Робот техникасы –Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудағы


Робот техникасындағы пәнаралық байланыс



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі1,2 Mb.
#37091
1   2

Робот техникасындағы пәнаралық байланыс

Робот техникасы - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейін көрсететін ықпалдастырылған пән саласы. Ол информатика, физика, математика сияқты мектеп пәндерін қамтиды. Негізгі пән информатика болып табылады. Білім берудегі робот техникасының аталған оқу пәндерімен байланысының екі түрін атап көрсетуге болады (Никитина, 2014):




  1. робот техникасын оқыту үшін қажетті пәндік білім элементтері;




  1. пәнаралық білім элементтері.

Бұл байланыстарды 2-суреттен көруге болады.





2-сурет. Робот техникасындағы пәнаралық байланыс
Робот техникасымен таныстырудағы міндеттердің бірі – роботқа арналған алгоритмдерді құру және ретке келтіру, бұл информатика саласына қатысты. Сонымен қатар, робот жабдықталған құрылғыларды (моторлар мен датчиктерді) бағдарламалау физика саласына жатады. Бағдарламаларды құру кезінде датчик жұмысының мәнін (оның жұмысы негізделген физикалық заңдылықтарды) түсіну, датчиктің өлшеу дәлсіздіктерін ескеру және т.б. білу керек. Физика техниканың ғылыми негізі ретінде үнемі жетекші орында, себебі оған техникалық прогрестің неғұрлым маңызды бағыттары негізделген. Робот техникасы үшін физикалық ғылымның аса маңызды бөлімдері механика мен электроника болып табылады. Ғылыми таным құралы ретінде математика білім берудегі робот техникасында бұрыштарға, градустарға, коэффициенттерге және пропорцияларға қатысты есептерді шығаруға септігін тигізеді. Физикалық және математикалық білім бірігіп, роботтың қозғалыс траекториясын есептеуге және физикалық шамалар мәндерін табуға мүмкіндік береді. Ақырында, информатика мен математика біртұтас ауыспалы шамалар мен математикалық есептеулерді қолдана отырып, робот үшін барынша күрделі алгоритмдерді жасауға мүмкіндік береді.

Робот техникасындағы оқу моделі

Робот техникасы курсында әр тақырыпты зерделеу өз модельдерін жинау және бағдарламалауды көздейтін шағын жоба тапсырмаларын орындауды білдіреді. LEGO® Education жинағымен оқыту төрт бөліктен: өзара байланыс, құрастыру, рефлексия және дамыту (3-сурет) деген бөлімдерден тұратын цикльді оқу моделін іске асыруды көздейді (Никитина, 2014)ы


«Өзара байланыс» бөлімі бұған дейін бар тәжірибе мен білімдерді жаңадан игерілген біліммен біріктіруге, оқытудың жаңа кезеңі үшін қозғаушы күш, бастапқы нүкте ету мүмкін болғанда, білім қоржыны толығады дегенді меңзейді. Өзара байланыс орнату кезінде оқушылар жаңа білімді өздерінде бар білімнің «үстіне қосады», осылайша өз танымдарын кеңейтеді.
«Құрастыру» бөлімі модельдерді жинап, идея өндіру дегенді білдіреді. Оқу материалы ми мен қол «бірге жұмыс істеген» жағдайда жақсырақ меңгеріледі. LEGO Education өнімдерімен жұмыс істеу тәжірибелік оқыту қағидаттарына: алдымен ойлану, содан соң модельді жасауға негізделеді. Жинақтың әр тапсырмасында «құрастыру» кезеңіне арналған егжей-тегжейлі сипатталған, қадамдық нұсқаулар келтірілген. «Құрастырудың» үш түрі ұсынылады:


  1. проблеманы еркін «байқап көру» - оқушылар өз бетінше қарапайым модельдерді түрлендіре және оларды басқара отырып, жаңа ұғыммен танысады.




  1. нұсқау бойынша зерттеу - оқушылар егжей-тегжейлі нұсқауларға сүйене отырып, математикалық өңдеу үшін жарамды сандық нәтиже алу үшін қолданылатын модельдерді жасайды;




  1. проблеманы еркін шешу – оқушылар қойылған міндетті орындауға қабілетті өз моделін жасайды.

«Рефлексия» ненің жасалғанын, құрылғанын, түрлендірілгенін пайымдауды, алынған білімді ауызша тұжырымдауды, тәжірибе нәтижелерін ұсыну тәсілдерін, оның басқа идеялармен және шешімдермен кешенді қолданылу жолдарын іздеуді білдіреді. Жасалынған жұмыстар туралы ой толғай және пайымдай отырып, оқушылар пән бойынша түсініктерін тереңдетеді. Олар өздерінде бұрыннан бар білім мен жаңадан алынған тәжірибенің арасындағы өзара байланысты нығайтады. Оқушылар модельдің мінез-құлқына оның конструкциясын өзгертудің қандай әсер еткенін зерттейді: олар бөлшектерді ауыстырады, есептер, өлшемдер, модель мүмкіндіктерін бағалайды, есеп құрады, таныстырылым өткізеді, сюжет ойластырады, сценарий жазады және өз модельдерін қатыстыра отырып, спектакль ойнайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушы жетістіктерін бағалауға керемет мүмкіндік алады.


«Дамыту» кезеңінде алынған тәжірибені тереңдетуге, креативтілік және зерттеу дағдыларын дамытуға септігін тигізетін неғұрлым күрделі тапсырма орындау көзделеді. Ынталандырушы, түрткі болатын жағдайлар болғанда, оқыту үдерісі анағұрлым жағымды және тиімді өтеді. Оқушының уәжін үнемі арттыра отырып, сәтті орындалған жұмыстан алған рахат сезімін қолдау оларды одан әрі шығармашылықпен жұмыс істеуге жігерлендіреді

Белсенді оқу
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Робот техникасы сабағында қамтылатын белсенді оқу әдіс-тәсілдері тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және бағамдау жаттығуларын жүргізіп, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсілдерде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатын тәжірибелік идеялар қамтылған.
Робот техникасы негіздерін үйрету тиімділігі ол сабақтардың ұйымдастырылуына және төмендегі әдістердің қолданылуына байланысты:

УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР

УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР







түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын

негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын

белсенді мұғалім

мұғалім

көп оқушыны қамтитын белсенді

аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде

тапсырмалар

қатыспайтын тапсырмалар

белгілі бір мағынасы бар және осының

айқын емес, түсініксіз және осының алдында

алдында өткен тақырыппен байланысты

өткен тақырыптармен байланыспайтын

жаттығулар

жаттығулар

сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті

сабақтағы жаттығулар сараланбаған

деңгейде және барлық оқушылар орындай

және басында орындау тым қиын немесе

алатын етіп сараланған

қабілеті жоғары оқушылардың қабілеттері




ескерілмейді

оқыту мен оқудың сан алуан әдістері

оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі

қолданылады – сабақтың қандай болатынын

қолданылады – сабақтың қандай болатынын

күні бұрын болжау мүмкін емес

күні бұрын болжап білуге болады

оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып,

сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және

сабақ қарқынын өзгерту

оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді

әр оқушыға жеке қолдау көрсету

оқушылар мұғалімнен көмек күтеді

көп мақтау және мұғалімнің дене

мақтау айтылмайды және мұғалім дене

қимылдарын, ымды тиімді қолдануы

қимылдарын, ымды тиімді қолданбайды

оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не

оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не

күтілетінін біледі

күтілетінін білмейді

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6, 7 сыныптар) және 2-деңгейінің (8, 9, 10 сыныптар) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

1-деңгей 5 модульден, 2-деңгей 6 модульден тұрады.

Курс 34 сағатқа арналған.



Мектепте робот техникасын оқыту келесі білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: LegoWeDo, Lego Mindstorms NXT, Lego Mindstorms EV3, Matrix, Fischertechnic, Arduino, Roborobo және т.б.
Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік қызығушылығына ие болуына негіз болып отыр. Ойын оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдісі мен тәсілі болып табылатыны сөзсіз, оның үстіне ол оқушыларға білім алу үдерісін байқамай-ақ үйренуге мүмкіндік береді.
World Robot Olympiad - Халықаралық роботтар олимпиадасы. Ресми вебсайты www.wroboto.org.

  • Халықаралық олимпиада алғаш рет, 350 оқушының қатысуымен мобильді роботтарды бағдарламалау мен құрастыру шеберлігі бойынша, 2004 жылы Сингапурда өтті. Бүгінгі таңда олипиада 50-ге жуық мемлекеттерді қамтиды – бұл деген сөз робототехникаға қазыққан он мыңдаған дарынды балалардың бірігуі. 2014 жылы WRO сайысына қатысатын топтардың жалпы саны, әлем бойынша, 18 мыңға жуықтады. Жеткіншек құрастырушылар үшін тапсырмалар жыл сайын өзгере отырып күрделене түседі.

  • Олимпиада қатысушылары өздерінің роботтарын LEGO MINDSTORMS Education жиынтығы арқылы құрастыра алады.


Алдағы оқу жылдарынызға сәттілік тілеймін. Өзіңізді нағыз ғалым немесе инженер сезінуге мүмкіндік алыңыз! Топ құрып, өз біліміңіз бен дағдыларыңызды жетілдіруге жол ашатын бес түрлі робот техникасы сайыстарына қатысыңыз! Сондай-ақ басқа мемлекеттің оқушыларымен танысып, өз тәжірибелеріңізбен бөлісіңіз. Өз шығармашылық қабілетттеріңізді осы сайыстарда байқап көріңіз. Қатысып, жеңіске жетіңіз!
Каталог: uploads -> doc -> 0f8e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f8e -> Сабақ №37 Мұғалімнің есімі: Оралбекова. Г. К сынып: 6
0f8e -> Оқу жылындағы А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің «Темірқазық» шығармашылық тобының жұмыс жоспары бойынша аналитикалық есебі
0f8e -> Жыл мезгілдері. Қыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет