Берілген брус бір жазықтықта жатпайтын бірнеше сыртқы күштердің әсерінен тепе-теңдік күйде тұрсын (I, 6, а-сурет). Брусты А—А жазықтығымен В мен С бөліктеріне бөлсек, бұл бөліктердің көлденең қима ауданы арқылы бір-біріне тигізетін әсері, яғни ішкі күштері, шамасы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы. Дененің В немесе С бөліктеріне әсер ететін ішкі және сыртқы күштер өзара тепе-теңдік күйде. Сондықтан, ішкі күштерді дененің кез келген бөлігі үшін құрылған тепе-теңдік теңдеулерінен анықтауға болады. Көрсетілген көлденең А қимасындағы ішкі күштерді табу үшін сыртқы күш факторлары аз С бөлігін қарастырған ыңғайлы, өйткені, бұл бөлік үшін құрылған тепе-теңдік теңдеулері В бөлігі үшін құрылатын теңдеулерден гөрі алдеқайда ыкдшамды.
Брустың В бөлігінен А қимасы арқылы С бөлігіне ішкі күштер үздіксіз жайылып таралып беріледі (І.6,б-сурет). Жалпы жағдайда, бұл ішкі күштер қиманың ауырлық центрі арқылы өтетін, басты вектор деп аталатын К күшіне және басты момент деп аталатын М моментіне келтіріледі (І.6,в-сурет). Басты векторды ОХ, ОY, OZ осьтерінің бойында жатқан ,,
Достарыңызбен бөлісу: |