Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у


(А.Османов аудармасы. У.Шекспир



бет25/47
Дата22.12.2021
өлшемі5,7 Mb.
#305
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
(А.Османов аудармасы. У.Шекспир,

Отелло. Фрунзе, 1949, 113-114-беттер).
Қ а з а қ ш а:

О т е л л о:



Ақ қағаз, кітап не керек?

Жазылар сөз “сайқал” болса “күнәм не?”

Ұятсыз, “Күнәм не?” дейсің

Ісіңді сенің атасам,

Бетім оттай жалындап,

Ұятым күлдей сөнер ед

Күнәм не?” Күнәңнан аспан қысылып,



Ай да көзін жұмады

Арсыз жел де жолындағы барды сүйген

Естуден де ұялып

Тығылыпты тереңге

Күнәң сенің немене! О, бұзық!

(415-бет).


Отеллоның қырғыз тіліндегі монолгы 11 буынды, ааба түрінде келетін өлең үлгісімен жасалған. Қазақ тіліндегі монологтың тармақтарындағы буын сандары әр түрлі дыбыс үндестігі, “күнә” сөзінің қайталануы, ішкі ұйқас арқылы ырғақ жасалған.

Мұхтар Әуезовтің аудармашылық палитрасындағы бояулар өте бай. Қазақ тілінің лексикасындағы сан алуан сөздерді автор құлпыртып, жаңғыртып пайдаланады. Дож, синьор, суфлер, лейтенант, генерал, герцог секілді сөздерді аудармашы өз қалпында алған. Труба – керней, флейта – сырнай, свита – нөкер, латук – тікен, колбаса – бүйен, ядро – топ, ночноя рубашка – еткөйлек, носилка – көтергіш, хризолит – лағыл тас делініп дәл баламалары берілген. Рогач – алданған ер, мнительный – сезікшіл, чудной – ерепейсіз, благородный – асылзада, льстивый раб – жорға құл, дикая драка – қырықпышақ, убитый гневом – ашуынан қайғы шеккен, клянусь христовой верой – иманыммен ант етемін, катехизис – мөңкір-нәңкір, хаос – дозақ, клянусь я светом – жарық күнім суалсын, монохиня – сопы қатын болып сәтімен аударылған.

Ырғақ, әуезділік үшін әр түрлі көркемдік құралдар қолданылған.
Қараңғыда қастығын!

Қайда қанқор ұрылар?

Қала қандай жым-жырт ед

Қан төгіс, ей, қан төгіс!

(426-бет).


Қа-қа-қа-қа. Халықтық поэзияда жиі кездесетін ырғақ жасаудың аллитерация тәсілі.
Қай сарайға кезінде

Кезептік барып кірмейді,

Қандай таза жүректе

Қосарда күдік жүрмейді.

(383-бет).


7-8 буынды шалыс ұйқаспен келетін өлең.

Қуарғанның қырық мың жаны болса етті!

Бір-ақ жанға кегім қайтып қанады.

Көзім жетті. Бәрі де рас. Қара, міне,

Махаббатты желге шашып жіберем

Кетті әнеки. Қап-қара кек, шық дозақтың түбінен –

Махаббат, тәж бен тақты бер

Аяу білмес ашуға!

Оқ жыландар қадалған

Көтерілсін бұл кеудем,

(394-бет).


Қа-қа, ке-ке түріндегі аллитерация, “етті-жетті – кетті – махаббатты - тақты” деген ұйқастар Отеллоның ашулы монологына ырғақ бітіріп, жан кіргізіп тұр. М.Әуезов Анна Радлова нұсқасына еліктеп, сөзбе-сөз дәлдікті қуып кеткен кезде көркемдік әлсірейді.

Орысша:


Яго: Будь уверен во мне, Гони деньги. Я часто говорил тебе и говорю снова и снова, что ненавижу мавра: у меня кровная на то причина, и у тебя прицина – не менее основательная. Давай, соединимся, чтобы отомстить: если ты наставишь ему рога, ты себе доставишь наслаждение, а мне забаву. В утробе времени много тайн, которые станут явными. Марш, шевелись, иди, добывай деньги. Завтрашний день нам принесет больше, чем нынешный. Прощай. (Стр. 206-207).

