Құрмалас сөйлем синтаксисі, оның анықтамасы мен обьектісі
ж о с п а р ы
1. Cинтаксис курсының зерттеу обьектісі, мазмұны.
2. Құрмалас сөйлем сөйлемдердің құрмаласуынан жасалады.
3. Құрмалас сөйлемнің зерттеу обьектісі
Тірек түсінік: Құрмалас сөйлем туралы. Құрмаластың түрлері және олардың жасалу тәсілдері. Құрмаластың жай сөйлемдердің қатысуымен жасалуы.
Лингвистика синтаксистің негізгі обьектісін үш салаға бөледі: оның бірі-сөздер тіркесі, екіншісі-жай сөйлемнің синтаксисі, үшіншісі-құрмалас сөйлем синтаксисі. Бұл салалардың әрқайсысының өздеріне тән зерттеу обьектілері бар. Солардың ішінде құрмалас сөйлемнің негізгі обьектісі-жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз ара ұласып бір бүтінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен амал-тәсілдері.
Бұл жағынан алғанда құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлем синтаксисінен мүлдем басқаша: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып құрмалас болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сипаттары мен түрлерін тексереді. Сөйтіп, бірінің обьектісі-ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің обьектісі-ой тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі.
Қазақ тілі білімі саласындағы ең кеш қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі- құрмалас сөйлем синтаксисі. Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арнап жазылған оқулықтардан оқу программаларын кездестіруге болады.
Құрмалас-деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин практикалық тілде кездеспейді грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау-құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем-екі я одан көп жай сөйлемдерден құралатын құранды категория.
Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де ойды білдіреді, ойды жарыққа шығарады, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің өз ара түсінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бұл екі түрінің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда,жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктелсе, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі-сөз, екіншісінің мүшесі-сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері. Осы айтылып структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады.
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінен құрмалас сөйлем әрдайым көлемді болады да, жай сөйлем оған қарағанда көлемсіз болады деген қорытынды шықпаса керек. Сөйлемнің құрмалас болуы не жай болуы оның көлеміне байланысты болмайды.Айтылмақшы ойдың ерекшелігіне қарай бірде бірі көлемді болса, екіншіде екіншісі көлемді болып келе береді.
Мысалы: Қажымұқанның мейлінше күнге күйіп, желге жарыған қара қайыс жүзі, уысына зорға сиярлық дөкір, ірі саусақтары, тарамыс, әлді денесі, етсіз шықшыты жайылып, езу тартқанда ақсита қалған аққаладай тістері, көзінің айналысындағы мәз болып жиырылған жұқа қыртысты, қалттықсыз шырайы Андреевтің көз алдына қырдың еңбегі еш, тұзы сор көп еңбекшісінің бала мінезді, батыл кейпін алып келгендей болды. Біз ауылға қайтамыз дейміз, ауыл бізге келеміз дейді.
Бұл екі сөйлемнің алдыңғысы соңғыдан жеті еседей көлемді, бірақ соған қарамастан ол-жай сөйлем. Ал, кейінгі, алдыңғыдан әлдеқайда ықшамдылығына, шағындығына қарамастан, құрмалас сөйлем. Өйткені алдыңғы қанша көлемді болғанымен, сөйлемдік сипаты бар элементтерге, бөлшектерге жіктеле алмайды, ал соңғы ондай бөлшектерге жіктеле алады. Олай болатын болса, сөйлем құрмалас сөйлем болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөліну шарт.
Бірақ, құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады дегенге қарап,оны кез келген жай сөйлемдердің кездейсоқ тіркесе салған тобы деп түсінуге болмайды. Құрмалас сөйлем-компоненттері бір-бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұратын және біріне-бірі бағынышты, өз ара шарттас болып келетін мағыналық күрделі бір бүтін. Оның құрамындағы компоненттер сөйлем деп аталғандарымен әдеттегі дербес жай сөйлемдермен бірге емес.
Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аяқталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер ол бірліктері бұзылса-ақ, олар өздерінің алғашқы мәндерін, құрмалас сөйлем құрамында тұрғандағы мәндерін жояды.
Мысалы: Балапандар қанағаттанғанша, дәуіт те қанағаттанды деген құрмалас сөйлем-осы тұрған қалпында екі бөлшектен құралған бір бүтін. Оның бір жартысы балапандар қанағаттанғанша болса, екінші жартысы-дәуіттің қанағаттанғандығы.
Айтайын деген ойдың өзіндік ерекшелігіне, контекстіге қарай құрмалас сөйлем де түрленіп отырады: ол бірде екі компонентті, бірде үш компонентті, кейде одан көп компонентті болады.мыс: 1. Көмір де осы,отын да осы. 2. Қолда қамшым жоқ еді, тұсаумен басқа бір тартып жіберіп едім,екіншісі қолдап кетті. 3.Тіс кімде, күш кімде, бәрі соның қолында,таразы да сол. 4. Астында ауыздығымен алысқан жарау торы ат болса,бес қаруың түгел бойыңда асулы болса, ат шапқанда, алдыңнан қарсы жел есіп, жүрегің тасып, қуанғаннан өзіңді өзің ұмытады екенсің.
Құрамына енген жай сөйлемдері грамматикалық жағынан бір-біріне бағынышты,тәуелді болмай,өзара теңдік қатынаста айтылып,синтаксистік құрылысы және мағынасы жағынан бір бүтін болып тұратын құрмалас сөйлем-салалас құрамалас сөйлем деп аталады. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің өзара тең болып келуінің негізгі себебі-ола компоненттердің баяндауыш формасында.
Құрмалас сөйлем жасаудың екінші негізгі тәсілі-жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра байланыстыру. Сабақтас құрмалас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрамалас сөйлемді айтамыз. Бағынушы компонент мейлінше тиянақсыз болады, сондықтан ол жеке айтылмайды, айтыла қалған күнде де өз бетінше тұрып сөйлем бола алмайды. Ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады.
Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер, жоғарыда айтылғандардай, өзара әрдайым не бірыңғай салаласа, не болмаса бірыңғай сабақтаса байланысып отырмайды. Көп жағдайда құрмаласудың осы екі тәсілінің бір сөйлем ішінде қатарымен келе беретін болады. Құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас сөйлем деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |