Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у



бет39/47
Дата22.12.2021
өлшемі5,7 Mb.
#305
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Тоғызыншы эссе
Ғабит айтқан әңгімелер

Сейілге қалайсың?”


Адамдар түрлі жолдармен жақындасады. Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Жазушылар Одағы кезінде үйлерін кеңейткен үлкендердің пәтеріне жастарды кіргізіп жүрді. Сондай бір ретпен жетпісінші жылдардың басында Мұқан Төлебаев көшесіне мен де қоныс тептім. Қаланың дәл жүрегі, іргесінде парк, ырғап-жырғап, қол-аяғымызды көсілттік. Бір күні Ғабит Мүсіреповпен жолығып қалып, сәлем бердім. Салқын ғана алғандай болды. Екі рет, үш рет, төрт рет кездестім. Сол қалып. Тағы кездестім. Осы жолы ғана тоқта дегендей ишара жасады.

–Сен осы қайда істейсің? Академиктердің бірінен емессің бе? – деді.

–Аузыңызға май, Ғабе, академик болуға жазсын.

–Очень скромно, молодой человек, очень скромно. Где вы работаете?

–Университетте. қазір докторантурада жүрмін.

–Е, е қолың бос болған соң көшеде жүреді екенсің ғой.

–Қолбостықтан емес, Ғабе. Осы көшеде тұрғандықтан, дүкенге баратын, кітапханаға баратын, аялдамаға баратын жолдың бәрі осы жерден өтеді, – дедім.

–Солай де, молодой человек. Одақтағы соңғы бөлістерде бірдеңе тиген ғой, шамасы.

Қысқасы, он бір-бір екі жылдай бір көшенің бойында тұрып, әуелі кездейсоқ жолығып қалып, бірер ауыз тіл қатысып, кейінірек ұзақ-ұзақ сейілде жүріп, әз ағаның аузынан сан алуан әңгіме естідік. Олардың кейбірі кезінде қағзаға түсті, кейбірі жадымызда қалды. Кейде телефон шалып:

–Молодой человек, сейілге қалайсың? – деген аға дауысы әлі құлақта тұр…





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет