Робот техникасы –Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудағы
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы өзгеріс.
№1ОЖББМ информатика пәні мұғалімі
Маужигитова А.Г
2016жыл, тамыз
Қоғамдық салалардың барлығын ақпараттандыру, оқу үдерісін қарқындандыру негізгі жалпы білімді жаңғыртып, оның рөліне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. Жоғарыда аталған мақсаттарды іске асырудағы ең маңызды міндеттердің бірі қазіргі ғылымның ықпалдасқан салаларын дамыту және оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру болып табылады. Осыған байланысты оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің робот техникасы сияқты саласының өзектілігі артады.
Баяндаманың мақсаты:
Жалпы білім беретін мектептерде «Робот техникасы» элективті курсын іске асырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрену.
Баяндаманың міндеттері:
мұғалімдерді курстың құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттарымен және міндеттерімен таныстыру;
мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
мұғалімдер курстың құрылымын, мазмұнын, мақсаттарын және міндеттерін біледі және түсінеді;
оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді біледі және түсінеді.\
«РОБОТ ТЕХНИКАСЫ» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТӘСІЛДЕР
Ғылыми әдебиетке жасалған шолу көрсетіп отырғандай, «Робот техникасы» элективті курсы балабақшадан бастап университетке дейін барлық деңгейде жаратылыстану және техникалық білім беру сипатына айтарлықтай әсер етіп отырған дамушы сала болып табылады. Робот техникасын оқыту оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын тартымды оқу ортасындағы қызықты әрі тәжірибелік жаттығуларды ұсына алатын бірегей оқу құралы ретінде танылуда (Eguchi, 2010).
Зерттеушілер оқушыларға робот құрастыруды үйретудің педагогикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп отыр (1-кесте).
1-кесте. Робот (модельдерді) құрастыруды үйретудің педагогикалық маңызы
Белгісі
|
Робот техникасы саласының ерекшеліктері
|
|
|
Өзектілігі
|
Оқушылардың робот техникасы саласында білім мен жұмыстың
|
|
тәжірибелік дағдыларын меңгеруі қазіргі заман адамының
|
|
жалпы ақпараттық мәдениетінің құрамдас элементі, инженерлік-
|
|
техникалық шеберлікті одан әрі жетілдірудің негізі болып табылады.
|
|
|
Қолжетімділік
|
Лего конструкторлары 8-17 жастағылар үшін түсінікті және
|
|
қолжетімді.
|
|
Бағдарламалау орталары арасында Lego Digital Designer-дің
|
|
танымалдығы модельдерді (роботтарды) мектептегі, үйірмедегі
|
|
сабақтарда ғана емес, өз бетінше жасауға мүмкіндік береді.
|
|
|
Ізгілік
|
Робот техникасын оқытуда қолданылатын шығармашылық және
|
|
ғылыми-техникалық тапсырмалар эстетикалық және өнегелілік
|
|
талаптарға сәйкес келеді. Оқу үдерісінде балалар «табыс дәмін»
|
|
татады (В.А.Сухомлинский).
|
Қарым-қатынас
|
Робот техникасы - бұл жобаны команда болып істей білу қабілетін
|
|
дамыту, міндеттерді тиімді бөлу қабілеті.
|
Алуан қырлылық
|
Оқушы өзін түрлі қырынан таныта алады: жобаларды модельдеу,
|
|
бағдарламалау, құру, таныстыру, конкурстарға қатысу және т.б.
|
|
|
Әлеуметтік маңыз
|
Робот техникасын оқыту оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіруге
|
|
септігін тигізеді, оқушыға өз құрдастарымен және педагогтермен
|
|
жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
|
|
Сонымен қатар, «қауіп тобының» балаларын қызықтырады.
|
|
|
Инженерлік-
|
Сабақтар оқушыларға қарапайым және күрделі техникалық
|
техникалық мақсат
|
шешімдерді, инженерлік тетіктерді қолдана отырып, жобаларды
|
|
(модельдерді) құру арқылы өздерінің инженерлік-техникалық
|
|
ойлау саласындағы білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді.
|
|
|
Робот техникасын оқытуға негіз болған басты теориялар бұл оқытудың сындарлы теориясы мен конструкционизм (құрастырушылық) болып табылады. Пиаже балалар үшін заттарды ұстап көру, олармен амал-шара жасау білім қалыптастыруға көмектесетінін алға тартады (Piaget, 1974). Паперт білімді қалыптастыру мейлің ол жағалаудағы құмнан жасалған қамал немесе техникалық зат болсын, оқушылар қоғамдық субъектіні құрастырумен айналысатын ортада тиімдірек жүреді деген ой қосты (Papert, 1980). Мұғалімнің рөлі балаларға жаңалық ашуға қатысуға мүмкіндік беріп, оларды сынып жағдайында білім қалыптастыратын құралдармен қамтамасыз етуден тұрады. Робот техникасын оқыту балалар оларды қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, шынайы өмір проблемаларымен шұғылдана алатын оқу ортасын қалыптастырады; бұл орайда «Робот техникасы» элективті курсы балалар үшін құрастырушылық оқу тәжірибесін меңгерудің таптырмас құралы бола алады.
Ғылыми әдебиетте робот техникасын оқытуда қолданылатын үш тәсіл туралы баяндалған
(Eguchi, 2010):
Тақырыпқа негізделген оқыту тәсілі: білім беру бағдарламасының салалары оқуға арналған арнайы тақырып төңірегінде біріктірілген және негізінен зерттеу жүргізу және қарым-қатынас жасау арқылы зерттеледі (мысалы, Detsikas&Alimisis, 2011; Litinas&Alimisis, 2013).
Жобаға негізделген тәсіл: оқушылар шынайы өмірден алынған нақты мәселелерді зерделеу үшін топтасып жұмыс істейді; мысалы, TERECoP атты Еуропалық жоба аясында әзірленген әдістемеде ұсынылған мәселе (TERECoP жобасының қазақша атауы – Мұғалімдерге робот техникасын оқытудағы сындарлы педагогикалық әдістерді үйрету) (www.terecop.eu) (Alimisis, 2009).
Мақсатқа негізделген тәсіл: балалар әдетте мектептен тыс жерде өткізілетін FIRST Lego League (Http://www.firstlegoleague.org), RoboCupJunior (http://www.robocupjunior.org), Франциядағы Trophée де Robotique (http://www.planete-sciences.org/robot~~HEAD=pobj),
Грекияда өтетін Әлемдік робот техникасы олимпиадалары (http://wrohellas.gr) сияқты және басқа да робот жасау саласындағы сайыстарға ынталана қатысады.
Бүгінгі таңда оқушылар олардың әке-шешелері мен ата-әжелерінің әлемінен мүлдем басқа әлемде өсіп жатыр. Қазіргі таңдағы «шығармашыл қоғамда» (Resnick, 2007) жетістікке жету үшін оқушылар шығармашыл тұрғыда ойлап, жүйелі түрде жоспарлап, сын тұрғысынан талдап, бірлесуді, ынтымақтастық орнатуды, ашық қарым-қатынас жасауды, табанды түрде қайта-қайта жобалауды, үздіксіз білім алуды үйренуі тиіс. Оқытудың сындарлылық және зерттеуге негізделген тәсілдері (Demo et al., 2012) сияқты тиісті оқу әдістемелері осы дағдыларды дамытуда елеулі үлес қоса алады.
Робот техникасын оқытудағы басты мақсат - жеке тұлғаның ақпараттық біліктілігінің негізін қалау, яғни оқушыларға ақпаратты жинау әдістерін, сондай-ақ оны пайымдау және тәжірибеде қолдану технологияларын меңгеруге көмектесу.
Робот техникасын оқытуды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері
Мектептің білім беру кеңістігіне робот техникасын енгізу үшін педагогикалық үдеріс құрылымына қарай оқу үдерісін ұйымдастырудың оңтайлы түрлері ретінде оқыту нысандарының келесі жіктелімін қолдануға болады (В.А. Сластёнин).
Достарыңызбен бөлісу: |