Құрлықтың флоралық аудандасуы


Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата03.04.2023
өлшемі2,22 Mb.
#173571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Құрлықтың флоралық аудандасуы

Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама
Австралия құрлығы флоралық аймағына – Тасмания, Жаңа 
Гвинея, Бисмарк, Кіші Зонд, Жаңа Зеландия, Меланезия, 
Микронезия, Полинезия аралдары, Гавай аралдарының 
біраз бөліктері жатады. Австралия биогеографиялық 
аймағы тек осы құрлыққа тән, сонау ерте ғасырдан 
сақталып келе жатқан өсімдіктер түрлері көп. 
Эндем туыстары 570 , оның ішінде протеин, хакея, 
вертикордия, коноспермум, изопогон, бұршақ, рута, мирта, 
гудения туыстары. Протеин тұқымдасының 700 көптеген 
түрлері осы жерде өседі, доминанттар- гравиллея, 
банксия. Австралияның өсімдігі органикалық дүниесі 
ортаңғы бор дәуірінен бері дамып келеді. өсімдік 
түрлерінің 75 % эндемиктер. Құрлықтың солтүстік 
шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік шығысында 
тропикке таяу құрғақ эвкалипт орманына, селдір орманға, 
саваннаға айналады. Шөлейттерінде тікенді, бұталы 
тоғайлар, шөлдерінде злак тұқымдастар өседі. Кесуге 
жарамды ағаш ормандар құрлық көлемінің 2 % ғана 
құрайды. Олар көбінесе қатты шірімейтін сүрегі бағалы 
шай, шайыр алынатын эвкалипттерден тұрады. 
Австарлияның ботаникалық облысынан Австралия 
материгі және Тасмания аралы кіреді. Австралияда 10000 
тек жоғары сатыдағы өсімдік, оның 314 эндем. Эндемді 
өсімдіктердің бұл материкте көп болып кездесуі де 
Австралия материгінің ертеде жеке бөлініп кетуі 
салдарынан деп түсіну керек. Полиморфты түрлері де көп, 
эвкалипттің -500 түрі, акацияның 486 түрі, мелялеук- 100 
түрі бар. Австралия өсімдігінің көпшілігін эвкалипт
лептоопермум, мелялеук, акация түрлерін орнитофилия – 
құстар тозаңдандырады. Папугай құстарының өзі 30 проц. 
өсімдіктерді тозаңдандырады. 


Флоралық аймақтың өсімдіктерінің ерекшелігі
 
Австралия материгінің өзіне тән ерекшелігі бар: яғни, дәл орталықтан шетке қарай материк орталығында шөл – скрэб 
– саванна, эвкалиптті орман, Австралияның солтүстік – шығыс жағалуы тропикалық орман, 2,5 территориясы 
тропикалық зонада, қалғаны субтропика, салқын территорияға жатады. 
Австралия эндем өсімдіктері түрлерінің көп болуы, керемет сәнді болып гүлдеуі ешбір басқа флоралық облысқа тең 
келмейді. Бор дәуірінен Австралия жерінің оқшауланып, географиялық бөлек болуы, басқа материктермен қосылмауы, 
өсімдіктер алмасуы болмағандықтан деп түсіну керек. Австралия эндемдері біркелкі болып бір жерде өспейді, 
материктің кез-келген жерлерінде эвкалипт, акация, казуарин банксия өсімдігі материктің оңтүстік-батыс және 
солтүстік-шығыс жерлерінде өсіп тұр. Эндемдердің материктің әр жерлерінде өсуін, таралуын, сонау ертедегі Австралия 
жеріндегі Эремей геологиялық құбылыстарымен байланысты. Эремей атты теңіз материктер ортасында мезозой 
дәуірінде Австралияны шығыс екіге бөліп тұрған. Қазіргі кезде эремей Австралияны шығыс батыс қылып екіге бөліп 
тұр. Оңтүстік-батыс Австралияда 4384 өсімдік түрі, оның 82% эндем. Онша үлкен емес мұндай аймақта эндемдердің 
шоғырлануы басқа ешбір материкте кездеспейді. Орталық Австралия даласы эремейде 2208 эндем, яғни, 65% эндемдік 
өсімдік түрлерінің көптігі және олардың басқа материкпен туыстығының байқалмауы, сол үштік дәуірден өзгеріссіз өсе 
берген. Материктің шығыс жағына қарай өсімдік түрлері азая береді: 4339, оның 29% эндем, ал оңтүстік шығысында – 
2171. 
Солтүстік тропиканың жартысында 500-1500 мм жылына жаңбыр жауады да, сиректе, селдір саваннаға ұқсас өсімдік 
бірлестігі қалыптасқан. Тасманияның кейбір жерлерінде жерлерінде мәңгіжасыл қатты жапырақты эвкалипт ормандар, 
бұталы өсімдіктер өседі.Материкте солтүстік тропика бөлімінде саваннаның ылғалды зонасында жазда сирек болса да 
жаңбыр жауады. 
Сахара, Намиб шөлдерінен айырмашылығы Австралияда өсімдіктердің галофитті формациясы сораң, алабұта, ақ тікен, 
жұп жапырақтылар, прутняк. Саваннада 300-500 мм жаңбыр жауады,эвкалипт орманымен шектесіп, алыстаған сайын 
ағаштар сиреп, бойында 30-35 аласарып, казуарин мен акацияға орын береді. 
Эвкалиптті орманда 500-700 мм жаңбыр жауады, қыс айларында көбірек жауады. Эвкалипт бағана тіріздес биік ағаш, 
көлеңкесі аз, сондықтан да кейінгі ярустарда- протеин тұқымдас өкілдері ксанторея, лилия тұқымдасынан казуарин, 
ертеден келе жатқан казуарин тұқымдасынан. Эвкалипт ағашының биіктігі 100 м жапырағы қозғалмалы, суды аз булану 
үшін күнге қырымен қарап турады да, сондықтан да көлеңкесі жерге түспейді. Сирек түрі әртүрлі: сары, сұр, қызыл, 
қоңыр. Өте тез өседі. Сондақтан да оларды батпақты жерді құрғату мақсатында егіледі. 
Склерофильді мәңгі жасыл орман Австралияның оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Австралияның бұл бұрышында 
82 проц. Эндемді өсімдіктер өседі. Шығыс пен батыста қатты жапырақты ормандар ерте ғасырдан қалған фрагменттер. 
Доминант эвкалипттің көптеген түрлері, банксия-протеин тұқымдасынан; хакея ,альбиция, каллистемон. 
Австралия шөлі материктің орталық бөлімінде Эир аралын айанла, батысында Виктория, Улкен құмда шөл, ал Гибсон 
шөлі осы Виктория мен Үлкен құмды шөл ортасында 27гр. Оңтүстік ендікте, топырақ бетін латерикті қабыршақ, 
астында каолинді балшық бар 120-200 мм суды, ылғалдылықты өзіне ұстап тұрады: злактардан спинифекс – 4 түрі, 
галофитті өсімдіктерден прутняк алабұта, сораң шөп, Шобер ақтікені, акапия, казуариндер, эвкалипт 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет