3. Машина бөлшектері беттерінін, механикалық өндеу сапасының әсері. Жегі ортаның әсерінен дене беттерінде дақтар, кескішпен өңделген машина бөлшегінің беттерінде іздер қалатыны бізге инженерлік практикадан белгілі. Циклді кернеулер әсер еткенде бөлшектегі сызаттар осы дақтардан, іздерден басталатыны тәжірибе жүзінде дәлелденген. Беті нашар өнделген сынама үлгінің төзімділік шегі, таза өңделген беті жылтыр үлгілердің төзімділік шегіне қараганда әлдеқайда төмен болады. Берілген үлгілердің өңделу сапасы осы үлгілердің төзімділік шегі мен таза өнделген беті жылтыр үлгілердің төзімділік шегінің қатынастары арқылы анықталатын коэффициентімен ескеріледі
XIII.17
Бұл коэффициент XIII. 13-суретте көрсетілген графиктерден алынады. Мұндағы 1-график беті ысқыланып жылтырланған, 2 — тегістеліп өнделген, 3 — жұқа өнделген, 4 — кедір-бүдырлы, 5 — толық қабыршықты болат үлгілер үшін тұрғызылған.
Пластикалық материалдан жасалған машина бөлшектері айнымалы-қайталанбалы күштердің әсерінен пластикалық деформадияға ұшырағанда, олардың беттеріндегі із, дақтардың зиян әсері әлдеқайда томендейді.
Машина бөлшектерінің беттерін әр түрлі тәсілдермен нығыздау, шынықтыру тағы сол сияқты шаралар қолдану, бет сапалық коэффициентін 0,5...0,8-ден 2-ге дейін кілт өсіріп жібереді.
БЕРІКТІК ҚОРЫ КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ
Аталған факторлар машина бөлшегінің төзімділік шегін лабораториялық сынама үлгінің төзімділік шегіне қарағанда әлдеқайда темендетіп жібереді. Төмеңдеу шамасы келесі формуламен анықталады
XIII.18
Айнымалы-қайталанбалы кернеу әсер еткен машина бөлшегінің беріктік қоры коэффициенті
Достарыңызбен бөлісу: |