Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у



бет41/47
Дата22.12.2021
өлшемі5,7 Mb.
#305
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Оныншы эссе
Қалың қарлы, қатты қыстан кейінгі елжіреген кең-қолтық, жаймашуақ көктемнің буымен жан бітіп, жадырап, сай-сала, тау-тастан лақ-қозыша маңырай шулап, жөңкіле шапқылаған жазғытұрымғы мың-сан бұлақтар іспетті болып, алпысыншы жылдардың басында Қазақстанның ауыл-ауылынан небір өндірдей талапты жас Алматыға ағылған. Бәрінің де қойын дәптерінде - өлең. Әдеби кештер дуылдап өтіп жатады. Көзқауырсын, балауса жырлар, талқыға түседі. Университеттегі әдеби бірлестікте Мұхтар Әуезов өзінің кейінгі ұрпақпен сырласқан, рухани, азаматтық өсиетін қалдырған әйгілі сөзін сөйлейді.

Қазақ тіліндегі ақындық өнерге байланысты жыршы, термеші, жырау, өлеңші, ақын, шайыр сөздерінің мағыналық жігі, мазмұн деңгейі әр түрлі ғой. Соның ішінде өлеңші мен ақынды кезінде Шоқан Уәлиханов даралап, бөліп қараған. Асылында, бозбала, жігіт шағында әр нәрсе жайлы жастық ойларын ұйқастыра қағазға түсірмегендер аз шығар, ес кіре ол машық қалып қояды, Ата сақалы аузына бітіп, тіпті демалысқа шығып, зейнеткер болғаннан кейін жөн-жосықсыз, қағаз шимайлайтын пәруайсыздарға не жорық десеңізші. Ол ол ма, ет пен тері арасындағы болымсыз желік таусылып, жылт еткен ұшқынды сөндіріп алса да, можан-топай, дүмбілез, суық, кеудесінде жан, тамырында қан жоқ өлі кітапшалар өлең, поэзия қадірін кетіріп бітті ғой. Сондықтан да шығар, талант жүрегінен толқып туған шынайы жырлармен ұшырасқанда, таза бұлақтан су ішкендей, алай-түлей ақ боранды көргендей боласың. Ат-көпір сөз сапырған көп өлеңші ішінен ақын тапқанына да қуанасың.

Дырдуы мол, шулы әдеби ортадан қалыс болған, шет жайлап, қашық жүрген, облыс орталықтарында оқыған жастардың ішінен шығып, кейін белгілі ақын-жазушы деңгейіне көтерілген жастар некен саяқ. Атырау пединститутын бітіріп, одан кейін мұғалім, журналист ретінде танылған, Алматыға жетпісінші жылдардың басында келген Фаризаның негізгі әдеби мектебі, ортасы өз бетімен оқу, өз бетімен іздену, талмай талаптану болды.
Бес қаруым бойдағы – батыл жырым,

Батылдықпен аралас жатыр мұңым,

Биліктегі жұғысар ебім де жоқ

Немесе алыс-беріс жақындығым, -
деп басталатын сыр, наз келе-келе поэзияның әлеуметтік-эстетикалық, қоғамдық-көркемдік мұраттарын ашып көрсететін жырлар шоғырына арқау болады.

Зула, менің жыр-күймем, шабыт шегіп!

Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп,

Жүректердің құрсауын ағыт келіп,

Зорлықтардың зардабын шеккендерге

Әділеттен сыбаға алып беріп, -
деген жігерлі жолдармен ақынның ішкі сыры, арман мұраты, қаламгерлік девизі секілді мына тармақтар сарындас, әуездес жатыр:
Мезгіл – бұршақ жаныңа салып таңба,

Қайратыңнан қайысып, налып қалма,

Інілер бар дем берер жабыққанда

Сені іздейтін аға бар тарыққанда

Бір ақиқат – бәрі бір жоғалмайсың

Жоғалмайтын жоқтаушы халық барда.
Азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік көркем тұжырым жалаң публицистикалық шалқу, дидактикалық толғаумен әсте терең ашылмақ емес, қайткен күнде де поэтикалық бейне, тұлғалы образ, сөз суретінің құдіреті бірінші қатарда, дәлірек айтқанда, ақындық сезім, қаламгерлік идея өзара ажырамас диалектикалық тұтастықтағы шабыттан туса керек.
Мен даланың қызы едім

Жазығында жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дала,

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді

Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, -
деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі бейнелі сурет жатыр.

Сол лирикалық кейіпкер өмір көріп, тірлік талқысына түседі, күреседі, алысады, бірде жеңеді, бірде жеңіледі, тіпті кейде түңіліп:


Жалған достар ертең жоқ, бүгін бірге,

Көрмегендей сырт берер – сүріндің бе,

Ісі бітсе, ісі жоқ сеніменен –

Өлдің бе, тірілдің бе? –
деген ащы сыр айтады. Сәкен Сейфуллиннің “Сыр сандық” өлеңіндегі тарыға жүгірген тауықтар еске түседі.

Кейіпкер тағы да ширығады. Оның басында мұң да, қайғы да бар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет