Қауіпсіздік ережелері. Рим шамдарын тік орнатып, қазыққа байлап қою керек, қолда ұстау өте қауіпті. Тәуекелге бармаңыз!
Салют – бұл қағаздан
немесе металдан жасалған, 30 метр биіктікке «парашют» немесе «жұлдызшалар» ататын гильза. Салюттер әр түрлі әсерлі бірнеше ондық гильзалар мен батареяларға біріктіріледі.
Қауіпсіздік ережелері.
Салютті аударылып қалмауы, адамға, үйге, автокөліктерге қарай атып жібермеу үшін жерге орнатып, жақсылап бекіту керек. Мамандар салюттердің батареясының жерге бекітілген жерін топырақпен немесе қармен жауып тастауды ұсынады. Мұздың үстіне орнатуға болмайды.
Зымыран – бұл «күшейтілген» фейерверк, 20 метрден 100 м дейін
артында із қалдырмай тез ұшады, сол кезде пиротехникалық құрамы тұтанады, содан кейін зымыран түрлі-түсті
салют атып, жарық ұшқындарын қатты шартылдап шашады.
Қауіпсіздік ережелері. Зымыранның қауіптілігінің күштілігі себепті ерекше абай болу керек.
Зымыранды жерге емес, мойны жіңішке бөтелкеге немесе темір құбырдың кесіндісінің 1/3 бөлігінің ішіне салып орнату керек (ол кейде ұшпай қалып, жерде атылуы мүмкін).
Фейерверктерді үлкендерсіз балалардың өз бетімен қолдануына қатаң тыйым салынады.
Карантин кезіндегі денсаулық сақтау ережелері
Ата-ананың аты-жөні, қолы:________________________________________
Сынып
жетекшісінің аты-жөні, қолы:____________________________________
30.12.2020 жыл