Рөлдерде: Тілеу Күдері Зейнеп Жаныл І көрініс


Күдері: Ай, меңіреу-ау, ең болмаса, ауыл-үйдің амандығын сұрамайсың ба? Зергер тағы бір мырс етеді. Күдері



бет2/5
Дата16.03.2022
өлшемі19,39 Kb.
#135875
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өтер өмір дөңгелеп

Күдері: Ай, меңіреу-ау, ең болмаса, ауыл-үйдің амандығын сұрамайсың ба?
Зергер тағы бір мырс етеді.
Күдері: Ішің жарылып келгенде, бұл құлағыңды ұрайын, ең болмаса, ерінін қимылдатпайды-ау. Ау, меңіреу, шешең саған талғағанда құдай біледі, сақау біреудің сарқытын жеген.
Зергердің қияқ мұрты жыбыр етіп, құрдасына қарайды.
Күдері: Әй, осы сен менің ортаншым Алшынбекті білетін бе едің? Әне, өзіме тартқан айналайын, сол еді ғой. Үй түгілі ел ұстайтын алтын азаматым еді ғой. Балалар айтып келетін, мына Тасқараның Төкені есеп шығарғанда содан көшіріп алады деп. Сөйткен майқұлақ Төкен бүгінде совхоз директоры. Жер үстіндегі жиналыстың ешқайсысы онсыз өтпейді. Алматың түгілі Мәскеу аузына қарайтын көрінеді. Төкен екеш Төкенге дейін совхоз билегенде Алшынбек жаным дүркіретіп ауданды билеп отырмас па еді. Бірақ, жақсы құдайға да керек. Оны маңдайымызға сиғызды ма? (Зергер тағы бір мырс етеді.)
Зейнеп: Соғыста басылып, аман қалғандары елге оралды. Біздің отымызды жағар жалғыз ұлымыз Тілепалдыдан еш хабар шықпады. Мына сұм соғыстық азабынан қашан құтылар екенбіз. Өмірдің азабы балаңды бір көруге зар болып, иә өлісін, иә тірісін білмеу екен. ( Зейнеп орамалының ұшымен көзін сүртеді)
Күдері: Иә, Алланың сынағына көнуден басқа амалың бар ма, Зейнепжан! Осы Тілепалды мен Алшынбекжан екеуі оқуға келгенде судай ағатын еді ғой. Сүйегі асыл кісіні орыс танымаушы ма еді. Командир қып «айт», «два» деп айқайлатып қойған шығар. Еті пысық, көзі ашық жігіттерді әскерге алып қалыңдар, ауылға қолынан шыбыртқы ұстағаннан басқа ештеңе келмейтін можан-топайларды ғана қайтарыңдар деп мұртты шалдың өзі айтыпты ғой. Әлде ол күшіктер біреуді тауып алып, елге әкелуге де, өзі келуге де ұялып жүр ме екен? Одан несіне қаймығады екен! Көп болса немеремнің көзі көк болар. Келінім дәрет суымды жылытып бермес. Әй, жасық неме...
(Күдері сөйлеп шығып кетеді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет