Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құмалас сөйлем - басыңқысөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі.
Сұрақтары: Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен ? не еткенмен? Қайтпесе ?
Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) Шартты райлы етістікке да,де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады.
ә) Болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады. Мотор үні өшті демесең,екпіні басылып тұр.
б) Көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады. Бұл ажыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын.
в) – ша,-ше тұлғалы есімшеден болады. Мыңның түсін білгенше , бірдің атын біл.
г) Көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тура, тұрып сөзі болады. Дүкеннің жабық екенін біле тұрып, Рүстем соған беттеді.
ғ) Шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: бетіме көз салмастан, жасқа ерін бергеніне таң қалдым.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.
Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсы? не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.
Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік.
ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді.
б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.
Аралас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрі.
Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны «Сары ауыз» деп жүріп еді, қазір сары балшықтың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, «Қара жыра» атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |