Рөлдерде: Тілеу Күдері Зейнеп Жаныл І көрініс


Жаңыл: Қош аман болыңдар! ІV көрініс



бет5/5
Дата16.03.2022
өлшемі19,39 Kb.
#135875
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өтер өмір дөңгелеп

Жаңыл: Қош аман болыңдар!
ІV көрініс:
Үй ішінде қуана алшаң басып жүрген Зейнеп.
Зейнеп: Шал, кішкентай бүгін қырқынан шығады. Қарын шашын алмайсың ба?
(Зейнеп құндақты әкеп алдына салды. Бірінші рет ұстағаны еді. Қолы қалтырап, пысылдап жатқан қызыл шақа сәбидің басына ұстара апара алмай дағдарып қалды.)
Тілеу: «Біссімілә!»— Аллам ғұмырыңды ұзақ етсін! Шырағымыздың жанғаны ма?
Зейнеп: Әлгі суылдаққа да тиылым бола қалғанын қарашы.
(Сол уақытта есіктен Күдері кіреді)
Тілеу: Әй, қу құрдасым, нағашеке жақсы келдің. Мына жаманға ат қойсам ба деп едім.
Күдері: Осы уақытқа дейін не деп келдіңдер?
Тілеу:Сол жаман немені не дейтін ек, жаман неме дей саламыз.
Күдері: Жаман немесі несі, атын Жақсылық қою керек.
Тілеу:Апыр-ай, біздің тұқымда ондай ат болмаушы еді. Артымызда тұяқ болып қала ма деп отырмыз. Осы күшіктің аты Тұяқ болса қайтеді.


Күдері: Әй, күшік, сенің атың Тұяқ! Естисің бе, ай? Тұяқ! Тұяқ! Тұяқ! Артынан ағарған ауыз тиіп бата қылды.
Тілеу: Ей, Аллам маған берген бұл сыйыңа да рақмет! «Алла асықпайды, адам асығады» деген осы болды ғой. Шүкір, шүкір ең болмағында ізімнен ерген тұяғым бар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет