Рк биохимия-2 1 Гармондарға жалпы түсінік?


Кальций фосфаттар алмасуын реттейтін гормондар



бет9/24
Дата09.05.2023
өлшемі4,65 Mb.
#176263
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Биохимия 2 Рк (1)

20 Кальций фосфаттар алмасуын реттейтін гормондар
Кальций мен фосфор алмасуының реттелуі Кальций концентрациясын сақтауда қолдау көрсететін механизмдерге үш гормон: паратгормон, кальцитриол, кальцитонин қатысады, олардың әсер ететін органдары, яғни нысана клеткалары – сүйек, бүйрек және ішек тіндері клеткалары. Паратгормон (ПТГ) – қандағы Са+ -ің концентрациясы төмендеген кезде, қалқанша маңы безінде синтезделеді. ПТГ нысана тіндер клеткалары мембраналарының беткі жағында орналасқан рецепторлармен байланысып, аденилатциклаза ферментін активтейді, активтенген фермент цАМФ және С фосфолипазаның концентрациясын жоғарылатады, нәтижесінде клеткаішілік деподан кальций мобилизацияланады. ПТГ сүйек тініндегі остеокластарды стимульдеу арқылы сүйектің деструкциясын күшейтеді, осының салдарынан кальций мен фосфор және органикалық матрикс босап шығады. Осылайша, кальцийдің сүйек тінінен шығарылуы артады. ПТГ бүйректе иондардың реабсорбциясын стимульдейді және Д дәруменінің Д3 алмасатын активті формасына айналуын күшейтеді. Қалыпты жағдайда, шумақтық фильтрат құрамындағы Са+ - ның 90 % реабсорбцияға ұшырайды. ПТГ бұл көрсеткішті 98 %-ға дейін арттыра алады. [34]. ПТГ фосфордың реабсорбциясын және натрий, калий және бикарбонаттардың тасымалдануын тежейді. ПТГ ішектің кілегей қабатына тікелей әсер етпейді, бірақ бүйректе Д-дәруменінің алмасатын активті формасына айналуына септігін тигізеді, өз кезегінде активті Д дәрумені кальцийдің ішекте сіңірілуін жүзеге асыратын, кальций тасымалдаушы белоктың синтезделуін стимульдейді, нәтижесінде кальций тасымалдаушы белок кальцийдің сіңірілуін қамтамасыз етеді. Кальцитриол – Д дәруменінің алмасатын активті формасы7- дигидрохолестеролдан теріде түзіледі немесе тағаммен түседі. Бауырда гидроксилазаның қатысуымен Д дәрумені гидроксильденіп, 25-гидроксихолекальциферолға айналады, сонан 362 соң бүйректе 1-ші көміртегі атомына гидроксил тобын жалғау арқылы, 1,25 дигидроксихолекальциферол немесе кальцитриолға айналады. Кальцитриолдың негізгі қызметі, кальций мен фосфордың ішекте сіңірілуін стимульдеу болып табылады. Кальцитриол- ішек клеткасы мембранасында болады. Ол градиент концентрациясына қарсы, кальцийдің тасымалдануына қолайлы жағдай жасайды. Кальцитриол жалғыз сигналды молекула болып табылады. Кальцитриол: 1. Кальций мен фосфорды ұстап алып, мембрананың қылшық жиегі мен микротүтікшелер арқылы тасымалдау; 2. Шырышты клетка мембраналары арқылы тасымалдау; 3. Базальды мембрана арқылы клеткадан тыс сұйықтыққа экскрециялау қызметтерін атқарады. Кальцитриол – қан сары суындағы кальцийдің концентрациясын жоғарылатады. Ол – ПТГың бүйректе кальцидің реабсорбциясын күшейтуге қабілетті. Сүйекте кальцитриол остеобластардың кальциді ұстауына және сүйек тінінің кальцинациялануына ықпал етеді. Кальцитонин – 32 амин қышқылы қалдықтарынан құралған пептид. Қалқанша безінің парафолликулярлы С- клеткаларында, сирек қалқанша маңы безінде тимуста синтезделеді. [20]. Қандағы кальцидің концентрациясы едәуір жоғарылағанда, кальцитониннің секрециясы артады. ПТГ-ның антагонисті болып табылады. Нысана клеткалары: сүйек, азырақ ішек және бүйрек. Кальцитонин сүйектен фосфор мен кальцийдің босап шығуын төмендетеді және матрикстің резорбциясын тежейді. Кальцитонин цАМФ –тің концентрациясын арттырады , сонымен қатар ПТГ-ның нысана клеткаларынан басқа клеткаларға әсер етеді. Кальцитонин кальцидің реабсорбциясын төмендетеді және зәр арқылы экскрециялануын күшейтеді және қан сары суындағы кальцийдің мөлшерін төмендетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет