Ата-аналар жиналысы - «Ата-ана және бала
- арасындағы қарым-қатынас»
- Есенова Шарипа Ахмедьяровна
- Батыс Қазақстан облысы
- Қобда ауданы
- « Бұлақ негізгі мектебі»
- Сынып - 4
Ата-аналар жиналысының МАҚСАТЫ - Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу
Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді. Ақылды бала: «Ай-күнім — анам» дейді - Ата-ананың міндеті:
- 1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы
- 2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету
- 3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу
- 4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу
- 5. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу
Ата-аналарға арналған кеңестер - - Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз
- - Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз
- - Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз
- - Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз
- - Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз
- - Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз
- - Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз
- Бірінші ереже: бірге бөлісу арқылы, барлығымыз бірге, біз барлық қиындықтарды жеңеміз
- Екінші ереже: ешқашан өз балаңызды басқалармен салыстырмаңыз
- Баладан ата-аналарға...
- Маған тиісе бермеңіздер және маған ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер, онда мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура келеді
- Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді, барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар да, ауыздарыңызға да алмаңыздар Бұл сіздермен өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады
- Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл осындай көзқарасты қалаймын. Бұл менің өз орнымды анықтауыма көмектеседі
- МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар
- Аяқталмаған сөйлем:
- – Егер баланы үнемі сынап отырса, ...
- – Егер балаға үнемі күлсе, ...
- – Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...
- – Егер бала төзімділікте өссе, ...
- – Егер бала адалдықта өссе, ...
- – Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...
- – Егер бала кекшілдікте өссе, ...
- – Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
- Дұрыс жауаптары:
- – Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуға құлқы болмайды)
- – Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді)
- – Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды)
- – Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады)
- – Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді)
- – Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды)
- – Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)
- – Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді)
- Кінәлі сөздер…
- 1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің
- 2. Неге сен басқа балалардай емессің?
- 3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір
- 4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың
- 5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады
- Дұрыс жауаптары:
- Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:
- 1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек
- 2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек
- 3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек
- 4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама»
- 5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек
Рефлексия - Әр ата-ана, мына екі сөйлемді аяқтаңыз:
- Осы кездесуден кейін, мен былай ойлаймын …
- 2. Осы кездесуден, мен мынаны аламын …
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!
Достарыңызбен бөлісу: |