Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстрын дамыту. Қолдың сүйек бұлшық еттерін жаттықтыру. Қолды жазуға дайындау.
Қажетті құрал-жабдықтар: Баланың алдында қайшы жән түрлі-түсті қағаздары бар табақша. Қағазда қию сызығы белгіленген.
Жұмыстың барысы:Бала оң қолына қайшы, сол қолына қағазды алып, кішкене бөліктер қияды. Кейін бала сызықтың бойымен қия бастайды және әр түрлі өрнектерді қиюға арналған күрделі қимылдар жасайды.
Түсініктеме: бұл жаттығу тікелей баланың қолын жазуға дайындауға арналмаған. Бірақ, қайшыны дұрыс ұстау және белгіленген сызықтарды қию дағдыларын игере отырып, бала қолына қарындашты дұрыс ұстауды және қағазды нақты сызықтарды жүргізуді үйренеді, қолы жаттығады.
Мақсаты: Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Қол саусақтарының қимылын жетілдіру. Үйлестік. Зейіннің шоғырлануы. Жазуға қолды дайындау.
Қажетті құрал-жабдықтар: Табақшада сызықтар салынған қатырма қағаздар. Балаларға жеңіл суреттер немесе күрделі суреттер болуы мүмкін. Салынған сызықтардың бойында ине мен жіп өтетін нүктелер белгіленген. Сонымен қатар табақшада жіп және 1-2 жуан ине болуы тиіс.
Жұмыстың барысы:Бала алдында тұрған бұйымдары бар табақшадан өрнек салынған картонды таңдап алады. Бала тәрбиешінің көмегімен иненің тесігінен жіпті өткізеді, жіптің ұштарын бекітеді. Қағазда бейнеленген нүктелердің көмегімен өрнекті тігіп шығады.