Статикалық анықталмаған жүйелер
Белгісіз ішкі күштерін анықтауға статиканың теңдеулері жеткіліксіз конструкциялар, статикалық анықталмаған жүйелер деп аталатынын жоғарыда айтып өткенбіз. Статикалық анықталмаған конструкцияларды есептеу әдістері құрылыс механикасында толық қарастырылады. Есептеу әдістері айтарлықтай көп болғандықтан, практикада кеңінен тараған негізгі әдістердің бірі — күш әдісіне тоқталайық.
Статикалық анықталмаған жүйелерді күш әдісімен есептегенде, белгісіздер ретінде, ойша алып тасталынатын "артық" байланыстардың реакциялары қабылданады. "Артық" байланыстар деп, жүйенің тепе-теңдік күйде болуына қатысы жоқ, конструкцияның жүк көтергіштігін, орнықтылығын арттыру үшін қосылатын тіректерді айтады.
Төменгі ІХ.17, а-суретте тепе-теңдік күйі қамтамасыз етілген, байланыстары жеткілікті, статикалық анықталған жүйе көрсетілген. Егер осы раманың екінші ұшын да қатаң бекітсек, онда оның жүк көтергіштік қабілеті артып, "артық" байланысы үшке тең, статикалық анықталмаган жүйеге айналады (IX. 17, б-сурет), Статикалық анықталмаған жүйені есептеу үшін оның "артық" тіректерін алып тастап, оларды реакцияларымен алмастырады (ІХ.17, в-сурет). Алынған жүйе негізгі жүйе деп аталады. Негізгі жүйенің жұмыс істеу қабілеті берілген статикалық анықтамаған жүйенің жұмыс істеу қабілетімен бірдей.
Статикалық анықталмаған жүйенің В нүктесі, тірекке қатаң бекітілгендіктен, сыртқы күштердің әсерінен орнын ауыстырмайды. Олай болса,
IX. 23
Бірінші теңдеу В нүктесінің сыртқы q, белгісіз күштерінің әсерінен x1 бағытындағы орын ауыстыру шамасы нөлге тең екенін көрсетеді. Сол сияқты, екінші теңдеу B нүктесінің — x2 бағытындағы, ал үшінші теңдеу — х3 бағытындағы сыртқы q, белгісіз күштерінің әсерінен орын ауыстыру шамалары нолге тең екенін көрсетеді. Бұл қосымша теңдеулер белгісіз реакцияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Канондық теңдеулер
Достарыңызбен бөлісу: |