Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар!



бет3/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,59 Mb.
#22545
1   2   3   4
Қаржы

92% бак.

100% маг.



1. Бакалавриаттың оқу бағдарламасына мемлекеттік зейнетақы нарығын реттеуді оқып-үйренуге арналған пәндерді немесе тақырыптарды қосу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Шетелдік авторлардың, оның ішінде ағылшын тіліндегі қосымша заманауи әдебиеттерді сатып алу (бакалавриат).

3. Студенттердің кәсіби іс-тәжірибесін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ өткізу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

4. «Астана-Қаржы» АҚ, халықаралық қаржы холдингтерінің мамандарын практикалық сабақ өткізуге және/немесе мастер-класс өткізуге тарту мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

5. Магистратураның оқу жоспарына ағылшын тіліндегі қаржыны басқару курсын қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

6. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мамандарын магистратурада практикалық сабақ жүргізуге тарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).




Бакалаврлардың оқу жоспарына «Зейнетақы нарығын мемлекеттік реттеу» элективті курсы енгізілді; кәсіби іс-тәжірибені өткізуге бағдарлама негізінде түлектерді жұмысқа орналастыруға мүдделі қаржылық құрылымдар, («Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ) тартылды; семинар сабақ өткізуге «Астана-Қаржы» АҚ, «Халық банкі» АҚ іс-тәжірибедегі мамандары тартылды; «FIBOGROUP» Халықаралық қаржы холдингінің қатысуымен шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды; Қаржы саласы бойынша шетелдік авторлардың қосымша заманауи әдебиеттері, оның ішінде ағылшын тілінде: Devenney Mel Kenny Consumer Credit Debt and Investment in Europe.- Cambridge University Press, 2012; Andres Rigo Sureda Investment Treaty Arbitration.-Cambridge University Press, 2012; Лаврушин О.И. Банковское дело.- М., 2012. сатып алынды.

Магистранттарының оқу жоспарына қаржыны басқару жөнінде ағылшын тіліндегі «Management of state finances», «Present problems of a financial system») элективтік курстары енгізілді; практикалық сабақ жүргізуге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ» мамандары тартылды.

Есеп және аудит


74% бак.

100% маг.



1. Бакалавриаттың оқу бағдарламасына құқықтық статистика, өнеркәсіп статистикасы пәндерін немесе сол мәселелерге арналған тақырыптар қосумүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Кафедра оқытушыларының күшімен кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау, ұлттық экономикаға арналған оқу әдебиетін әзірлеу немесе қосымша сатып алу (бакалавриат).

3. Магистранттар көрсеткен мына оқу әдебиеттерінің қажеттілігіне қарай сатып алуды қарастыру: Толпаков «Қаржылық есеп», Суиц «Аудит» (магистратура).

4. Магистратураның оқу жоспарына ағылшын тіліндегі курс қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).



Бакалавриаттың оқу жоспарына «Құқықтық статистика», «Өнеркәсіп статистикасы» элективті курстары енгізілді; шаруашылық қызметін талдау, ұлттық экономика бойынша қосымша оқу әдебиеттері әзірленді.

Магистратураның оқу жоспарына ағылшын тіліндегі «National Standards of Financial Reporting», «Advanced Econometrics») элективті курстары енгізілді; магистранттар көрсеткен оқулықтар сатып алынды (Толпаков Ж.С. «Қаржылық есеп», 2013 ж., Суиц В.П., Ситнокова В.А. «Аудит», 2012 ж.).



Маркетинг

83,6% бак.

100% маг.



1.Биржа ісін үйрену және туристік бизнестегі маркетинг, маркетингтік коммуникацияға арналған ағылшын тіліндегі заманауи оқу әдебиеттерін сатып алу қажеттілігін қарастыру (бакалавриат).

2. «Quick Sales» үйретуші компьютерлік бағдарламасын сатып алу тиімділігін қарастыру (бакалавриат).

3. Бакалавриат пен магистратурада сабақ өткізуге халықаралық маркетинг, бәсекеге қабілеттікке ықпал ету, логистика мәселелері бойынша маманданған бизнес-қоғамдастық өкілдері мен шетелдік оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

4. Оқу презентацияларын жүргізу үшін қосымша проекторлар сатып алуды қарастыру.

5. Магистратурада сабақ өткізуге халықаралық маркетинг, бәсекеге қабілеттікке ықпал ету, логистика мәселелері бойынша маманданған шетелдік оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

6. Магистранттардың оқу бағдарламасына ағылшын тіліндегі курс қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).



Бакалавриатта сабақ жүргізуге халықаралық маркетинг, бәсекеге қабілеттікке ықпал ету, логистика мәселелері бойынша маманданған бизнес-қоғамдастық өкілдері, шетелдік ғалымдар тартылды; «Quick Sales» атты компьютерлік оқу бағдарламасы сатып алынды; оқу презентацияларын өткізу үшін қосымша проекторлармен 2 кабинет жабдықталды; биржа ісін зерттеу, туристік бизнестегі маркетинг және маркетингтік коммуникацияға арналған заманауи әдебиеттер сатып алынды.

Магистратурада сабақ өткізуге халықаралық маркетинг, бәсекеге қабілеттікке ықпал ету, логистика мәселелері бойынша маманданған бизнес-орта өкілдері, шетелдік ғалымдар тартылды; оқу бағдарламасына ағылшын тіліндегі курстар енізілді.




Туризм

91,3% бак.

100% маг.



1. Саяхаттануға кіріспе, туризмнің белсенді түрлерін оқып-үйрену үшін мамандандырылған кабинет ашу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Туризмді оқып-үйренумен байланысты ағылшын тіліндегі заманауи әдебиеттерді сатып алу қажеттілігінқарастыру (бакалавриат).



«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы», «Туризмология негіздері», «Туристік-өлкетану жұмысының негіздері», «Саяхаттану» пәндерін оқып-үйрену үшін арнайы мамандандырылған кабинет ашылды; туризм бойынша ағылшын тіліндегі заманауи әдебиеттер сатып алынды (мысалы, Tourism-Marketing Performance Metricsand Usefulness Auditingof Destination Websites, 2010. Page S.J. Tourism Management. Ashok Asima Tourism Destination Management, 2012 т.б.).

4. Магистранттардың оқу жоспарына ағылшын тіліндегіпәндерді қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

5. Магистратурада сабақ өткізуге Еуропалық одақтағы туризм мен сервистік қызметті дамыту мәселелері бойынша маманданған шетелдік оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

6. Туризм бойынша ағылшын тіліндегі оқу әдебиеттерін сатып алу (магистратура).


Магистранттарының оқу жоспарына ағылшын тіліндегі элективтік курстар енгізілді («Trends of the global tourism development», «Marketing strategy in tourism organizations», «Mathematical methods and models in marketing and commerce»). Магистратурада сабақ өткізуге Еуропалық Одақтағы туризмді дамыту мәселелері жөнінде маманданған Венгрия, Польша, Чехия профессорлары тартылды. Туризм мәселелері бойынша ағылшын тіліндегі қосымша оқу әдебиеттері алынды.

Менеджмент

91,2% бак.

100% маг.



1. Оқу презентацияларын өткізу үшін мультимедиалық тақтасы бар мамандандырылған менеджмент кабинетін жарақтандыру мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Жобаларды басқару, менеджменттегі жаңа концепцияларды оқып-үйренумен байланысты қосымша әдебиеттерді әзірлеу және сатып алу және қажеттілігін қарастыру (бакалавриат).




№307 мамандандырылған менеджмент кабинеті оқу презентацияларын өткізу үшін мультимедиалық тақтамен жабдықталды.

Менеджменттегі жаңа тұжырымдамалар көрініс тапқан, жобаларды басқаруға қатысты қосымша әдебиеттер сатып алынды (мысалы, Каренов Р.С., Баймухамедов М.Ф. Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу және даму мәселелері 2013. Каренов Р.С. Қазіргі заманғы менеджменттегі жаңа идеялар мен тұжырымдамалар 2013).



3. Магистранттардың оқу жоспарына ағылшын тіліндегі пәндерді қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

4. Магистранттардың оқу жоспарына дербес менеджмент мәселелері бойынша маманданған шетелдік оқытушыларды оқуғатарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

5. Магистранттардың кәсіби іс-тәжірибесін Қарағанды қ. мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша мемлекеттік комитетінде өткізу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).


Магистранттардың оқу жоспарына ағылшын тіліндегі («Personal management») элективті курс енгізілді;оқу сабақтарын өткізуге дербес менеджмент мәселелері бойынша маманданған Румыния профессоры тартылды; кәсіби іс-тәжірибені өткізуге бітірушілерді жұмысқа орналастыруға мүдделі мемлекеттік құрылымдар тартылды (Қарағанды қаласындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша мемлекеттік комитеті).

Экономика

97% бак.

1. Бакалавриат бағдарламасына ағылшын тіліндегі курс қосу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Кітапхана қорын экономикалық теория негіздері, нарықтық экономика бойынша және шетелдік авторлардың қазіргі заманғы оқу әдебиеттерімен толықтыру (бакалавриат).



Бітіртуші кафедра бакалавриат үшін ағылшын тіліндегі 8 элективті курс әзірледі: «Marketing research», «Marketing», «Business planning of investment projects», «International World Trade and Goods Markets», «International World Trade and Goods Markets», «Actual problems of national economy», «Institutional economy: advanced level», «Economу of the firm»; экономиканың мәселелері бойынша соңғы жылдарды жарық көрген оқу құралдары, оның ішінде Economic Policy and Political Economy Thirty years of economic policy: the inspiration for discussion. Charles Wyplosz (2015 ж. в.); «Кәсіпорын экономикасы»: оқу құралы Ж.С.Раимбеков, П.Т.Байнеева. – Алматы, 2014; «Основы рыночной экономики» оқу құралы / В.Н.Гептинг. - 3-басылым.- Астана: Фолиант, 2014; «Ваѕеѕ of Economic Theory» оқу құралы / D.G.Tusmaganbetova. – Алматы, 2016; «Экономикалық теория негіздері»: оқу құралы / Ә.Саяпил. – Алматы, 2016; «Основы экономической теории»: қысқаша оқу құралы. / Т.К.Ходжаниязов Ж.Т.Ходжаниязова. – Алматы, 2016. сатып алынды.

Экономика

100% маг.

1. Магистранттардың оқу жоспарына ағылшын тілінде жүргізілетін пәндер қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

2. Шетелдік авторлардың бағдарлама бағыты бойынша ағылшын тіліндегі заманауи қосымша оқу әдебиетін сатып алу (магистратура).

3. Магистратурада сабақ жүргізуге қаржыландыру мәселелері бойынша мамандандырылған шетелдік оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).


Магистратураның білім беру бағдарламасына ағылшын тіліндегі жаңа элективті курстар енгізілді («Actual problems of national economy»; «Institutional economy: advanced level»; «International economic integration»); шетелдік авторлардың бағдарлама бағыты бойынша қосымша оқу әдебиеттері сатып алынды; Чехия профессорының Еуропалық Одақтағы білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақыны қаржыландыру жүйесін реформалау туралы қонақтық дәрістері ұйымдастырылды.

Құқық негіздері және экономика

92,9 % бак.

100% маг.



1. Оқу бағдарламасына сот шешендігін оқып-үйренуге арналған пәндерді немесе тақырыптарды қосу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі бойынша қосымша оқу әдебиетін сатып алу тиімділігін қарастыру(бакалавриат).

3. Магистранттардың оқу бағдарламасына ағылшын тіліндегі курс қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

4. Магистратурада сабақ жүргізуге әлеуметтік саланы реформалау проблемалары бойынша маманданған шетелдік оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).



Бакалаврлардың оқу жоспарына «Сот шешендігі» элективті курсы енгізілді; экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі бойынша қазіргі заманғы оқу әдебиеті сатып алынды.

Магистратураның оқу жоспарына ағылшын тіліндегі элективті курстар енгізілді; сабақ жүргізуге әлеуметтік саланы реформалау мәселелері бойынша мамандаған Чехия профессоры тартылды.




Әлемдік экономика

91% бак.

1. Оқу бағдарламасына халықаралық құқық арналған пәндерді немесе тақырыптарды қосу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Оқу жоспарына ағылшын тіліндегі қосымша пәндерді қосумүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

3. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына студенттер Е.Шипшелей, Л.Султанованы енгізу мүмкіндігін қарастыру (олар сауалдамада өзінің аты-жөнін көрсеткен) (бакалавриат).


Бакалавриаттың оқу жоспарына «Халықаралық құқық» элективті курсы енгізілді; ағылшын тіліндегі пәндер тізімі кеңейтілді, студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасы енгізіліп, олар Чехия мен Польшадан білім алуға аттанды.


Мемлекеттік жергілікті басқару

79% бак.

100% маг.



1. Оқу бағдарламасына кәсіпорынды басқарудағы контроллинг, кәсіпкерлік менеджментті оқып-үйренуге арналған пәндернемесе тақырыптар қосу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

2. Мемлекеттік экономиканы реттеу бойынша қазақ тіліндегі қосымша оқу әдебиеттерін сатып алу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

3. Оқу презентацияларын өткізу үшін қосымша интерактивті тақта немесе проекторлар сатып алу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

4. Магистранттардың оқу жоспарына ағылшын тіліндегі пәндерді қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

5. Магистранттарды оқыту үшін сапаны басқару, жаһандану мәселелері бойынша маманданған шетелдік оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).


Бакалавриаттың оқу жоспарына «Кәсіпкерлік менеджменті», «Кәсіпорынды басқарудағы контроллинг» атты элективті курстары енгізілді; мемлекеттік экономиканы реттеу бойынша қазақ тіліндегі қосымша оқу әдебиеті сатып алынды; оқу презентацияларын өткізу үшін интерактивті тақтасы бар қосымша сынып жабдықталды.

Магистратураның оқу жоспарына «Personal management» атты ағылшын тіліндегі элективті курс енгізілді; оқу сабақтарын өткізуге Ресей және Чехиядан жаһандану және сапаны басқару мәселелері бойынша маманданған оқытушылар тартылды.


Бағалау


100% бак.

Толық қамтамасыз етілгендіктен, толтырылмады.




Әлеуметтік-мәдени сервис

96% бак.

100% маг.



1. Туризм саласы бойынша ағылшын тіліндегі қосымша оқу әдебиеттерін сатып алу тиімділігін қарастыру (бакалавриат).

2. Оқу презентацияларын өткізу үшін қосымша проекторлар сатып алу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

3. Интернет-желісінің жылдамдығын арттыру.


Туризм бойынша қосымша ағылшын тіліндегі оқу әдебиеттері сатып алынды. Оқу презентацияларын өткізу үшін қосымша слайд проекторлары сатып алынды, Интернет-желісінің жылдамдығы 50-ге дейін Мгб/с арттырылды.


4. Магистранттардың оқу жоспарына ағылшын тіліндегі пәндерді қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

Магистранттарының оқу жоспарына ағылшын тіліндегі элективтік курстар енгізілді («Marketing of services», «Direct and interactive marketing in the services»).

Жылуэнергетикасы

91,3% бак.

100% маг.



1. Қазандық қондырғылар, инженерлік желілер, қыздыру құрылғыларын оқып-білумен байланысты заманауи қосымша оқу әдебиетінсатып алу тиімділігін қарастыру (бакалавриат).

2. Интернет-желісінің жылдамдығын арттыру (бакалавриат)



Магистратурадағы ұсыныстар толық қанағаттандырылғандықтан, толтырылмады.

Бакалавриат үшін қазандық қондырғылар, инженерлік желілер, қыздыру құрылғыларын оқып-білумен байланысты заманауи қосымша оқу әдебиеті сатып алынды; интернет-желісінің жылдамдығы 50-ге дейін Мгб./с. дейін арттырылды.


Техникалық физика

94,2% бак.

95,2% маг.



1. Электродинамика, метрология және стандарттау, электротехника теориясын оқып-үйренумен байланысты қазақ тіліндегі заманауи қосымша оқу әдебиетін сатып алу қажеттілігін қарастыру (бакалавриат).

2. «Электр және магнетизм» пәні бойынша зертханалық жұмыстар жүргізу үшін демонстрациялық макет/дидактикалық материалдар сатып алу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

3. Магистранттардың оқу жоспарына ағылшын тіліндегі пәндерді қосу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

4. Магистратурада сабақ өткізу үшін нанотехнология, жаңартылатын энергетика мәселелесі бойынша маманданған шетелдік оқытушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру (магистратура).



Бакалавриат үшін электродинамика, метрология және стандарттау, электротехника теориясын оқып-үйренумен байланысты қазақ тіліндегі заманауи қосымша оқу әдебиеті сатып алынды; «Электр және магнетизм» пәні бойынша зертханалық жұмыстар жүргізу үшін демонстрациялық кешен сатып алынды.

Магистратураның оқу жоспарына ағылшын тіліндегі оқу курстары енгізілді (Semiconductors electronics. Computing modeling of physical processes using MathCad. Foundation of general relativity). Оқу үдерісіне нанотехнология және қайта жаңартылатын энергетика мәселелері бойынша маманданған Болгария және АҚШ ғалымдары тартылды.

Физика

94% бак.

1. Студенттерді практикалық даярлауда радиоэлектроника және физиканы оқыту әдістемесін күшейту мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат 5В011000).

2. Физикалық электроника, астрономия бойынша заманауи оқу әдебиеттерін әзірлеу немесе сатып алу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат 5В011000).

3. Физикалық тапсырмаларды шешу бөлімінде студенттердің практикалық дайындығын күйшейту мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат 5В01060400).

4. Физиканы зерттеуші заманауи шетел авторларының ағылшын тіліндегі қосымша оқу әдебиетін сатып алу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат 5В01060400).

5. Қосымша лингафон кабинетін ашу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).


5В011000 білім беру бағдарламасына радиоэлектроника және физиканы оқыту әдістемесі бойынша практикумдар енгізілді; физикалық электроника, астрономия негіздері бойынша заманауи қосымша оқу әдебиеттері сатып алынды.

5В060400 «Физика» білім беру бағдарламасына физикалық тапсырмаларды шешудің әдістемелік негіздері және күрделілігі жоғары деңгейдегі тапсырмаларды шешу әдістемесі бойынша элективті курстар енгізілді; физиканы зерттеуші заманауи шетел авторларының ағылшын тіліндегі қосымша оқу әдебиеттері сатып алынды (соның ішінде Binney, J. The Physics of Quantum Mechanics: Oxford University Press, 2014., Konishi, K. Quantum Mechanics: a New Introduction: Oxford Unіversіty Press, 2013.). Қосымша лингафон кабинеті ашылды.



100% маг.

1. Университеттің ғылыми кітапханасы қорын шетелдік зерттеушілердің физикаға арналған қосымша заманауи әдебиеттерімен толықтыру мүмкіндігін қарастыру (магистратура 6М011000).


Шетелдік зерттеушілердің қазіргі заманғы аударма және ағылшын тілінде жазылған физика саласындағы оқу әдебиеті сатып алынды, мысалы, Мартин Б. Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы: кіріспе: оқулық, 2014; Райли К. Физиктер мен инженерлерге арналған математикалық әдістер: оқулық, 2014; Гааз А. Введение в теоретическую физику: механика, теория электромагнитного поля и света, термодинамика, 2015; Jones, M. Cambridge Checkpoint Science: course book 8—Cambridge, 2016.




2. Қазіргі заманғы мәселелердің бірі энергия үнемдеу және разрядты-импульстік технологиясы бойынша магистранттардың білім деңгейін арттыру қажеттілігін қарастыру (магистратура 6М060400).

Магистранттардың энергияны үнемдеудің заманауи мәселелері, разрядық-импульс технологиялары мәселелері бойынша білім сапасын арттыру мақсатында 6М060400 «Физика» білім беру бағдарламасына «Разрядық-импульс технологияларының таңдаулы тараулары» деген жаңа элективті курс қосылды; Польшаның Бельско-Бял университетінің профессоры И.Куртниктің «Энергияны үнемдеу мен экологияның заманауи мәселелері» тақырыбында қонақтық дәрістері ұйымдастырылды.

100% докт.

1. Докторанттардыңоқу жоспарына ағылшын тіліндегі курстар қосу (докторантура).

2. Жаңартылатын энергия көздері мәселелері бойынша маманданған шетелдік профессорлардың қонақтық дәрістерін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (докторантура).



Докторантураның оқу жоспарына ағылшын тіліндегі (Modeling of non-stationary processes in the multiphase mediums, Technology of thin films, Bases of nanoelectronic) элективтік пәндер енгізілді; қонақтық дәрістер бағдарламасын жүзеге асыру үшін жаңартылатын энергия көздері, фотовольтаиканың физикалық-химиялық негіздері мәселелері бойынша АҚШ және Болгария профессорлары тартылды.

Приборлар жасау

93% бак.

1. Оқу бағдарламасына элективті курстар немесе медициналық аспаптарды оқып-үйрену тақырыбын қосу мүмкіндігін қарастыру.

2. Нанотехнология, жаңартылған энергетика мәселелері бойынша маманданған шетелдік оқытушыларды сабақ жүргізуге тарту мүмкіндігін қарастыру.



Білім беру бағдарламасына медициналық аспаптарды оқып-үйрену элективтік пәні енгізілді; шетел профессорларының фотовольтаика, фотонике молекулаларының электрондық құрылысы негіздері бойынша қонақтық дәрістері ұйымдастырылды.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

91% бак.

1. Электроника бойынша лабораториялық жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдар мен лабораториялық жабдықтар сатып алу мүмкіндігін қарастыру.

2. Шетелдік авторлардың радиотехника және электроника бойынша оқу әдебиетін сатып алу мүмкіндігін қарастыру.



Шетелдік авторлардың радиотехника және электроника, «Физика», «Электр және магнетизм» пәндерінен зертханалық жұмыстар жүргізу үшін демонстрациялық кешен бойынша қосымша қазіргі заманғы оқу әдебиеттері сатып алынды.


Каталог: file -> OMKO
file -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
OMKO -> Өзін-өзі бағалауға арналған сауалнама «Білім алушылардың оқу пәнінің оқытылу сапасын бағалауы»
OMKO -> Мамандықтар бойынша: «Мәдени-тынығу жұмысы» қазақ бөліміне арналған Тест тапсырмалары
OMKO -> Бағдарламасы «педагогика»
OMKO -> Қазақстан республикасының Ғылым және ғылым министрлігі
OMKO -> БАҒдарламасы «экология» пәні бойынша № №
OMKO -> Ќазаќстан Республикасы Ѓылым жєне Білім министрлігі
OMKO -> Бағдарламасы «Аударма теориясы»
OMKO -> Программа промежуточного государственного контроля по дисциплине «Теория перевода» №


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет