады. Төзімділік шегі -1, — N координата жүйесінен гөрі жарты логарифмді — lgN (немесе толық логарифмді lg — lgN) координата жүйелеріңде тұрғызылған Веллер қисықтарынан оңай анықталады (ХІІІ.4, б-сурет). Тәжірибелік зерттеулерге қарағанда конструкциялық материалдардың төзімділік шегі аққыштық немесе беріктік шектеріне қарағанда кіші.
Болаттан жасалған беті жылтыр үлгілерді созғанда (сыққанда), игенде, бұрағанда анықталған төзімділік шектері арасындағы қатынастар төмендегідей
Достарыңызбен бөлісу: |