Қ а з а қ ш а:

Яго: Маған шәк қылма. Ақшаңды төк. Мен көп айттым ғой саған, тағы, тағы айтайын – маврға өшпін. Өшігетін жөнім бар, сенің де себебің олқы емес, кел екеуміз бірігелік те, кек алалық. Сен дегеніңе жетсең, өзіңнің құмарың қанады да, менің айызым қанады. Уақыттың құрсағында көп сыр жатыр, жарыққа шығар. Марш, қозғал, бас аяқты. Ақша тап. Ертеңгі күн бүгіннен гөрі көп берейін деп тұр. Қош бол. (352-бет).

“Кровная причина”, “наставишь рога” деген тіркестер солғын аударылған. Сөйлемдегі сөздердің орны да орысша текстің ізімен берілген. Мұндай олқылық әр жерде кездесіп отырады. Дездемонаны өлтіретін сәтте Отелло аузынан айтылатын “молиться” деген үш рет келетін сөзді Әуезов екі рет “намаз оқу”, бір рет “дұға қылу” деп аударады... Намаз оқу – мұсылман дінінің ритуалы. Сондықтан осы орайда үш ретте де “дұға қылуды” қолданған дұрыс еді. Аудармашының кейде мифологиялық ұғымдарға байланысты сөздерді, географиялық атауларды тастап кеткен кемшіліктерін А.Сұлтанов дұрыс көрсеткен.

М.Ритман “Отеллоның” қазақ театрында қойылуына бірнеше мақала арнады.

“Отеллоның” соңғы қазақша басылымында (1969) бірталай сөздерде қате кетіп, көп мағына бұрмаланған.

(Қараңыз: Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. А., 1974, 137-141-беттер).

Қазақ әдебиетіндегі соңғы жылдардағы жақсы құбылыстың бірі - әлем өнеріндегі үздік туындылардың, классиканың жүйелі аударылуы. Абай өнерпаздығында зор дәстүрі жасалған бұл тәжірибенің қазір мемлекеттік, жоспарлы шаруаға айналуы қуантады.

Әр ғасырда, әр жұртта жасалған асыл дүниелердің ана тілімізде сөйлеуі байлығымызға байлық қосады, әсіресе жас буын, кейінгі ұрпақты жан-жақты эстетикалық тәрбиелеуге мүмкіндік береді, профессионалдық тұрғыдан алғанда, қазақ әдебиетінің интернационалдық дәстүрлерінің баюына ықпал жасайды.

Аударма өнерінде әр түрлі тәжірибе қолданылып жүр. Бір автордың шығармасын бірнеше адам аударады. Бір автордың шығармасын бір-ақ адам аударады. Түпнұсқадан аударылады. Аудармадан аударылады. Бір шығарманы бірнеше адам аударады. Қазіргі қазақ аударма өнерінде осы үлгілердің бәрі де бар. Ақындар М.Мақатаев, М.Құрманов, ұлы поэтикалық шығармалар “Фауст”, “Құдіретті” комедияны қазақша сөйлетті.

Сағдидың “Бұстанын” ақын Мұзафар Әлімбаев орыс тілінен аударған. Шығарма парсы – орыс тілдері арқылы бізге жетіп отыр.

Ақындығы қалың жұртқа мәлім, ғалым-әдебиетші, сыншы, аударманың белгілі шеберінің әлем әдебиетіндегі ұлы шығарманың бірін қазақ тіліне аударып шығуы – құптарлық, қолдарлық, қуанарлық еңбек.

М.Әлімбаев “Художественная литература” баспасы 1962 жылы шығарған, В.Державин мен А.Старостин жасаған орысша нұсқаны аударып шығыпты.

Оқи бастайық. “Глава первая. О справедливости, мудрости, рассудительности”.

Қазақша: “Бірінші бап. Әділдік, даналық, парасаттылық”, “Главаны” әдеттегідей “тарау” демей, “бап” деп алу шығарманың шығыстық сипатын айқындай түскен. Парсыша түпнұсқада қалай екенін білмейміз. Ал орысша нұсқада “әділдік, даналық және естілік хақында” деп тұр ғой. Біздің ойымызша, барлық тараулардың (“баптардың”) атындағы “хақында” деген сөзді тастап кетуге болмайды. Бір сөзді алып тастаудың өзі шығарма стиліне әсер етеді. Ойланып көріңіз: “Әділдік-даналық, парасаттылық” деген, “әділдік, даналық және естілік хақында” деген ұғымдар бір емес. Алғашқысында жалпылық мән болса, екіншісінде нақты, даралық ұғым бар.

Орысша-қазақша мәтіндерді салыстырып, аударма сапасына назар салып көрейік.


О р ы с ш а с ы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет