Енді есептің физикалық жағын қарастырайық. Көлденең қимада жанама кернеу жоқ болғандықтан, жанама кернеулердің жұптық заңы бойынша, ол бойлық қималарда да жоқ. Сондықтан, бойлық талшықтар өзара әсерлеспейді деп қарастыруға болады. Олай болса, ab талшығы сызықтық кернеулі күйде. Сызықтык кернеулі күй үшін Гук заны .
Енді синтез жасайық. Гук заңына (VIII.12) теңдігін енгізіп
VIII.13
кернеу қарастырылған нүкте мен бейтарап осьтің ара қашықтығына (у) тура пропорционал өзгеретінін көреміз. Бейтарап осьте жатқан нүктедегі кернеулер нөлге тең, ал қиманың ең жоғарғы және ең төменгі нүктелерінде ең үлкен кернеулер әсер етеді (VIII.16, в-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |