Жұмыстың барысы: Бала құмыраны алып өз алдына қояды. Бала екі қолымен құмыраны қысады да қайта жібереді. Осы қимылды бірнеше рет қайталайды. Осы қимылды жасай отырып, бала белгіленген көрсеткіштердің жанынан пипетканың өтуін құмыраның түбіне түсіп, қайта көтерілуін бақылайды. Пипетканың қандай төмендікке түсуі, қол қысымының күшіне байланысты.
Түсініктеме: Осы жаттығуды орындау барысында баланың қол бұлшық еттері жаттығады, жазу жазуға қол саусақтарын дайындайды. Бұл жаттығуда екі қол бірге жұмыс жасайды. Қол саусақтарының дұрыс дамуы бастың оң және сол жақ ми қызметінің дамуымен байланысты, жаттығу өте көп болмағандықтан, екі қол бірге жұмыс жасайды, яғни екі жақ ми қызметі де дамиды.
Моншақтарды пинцетпен ауыстыру
Жасы: 2-5 жас
Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.
Қажетті құрал-жабдықтар: Кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама (платформа), кішкентай қысқыш (пинцет медициналық) және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ саны тең болу керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.
Жұмыстың барысы: Бала бұйымдар бар ыдысты алдына қояды. Кішкентай қысқышты оң қолына алып, ыдыстағы моншақтарды тұғырнаманың ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтар толтырылғаннан кейін, керісінше моншақтарды кішкентай қысқышпен ыдысқа ауыстырады.
Түсініктеме: Бұл жаттығу қол қимылдарының үйлесуін жақсы жетілдіреді, бала кейін ұсақ әріптерді жазады. Жаттығу баланың зейінінің шоғырлануын және ішкі тыныштықты талап етеді. Бала жаттығу үстінде моншақты түсіріп алса, ол қате деп есептелмейді. Жіберген қатесін бала өз бетінше тузетуге алады.