Құрылыс салынатын аумақта орындалатын, құрылыс жобасын жа- сауға арналған жұмыстарды қалай атайды?



Дата02.12.2022
өлшемі214 Kb.
#160863
Байланысты:
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ 1-55 ПГ


ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
$$$ 1
Құрылыс салынатын аумақта орындалатын, құрылыс жобасын жа-
сауға арналған жұмыстарды қалай атайды?
А) Инженерлік зерттеу жұмыстары
В) Геология жұмыстары
С) Топографиялық жұмыстар
D) Іздеу жұмыстары
Е) Керек жұмыстар
$$$ 2
Инженерлік зерттеу жұмыстарының мақсатын айтыңыз.
А) Құрылыс салынатын аумақтың экономикалық жəне табиғаттық
жағдайын анықтау
В) Құрылыс салынатын аумақтың биіктік мəнін анықтау
С) Құрылыс салынатын аумақтың геграфиялық координатасын анықтау
D) Құрылыс салынатын аумақтың өзендерін, көлдерін зерттеу
Е) Құрылыс салынатын аумақтың халқының санын анықтау
$$$ 3
Инженерлік зерттеу жұмыстарының неше сатыға бөлінетінін айтыңыз.
А) Үш сатыға бөлінеді: Құрылыстың ТЭН, ТЭЕ жəне жобасын жасауға,
құрылысты салуға арналған сатылары
В) Төрт сатыға: құрылыстың планын сызуға, құнын жəне тиімділігін
есептеуге, құрылысты салуға арналған сатылары
С) Бір сатымен орындалады, құрылыстың негізгі жоспарын жасауға
арналған сатысы
D) Екі сатыға бөлінеді, құрылыстың жобасын жасауға, құрылысты
салуға арналған сатылары
Е) Ешқандай сатыға бөлінбейді барлық керек жұмыстар бірден орын-
далады
$$$ 4
Инженерлік зерттеу жұмыстарының бірінші сатысы неше бөліктен
тұрады?
А) Екі бөліктен – экономикалық жəне техникалық
В) Үш бөліктен – экономикалық, техникалық жəне пландық
С) Төрт бөліктен – экономикалық, техникалық, пландық жəне жобалық
D) Ешқандай бөлігі жоқ тұтас орындалады
Е) Алты бөліктен – жоғарыда көрсетілген бөліктерге, жоспарлық жəне
сұлбалық бөліктер қосылады
$$$ 5
Инженерлік геодезия жұмыстары қандай мақсатпен орындалады?
А) Құрылыс салынатын аумақтың топографиялық планын сызу жəне
құрылыстың геодезиялық сапасын қамтамасыз ету
В) Салынатын құрылыстың халық шаруашылығына тиімділігін анық-
тау
С) Салынатын құрылысты дұрыс бағыттау
D) Салынатын құрылысты табиғат құбылысынан қорғау
Е) Салынатын құрылыстың топологиясын жазу
$$$ 6
Инженерлік геодезия жұмыстарын орындау үшін қандай құжаттар
керек?
А) Техникалық тапсырма жəне жұмыс орындауға берілген рұқсат қағаз
В) Техникалық нұсқау
С) Құрылыс мəндері мен ережелері
D) Құрылыстың жоспары
Е) Құрылыстың қоршаған ортаға қауіпсіздігі туралы мəлімет
$$$ 7
Аумақты ғимараттың құрылысына арналған инженерлік зерттеу
жұмыстарының сызықты ғимараттарға арналған инженерлік зерттеу
жұмыстарынан айырмашылығы қандай?
А) Зерттеу жұмыстары сызықты ғимараттың осінің бойында орын-
далады
В) Ешқандай айырмашылығы жоқ
С) Орындалатын зерттеу жұмыстарының көлемі мен мазмұнында
D) Аумақты ғимараттың биіктік мəндері анықталады
Е) Құрылыстардың планының сызылатын масштабында
$$$ 8
Құрылыс салынатын аумақтың топографиялық планы қандай мас-
штабта сызылады?
А) Техникалық тапсырмада көрсетілген масштабта
В) 1: 10000 масштабта
С) 1: 20000 масштабта
D) 1: 25000 масштабта
Е) Бұйрықта көрсетілген масштабта
$$$ 9
Сызықты ғимараттың бұрылу бұрышы неше градустан үлкен бол-
мағаны жөн?
А) 15◦- 20◦.
В) Бұрылу бұрышы ешнəрсеге əсер етпейді
С) 25◦ - 30◦
D) 40◦ - 45◦
Е) 35◦ - 20◦
$$$ 10
Инженерлік зерттеу жұмыстарын орындаудың қазіргі тəсілдерін
айтыңыз.
А) Жердің жасанды серіктерін пайдалану, жердің бетінің бедерін
арифметикалық сан түрінде беру, жобаны жасауды автоматтандыру,
есептеу жəне сызу жұмыстарына компьютерді пайдалану
В) Ешқандай жаңа тəсілдер жоқ
С) Есептеу жұмыстарында таблицаны қолдану
D) Арифмометрдің көмегімен сызу
Е) Координаталарды көшіріп жазу
$$$ 11
Салынатын құрылыстың жоспары масштабы қандай картаға сы-
зылады?
А) Масштабы 1: 10000, 1: 25000.
В) Масштабтың ешнəрсеге əсері жоқ, қолда бар картаға немесе планға
сызылады
С) Масштабы 1 : 50000, 1: 20000 пландарға
D) Масштабы 1 : 5, 1: 2 пландарға
Е) Сұлбасы сызылады
$$$ 12
Құрылыстың аумағына бекітілетін геодезиялық қазықтар қандай
жерге бекітіледі?
А) Ұзақ сақталатын, қолдануға ыңғайлы жерге
В) Кез келген жерге
С) Үйдің төбесіне
D) Бекітпеуге болады
Е) Техникалық тапсырмада көрсетілген жерге
$$$ 13
Жаңадан бекітілген геодезиялық қазықтардың координаталары қандай
жүйеде есептеледі?
А) Сол аумақта бұрын орындалған геодезиялық жұмыстардың жүйе-
сінде, мемлекеттік жүйеде
В) Қалалық координаталар жүйесінде
С) Жеке координаталар жүйесінде
D) Келісілген координаталар жүйесінде
Е) Шартты координаталар жүйесінде
$$$ 14
Масштабы 1:5000 чч 1:500 топографиялық планды сызу үшін бекі-
тілетін геодезиялық қазықтар торын құруға қандай талап қойылады?
А) Жаңадан бекітілетін геодезиялық қазықтар өзінен бір класс жоғары
геодезиялық қазықтарға негізделуі керек
В) Ешқандай талап қойылмайды
С) Жеке жүйеде құруға болады
D) Əрбір шаршы шақырымға бір қазық бекітілсе болaды
Е) Бұрыштарды 20” дəлдікпен өлшеуге болады
$$$ 15
Екінші класты қазықтар тізбегінің бұрыштарын қандай ортақ ква-
дратты қатемен өлшеуге болады?
А) 1” дəлдікпен
В) 2” дəлдікпен
С) Өлшеу дəлдігі жұмыс сапасына əсер етпейді
D) 1’5” дəлдікпен
Е) Ұзындықты дəл өлшеу жеткілікті.
$$$ 16
Қандай жағдайда 4 класты триангуляция қазықтарын 4 класты қа-
зықтар тізбегімен ауыстыруға болады?
А) Экономикалық тиімді жағдайда
В) Кез келген жағдайда
С) Бұрыштарды өлшеу мүмкін болмаса
D) Ұзындық өлшенбесе
Е) Ауа райы нашар болса
$$$ 17
Үшбұрыштардың бұрыштарының ортақ квадратты қатесін mбұр, қан-
дай формуламен есептейді?

$$$ 18
Қатынас қате қалай жазылады?
А) 1 / 15000
В) 1х15000
С) 1- 15000
D) 1+ 15000
Е) 5 – 8 шақырым аралығында
$$$ 19
Қала ішінде құрылатын, бірінші дəрежелі геодезиялық қазықтар
тізбегі қанша шақырымнан ұзын болмауы керек?
А) 5 шақырымнан
В) 3 шақырымнан
С) шексіз
D) 10 шақырымнан
Е) Жұмыс орындаушының еркінде
$$$ 20
Геодезиялық қазықтар жердің астына неше метр тереңдікте бекітілуі,
жəне жердің бетіне неше метр шығып тұруы керек?
А) Жердің қатып қалатын қыртысынан жарты метр төмен, жердің
бетімен бірдей
В) Жалпы ұзындығы 1,5 метр болса болды
С) Жалпы ұзындығы 2,0 метр болса болды
D) Жалпы ұзындығы 2,2 метр жердің бетіне 0,2 метр шығып тұруы
керек
Е) Жұмыс орындаушының еркінде
$$$ 21
Геодезиялық белгілерді жобалау қандай құжатқа негізделеді?
А) Техникалық тапсырмаға, нұсқауларға
В) Бастықтың бұйрығына
С) Құрылыс ережелері мен мəндеріне
D) Қауіпсіздік ережелеріне
Е) Ауа райының тұрақтылығына
$$$ 22
Геодезиялық белгілердің бекітілу керек дəлдігін қандай формуламен
есептейді?

$$$ 23
Геодезиялық қазықтардың торын жобалау үшін қандай мəліметтер
жинайды?
А) Сол аумақта орындалған геодезиялық жұмыстар, бекітілген
геодезиялық белгілер жайлы мəліметтер
В) Сол аумақта салынған құрылыстар жайлы мəліметтер
С) Сол аумақтың ауа райы жайлы мəліметтер
D) Аумақтың көлемі жайлы мəліметтер
Е) Аумақтағы мекемелер жайлы мəліметтер
$$$ 24
Геодезиялық қазықтардың торын құрудың жобасының құрамы, көлемі
қандай болады?
А) Техникалық тапсырмаға, нұсқауға сəйкес
В) Нұсқауға сəйкес
С) Бұйрыққа сəйкес
D) Құрылыс ережелері мен мəндеріне сəйкес
Е) Жобашының еркінде
$$$ 25
Жобаланған геодезиялық жұмыстар қандай ретпен орындалады?
А) Жобада көрсетілген ретпен
В) Құрылыс салынатын ретпен
С) Ауа райының ретімен
D) Бастықтың бұйрығымен
Е) Нұсқауда көрсетілген ретпен
$$$ 26
Геодезиялық қазықтардың торының жобасына қандай құжаттарды
тігеді?
А) Нұсқауда, техникалық тапсырмада, құрылыс мəндері мен ере-
желерінде көрсетілген құжаттарды
В) Бастық айтқан құжаттарды
С) Жобашының айтқан құжаттарын
D) Барлық есептер мен журналдарды
Е) Тордың сұлбасын
$$$ 27
Геодезиялық жұмыстарды орындауға техникалық тапсырманы кім
дайындайды?
А) Құрылыс салатын, құрылысты қолданатын мекеме
В) Аумақтың əкімі
С) Облыстың əкімі
D) Жоба жасайтын мекеме
Е) Құрылыста жұмыс істейтін жұмысшылар
$$$ 28
Орындалған геодезиялық жұмыстың есебін кімге тапсырады?
А) Тапсырма берген мекемеге рұқсат берген мекемеге
В) Құрылыс салатын мекемеге
С) Аумақтың əкіміне
D) Облыстың əкіміне
Е) Геодезиялық инспекцияға
$$$ 29
Орындалған геодезиялық жұмыстың есебінің құрамын айтыңыз.
А) Техникалық тапсырмада, нұсқауда, құрылыс ережелері мен мəнде-
рінде көрсетілгендей
В) Құрылыс салатын мекеменің талабына сəйкес
С) Аумақтың əкімінің талабына сəйкес
D) Облыстың əкімінің талабына сəйкес
Е) Геодезиялық инспекцияның талабына сəйкес
$$$ 30
Иженерлік геодезия жұмыстарын орындау үшін құрылатын геоде-
зиялық тордың міндетін айтыңыз.
А) Жер бетінің топографиялық планын, салынатын құрылыстың гео-
дезиялық сапасын қамтамасыз ету
В) Жердің топографиялық планын сызу
С) Жер бетінің биіктік мəнін есептеу
D) Əкімнің тапсырмасын орындау
Е) Геодезиялық инспекцияның тапсырмасын орындау
$$$ 31
Инженерлік геодезия қазықтарының торын қандай құжатқа сəйкес
құрады?
А) Жобаға сəйкес құрады
В) Бұрынғы орындалған геодезиялық жұмысқа сəйкес құрады
С) Техникалық тапсырмаға сəйкес құрады
D) Нұсқауға сəйкес құрады
Е) Жұмыс орындаушының еркі біледі
$$$ 32
Инженерлік геодезия торының ерекшеліктерін айтыңыз.
А) Тордың мөлшері шектеулі, жұмыс орындау жағдайы өте күрделі,
пішімдері құрылыс түрлерімен сəйкес
В) Тор жеке шартты жүйеде құрылады
С) Тордың пішімдері нұсқауда көрсетілгендей
D) Тордың тізбегі өте ұзын
Е) Белгілер кез келген жерге бекітіледі
$$$ 33
Геодезиялық қазықтардың торын құрудың тəсілдері қалай таң-
да лады?
А) Құрылыс салынатын аумақтың бедерін, тордың керек дəлдігін,
құрылыстың аумағын ескеріп
В) Тордың атқаратын міндетін ескеріп
С) Тордың пішінін ескеріп
D) Нұсқауды ескеріп
Е) Техникалық тапсырманы ескеріп
$$$ 34
Геодезиялық қазықтардың торын құрудың «аралас тəсілдері» деген
қандай тəсіл?
А) Бірнеше тəсілдің қатар қолданылуы
В) Тəсілдердің құрылыспен қатар қолданылуы
С) Тəсілдердің нұсқаумен сəйкес қолданылуы
D) Тəсілдердің техникалық тапсырмаға сəйкес қолданылуы
Е) Тəсілдердің бұйрықпен қатар қолданылуы
$$$ 35
Геодезиялық биіктік қазықтарының торын қалай құрады?
А) Геометриялық нивелирлеу əдісімен
В) Тригонометриялық нивелирлеу əдісімен
С) Барометрлік нивелирлеу əдісімен
D) Гидростатикалық нивелирлеу əдісімен
Е) Аралас əдіспен
$$$ 36
Геодезия қазықтарының триангуляция торының, геодезия қазық-
тарының басқа торларынан айырмашылығы неде?
А) Қазықтар торының пішімінде жəне құрылу əдісінде
В) Тордың қабырғаларының ұзындығында
С) Тордың нұсқауға сəйкес құрылатындығында
D) Тордың құрылу дəлдігінде
Е) Тордың қарапайымдылығында
$$$ 37
Үшінші класты триангуляция торының қабырғаларының ұзындығы
қанша километр аралығында өзгереді?
А) 5 – 8 километр аралығында
В) 8 –10 километр аралығында
С) Ұзындықтары шектелмейді
D) Ұзындықтары нұсқауда көрсетіледі
Е) Ұзындықтары техникалық тапсырмада көрсетіледі
$$$ 38
Триангуляция торының қазықтарын қандай геодезиялық жұмысты
орындау үшін пайдаланады?
А) Жобалық сызықтарды жердің бетіне жəне жердің топографиялық
планын сызу үшін
В) Техникалық тапсырманы ұмытпау үшін
С) Нұсқауды орындау үшін
D) Бұйрықты орындау үшін
Е) Құрылыстарды бояу үшін
$$$ 39
Тоннель құрылысына арналған геодезиялық жұмыста бірінші дəре-
желі тордың бұрышын қандай ортақ квадратты қатемен өлшеуге болады?
А) 0,7”;
В) 0,7’;
С) шектелмейді
D) 0,9”;
Е) 1’;
$$$ 40
Арнаулы құрылған триангуляция торының мемлекеттік тордан
айырмашылығы неде?
А) Қабырғаларының қысқалығында
В) Айырмашылығы жоқ
С) Бұрыштарында
D) Координаталарын 10 – 15 мм-ге дейінгі дəлдікпен есептейді
Е) Қабырғаларының ұзындықтары 1/7000 қатынасты қатемен өл-
шенеді
$$$ 41
Сұлбада геодезиялық қазықтардың торын құрудың қандай əдісі көр-
сетілген?
А) Үш қабырғасы өлшенген үшбұрыштар тізбегі
В) Қабырғалары өлшенген үшбұрыштар
С) Қабырғалары тең үшбұрыштар
D) Екі қабырғасы өлшенген үшбұрыштар қатары
Е) Бұрыштары тең үшбұрыштар
$$$ 42
Геодезиялық тордың үшбұрыштарына қандай талап қойылады?
А) Қабырғалары тең бұрыштары 20◦ кіші болмауы керек
В) Ешқандай талап қойылмайды
С) Пішімі жерге бейімделуі керек
D) Өлшенген бұрыштарды қарапайым əдіспен теңестіру керек.
Е) Нұсқауларды ескермеуге болады.
$$$ 43
Геодезиялық қазықтардың торын трилатерация əдісімен құруды
айтыңыз.
А) Барлық қабырғалары өлшенген үш, төртбұрышты торлар, аралас
пішімдер
В) Екі қабырғасы өлшенген төртбұрыштар
С) Екі қабырғасы өлшенген үшбұрыштар
D) Бір қабырғасы, үш бұрышы өлшенген үшбұрыштар
Е) Қабырғалары, бұрыштары өлшенген геометриялық пішімдер
$$$ 44
4-класты трилатерация торының қабырғасын қандай қатынасты
қатемен өлшеуге болады?
А) 1/ 50000
В) 1/20000
С) 1/10000
D) Шек қойылмаған
Е) 1/40000
$$$ 45
Барлық қабырғалары өлшенген үшбұрыштың бұрыштарын есептеуде
қолданылатын формуладағы Р қандай формуламен есептеледі?

$$$ 46
Трилатерация торының қабырғалары қандай дəлдікпен өлшенеді?
А) Миллиметрдің жүзден бір бөлігіне дейінгі дəлдікпен
В) Миллиметрдің оннан бір бөлігіне дейінгі дəлдікпен
С) 10 миллиметрге дейінгі дəлдікпен
D) 1/1000 қатынасты қатемен
Е) Шек қойылмайды
$$$ 47
Бұрыштары жəне қабырғалары өлшенген қазықтар торының қабыр-
ғаларының ұзындығын қалай тексереді?
А) Өлшеп жəне есептеп салыстырады
В) Бұрыштарды өлшеп салыстырады
С) Қарама-қарсы бұрыштарды өлшеп салыстырады
D) Тексермесе де болады
Е) Нұсқаумен салыстырып тексереді
$$$ 48
Диогональсыз төртбұрыштар торын қандай сеткаларды құру үшін
қолданады?
А) Құрылыс сеткаларын
В) Координаталық сеткаларды
С) Өткелдер сеткаларын
D) Тордың сеткаларын
Е) Аумақтың сеткаларын
$$$ 49
Геодезиялық құрылыс сеткаларының ерекшелігін айтыңыз.
А) Аудандары бірдей тік төртбұрыштар немесе квадраттар
В) Пішімі трапецияға ұқсаған төртбұрыштар
С) Аудандары əртүрлі тік төртбұрыштар
D) Пішімдері əртүрлі сетка
Е) Аумақты толық қамтыған геодезиялық қазықтар торы
$$$ 50
Құрылыс сеткаларының қабырғалары қалай белгіленеді?
А) А3, В5
В) С3, Д4
С) К6, Ж8
D) Е7, Б9
Е) И3, Е6
$$$ 51
Құрылыс сеткаларының ішінде орналасқан нүктелердің координата-
лары қалай көрсетіледі?
А) А20+25,65 м; В8+30,5 м
В) А20+25,65 м; С6+28,35 м
С) К20+ 12,6 м; В6 + 25,6 м
D) Л30 +13,26 м; В8+18,26 м
Е) И8+ 18,26 м ; В5 + 12,28 м
$$$ 52
Құрылыс сеткаларының бұрыштары жердің бетіне қандай дəлдікпен
бекітіледі?
А) 90◦ ± 40”
В) 91◦ ± 5”
С) 89◦ ± 3”
D) 75◦ ± 25”
Е) 69◦ ± 30”
$$$ 53
Құрылыс сеткаларының қабырғаларының ұзындығы қандай дəлдік-
пен өлшенуі керек?
А) 20 миллиметр дəлдікпен
301
В) 25 миллиметр дəлдікпен
С) 1/1000 қатынасты қатемен
D) Ешқандай талап қойылмайды
Е) 1/1500 қатынасты қатемен
$$$ 54
Құрылыс сеткаларының қазықтарының биіктік мəндері қандай
дəлдікпен есептеледі?
А) Үшінші-төртінші класты нивелирлеу жұмыстарына қойылатын
дəлдікпен
В) Ешқандай талап қойылмайды
С) Бірінші класты нивелирлеу жұмысына қойылатын дəлдікпен
D) 100   мм; дəлдікпен
Е) 70  мм; дəлдікпен
$$$ 55
Геодезиялық қазықтар тізбегін құру үшінA орындалатын өлшеу
жұмыстарын айтыңыз.
А) Бұрыш, ұзындық, биіктік мəндері өлшенеді
В) Бұрыш жəне биіктік мəндері өлшенеді
С) Ұзындығы өлшенеді
D) Бұрышы өлшенеді
Е) Мəндерді нұсқаудан алады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет