Институциялар-азаматтық құқық туралы қысқаша оқулықтары (Гай институциясы)
Комментарийлер-қандай да бір заңдарға немесе эдиктілерге түсінік беру;
Шешімдерді жинақтау-сот тәжірибесіндегі белгілі бір оқиғаларға байланысты заңгерлер жауаптары;
Сентенциялар және пікірлер-заңгерлік тәжірибеде басшылық жасауға арналған шығармалар (Павел);
Казустар жинағы (“Цельз және Помпоний” сұрақтары, “Папиниан” жауаптары);
Арнайы сұрақтар бойынша монографиялар
Кодификация және Юстиниан дәуіріндегі жаңа заңдар
Codex lustinianus. Юстиниан комиссия құрды. Ол комиссия кең құзыреттерге ие болды: конституциялар мәтінін қысқартуға және өзгертуге, нысаны мен мазмұны бойынша ескі конституцияларды алып тастау, жаңа конституцияларды жасау.
Дигестілер
Юстиниан конституциялармен жұмысын аяқтаған соң кодификацияларға көшті.
Оның себептері:
1) классикалық заңгерлердің шығармаларындағы материалдарды игеру мүмкін болмады;
2) танымал емес авторлардың шығармалары қиындықпен алынды;
3) кейбір институттар немесе жекелеген ережелер ескірді, сондықтан да қолданылмайтын болды;
4) классикалық заңгерлердің шығармаларында шешілмеген көптеген даулы сұрақтар кездесті.
Осы себептерден комиссияға 50 кітаптан тұратын жинақ шығару тапсырылды, ол «Дигеста» немесе «пандекта» деп аталды.
Институциялар
Бұл оқу құралы Дигестан бұрын жарияланды, және дәстүрлі Institutiones деп аталды. Ол заңдық күшке ие болды.
Оқулық 4 кітапқа, кітаптар титулға бөлінді.
Новелла
Жаңадан шығарылған конституциялар новеллалар деп аталды. Оның басым бөлігі грек тілінде, ал қалған бөлігі латын тілінде жазылды. Бізге жеткені Юлиан новелласы. Екінші жинақ аутентика деп аталды.