Родительское собрание на тему «Эти трудные домашние задания»



бет6/13
Дата05.05.2023
өлшемі8,3 Mb.
#176125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Монтессори педагогикасы арқылы баланы дамыту

Себеттегі қыстырғыштар
  • Жасы: 2-5
  • Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.
    • Қажетті құрал-жабдықтар: Ағаш қыстырғыш қыстырылған себет. Себеттің шеті қалың болмау керек. Себеттің орнына қалың картонды алмастыруға болады.
    • Ойынның барысы: Бала өзінің жұмыс орнына қыстырғыштар бар себетті қояды. Тәрбиеші балаларға қыстырғыштарды бірінен кейін бірін алып, үш негізгі саусақтарымен себеттің шетіне қыстыруын ұсынады. Бала өздігінен жұмыс жасайды.
    • Түсініктеме: Бала жазуды бастамас бұрын, оның ұсақ қол қимыл қозғалыстары соншалықты дамыған болу керек, яғни жазу құралын; қарындаш пен қаламды саусақтары жеңіл және нық ұстауы үшін. Қыстырғыштарды себетке бірнеше рет қыстырып және қайта алу арқылы жасалған қимылдар баланың оң және сол қолдарының саусақтарын өте жақсы жаттықтырады. Баланың қай қолымен жұмыс жасағанын бақылау арқылы оның оң және солақай екенін бақылауға болады. Бұны түзету қажет емес.
    • Түрлі-түсті тамшылар
    • Жасы: 2-5
    • Мақсаты: Ұсақ қол қимыл-қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.
    • Қажетті құрал-жабдықтар: Мұздатқышта су қатыратын 12 ұяшықтан тұратын тұғырнама. Жоғарыда 4 ұяшықты бөліп тұратын көк, сары, қызыл түсті белгілер белгіленген. Түрлі-түсті суы бар төрт колба. Колбадағы суы бар қызыл және көк түсті ас бояумен боялған. Әр колбада қалың резиналы қалпағы бар пипетка. Кішкентай губка.
    • Жұмыс барысы: Бала материалдарды алып өзінің алдына қояды. Колбадағы түрлі-түсті суды пипетканың көмегімен тұғырнама ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтарды түстеріне қарай бірте-бірте суға толтырады. Содан кейін осы пипетканың көмегімен суды қайтадан колбаға ауыстырады.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет