Рөлдерде: Тілеу Күдері Зейнеп Жаныл І көрініс


Жаңыл: Мына ауылда кім бар? Ерке қыз... Зейнеп



бет4/5
Дата16.03.2022
өлшемі19,39 Kb.
#135875
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өтер өмір дөңгелеп

Жаңыл: Мына ауылда кім бар? Ерке қыз...
Зейнеп: Жеңешем келген сияқты...( тұра беріп сылқ етіп отыра кетіп жоқтау айтады. Оған жеңешесі де жалғап ұзақ жылайды. )
Жаңыл: Сонау Жемнен сенің қаралы қайғыңды естіп жеткенше... (сыртан баланың даусы естіледі.) Ойбой, кебежедегі баламды алмаппын-ау.
(Бұл сонау Жемнен келген Зейнептің жеңгесі Жаңыл еді. Жаңыл келгелі үй іші қу тыныштықтан арылғандай болды. Нәресте дауысы шыққанға, мазар тыныштықтан құтылған Тілеу қуанышты. Жаңыл қайынсіңлісі мен күйеубаласы Тілеуге сөйлей жөнелді.)
Жаңыл: Күйеу жігіт пен ерке қыз, мынау қырқынан әлі шықпаған жаман немені екеуіңе қара болсын деп алып келдім. Мырза құдайдың рақымы түсіп, ерке қыз құрсақ көтеріп жатса, бұл бесігін тербетер. Төріңде ұстаймын десең де, есігіңде ұстаймын десең де, біздің қөңіліміз баяғыдай. Ниет жақын болғанмен жер шалғай. Оның үстіне колхоздың бір отар қойының майлық-саулығында сылпып жүріп, қолымыз да тимейді. «Бас ауырар, балтыр сыздар» дегендей, қастарыңызда өзіміз болмағанмен, көзіміз болсын. Мында азырақ шашуым мен балаға өзім тіккен көйлек-көншегім бар.
(Екі әйел қоштасып, Жаңыл ауылына кетеді.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет