Р/с оқу іс – әрекетінің тақырыбы күні



бет4/5
Дата22.01.2017
өлшемі0,91 Mb.
#7590
1   2   3   4   5

Күтілетін нәтиже:

жасайды: геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсыруды;

түсінеді: көлік қызметін, оның ерекшеліктерін;

қолданады: машина көлігі туралы мағлұматтар.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Бұршақты көйлек».

Мақсаты: кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ.

Сөздік жұмыс: киім.

Билннгвальды компонент: көйлек - платье, бұршақ - горошек.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз.

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық, толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгілікке біргеміз.



Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Балалар, бүгін бізге қуыршақ Ай­жан қонаққа келді. Бірақ Айжанның көңіл күйі жоқ екен. Себебі, қызыл көйлегіндегі бұршақтары түсіп қалыпты.

-Сендер Айжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме?

  • Айжанның көйлегінің түсі қандай екен?

Сөздік жұмыс: киім.

  • Бұршақтардың пішіні қандай?

  • Бұршағының түсі қандай екен?

  • Балалар, Айжанның көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақты жапсыруды бастайық.

Дөңгелек бұршақтарды Айжанның қызыл көйлегінің жеңдеріне, кеудесіне және етектеріне жапсыра­мыз. Айжанның бұршақ көйлегі дайын болды. Айжан да қуанып қалды.

Билингвальді компонент: көйлек - платье, бұршақ - горошек.

Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңбыр көп жауады.

Тамшылар тамады,

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Терезені қағады.

Жылғалар ағады,

Тырс -тырс, тырс -тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады.
Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды, қорытындылайды.


Педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді.


-Иә, көмектесеміз.

- Көйлегінің түсі қызыл.

Қайталайды: киім.

- Дөңгелек.

- Ақ.
Балалар педагогтің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.

Қайталайды: көйлек - платье, бұршақ - горошек.


Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл- қозғалыстар жасайды.
Балалар өздігінен жұмыс атқарады.

Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

  • Балалар, бүгін біз не істедік?

  • Айжанның көйлегіне не жапсырдық?

  • Бұршақтың түсі қандай?

  • Айжанның сендерге деген алғысы шексіз. Сендерге үлкен рахмет. Айжан балалармен қоштасады.

  • Айжанның көңілін көтеруге көмектестік.

  • Көйлегіне бұршақ жапсырдық. -Қызыл, ақ.

Балалар Айжанмен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыруды;

түсінеді: досына қиын сәтте көмек беруді;

қолданады: ретін сақтай отырып, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Әжеме арналған түрлі түсті моншақтар».

Мақсаты: түстер туралы түсініктерін нақтылау; моншақтар тура­лы, халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру; аппликация дағдыларын қалыптастыру; әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: халықаралық әйелдер мерекесі туралы әңгімелесу, өлеңдер жаттату, моншақгардың түрлерін көрсету.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: моншақ.

Билннгвальды компонент: ана-мама, әже-бабушка, моншақ-бусы.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме!» - деп, сәлемдесіп аламыз.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.


Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Балалар, наурыз айында болатын қандай мерекені білесіңдер?

  • 8 Наурыз кімдердің мерексі?

  • Ал сендер әжелеріңе сыйлық жасағыларың келе ме?

Олай болса, әжелеріңе арнап моншақ жасайық.

Сөздік жұмыс: моншақ.

Моншақты неден жасасақ бола­ды?

Дұрыс айтасыңдар, түрлі түсті дөңгелектерден жасайық. Бізде қызыл, сары, көк, жасыл, түстер бар екен. Осы дөңгелектерді түстері бойынша тізбектеп, дөңгелетіп жапсырамыз.



Билингвалып компонент: ана - мама, әже - бабушка, моншақ - бусы.

Сергіту сәті.

Қос бұрымға тағылған

Шашбау сылдыр етеді

Шолпыларың лағылдан

Бір ырғалып өтеді

Сырғаларың селт етсе,

Сыңғыр-сыңғыр етеді.

Қос білезік. жүзігің

Көзді тартып өтеді.

- Балалар, үйдегі әжелерімізді қуанту үшін моншақтарды әдемілеп тізбектеп жапсырайық. Әжелеріміз мереке қарсаңында қуанып қалсын.

Педагог балалармен жеке жұмыс өткізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.


  • 8 Наурыз.

  • Аналардың, әжелердің мерекесі

  • Иә, келеді.

Қайталайды: моншақ.

- Түрлі түсті дөңгелектерден.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


Қайталайды: ана - мама, әже - бабушка, моншақ - бусы.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар педагогтің айтқан ы бойынша тапсырманы орындайды.


Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

  • Балалар, біз бүгін немен айналыстық? Моншақтарды неден жасадық? Моншақтарды кімге арнап жасадық?

  • Жарайсыңдар, сендер өте әдемі моншақтар жасағандарың үшін рақмет айтамын.

- Әжемізге арнап түрлі түсті дөңгелектерден жапсырып моншақ жасадық.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: түрлі түсті дөңгелектерден;

түсінеді: 8 Наурыз аналар, әжелер мерекесі;

қолданады: дөңгелектерді қолдана отырып желімсіз жапсыруды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз».

Мақсаты: Жыл басы - Наурыз туралы мағлұмат беру; Нау­рыз мерекесінің ерекшелігі, ұйымдастырылуы туралы түсініктерін қалыптастыру; сәндік аппликация дағдыларын қалыптастыру; Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Наурыз мерекесі жайлы әңгімелесу.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: қонақжай халық.

Билннгвальды компонент: жыл басы - начало года.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме!» - деп, сәлемдесіп аламыз.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.


Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін орындайды.

Балалар педагогпен сәлемдеседі.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, наурыз айындағы мерекелерді есімізге түсірейікші.

22 Наурыз қазақ халқының Жаңа Жыл мерекесі-Жыл басы.

Бұл күнде әжелеріміз наурыз көже жасап, үй аралап қонаққа барады. Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастарқан жаяды. Қазақ халқы қонақжай халық.

Сөздік жұмыс: қонақжай халық.

- Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз.

- Балалар, кілемді немен әшекейлесек болады?

- Балалар, гүліміз қандай фигураға ұқсайды?

- Сабағының түсі қандай екен?

Билннгвальды компонент: жыл басы - начало года.

Негізгі бетке (фон) қызыл түсті кілем беріледі. Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз. Ал сабағын, одан сәл төменірек, гүлдің астына жапсырамыз. Осылайша, кілемнің 4 бұрышына 4 гүлді жапсырамыз.



Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.
- Балалар, Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.




- 22 Наурыз - Жыл басы. Наурыз мерекесі.

Балалар педагогтің әңгімесін мұқият тыңдайды.

Қайталайды: қонақжай халық.

- Гүлдермен әшекейлейміз.

- Төртбұрышқа ұқсайды.

- Жасыл.
Қайталайды: жыл басы - начало года.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды, қол қимылдарына қарайды.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар кілемді безендіруге жұмыла кіріседі.



Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

Педагог балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді

- Балалар, мерекеге орай, бүгін топты сендердің кілемдеріңмен безендіреміз. Балаларды мадақтайды.

Балалар өз ойларымен бөлісіп, тақтадағы әдемі жасалған жұмыстарды көрсетеді. Қуанышты көңіл күйде топты безендіруге кіріседі.



Күтілетін нәтиже:

жасайды: кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуді;

түсінеді: геометриялық фигураларды, ұлттықмейрамды, салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін;

қолданады: кілемді гүлмен безендіруді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Қоянға арналған баспалдақ».

Мақсаты: қағаз бетінде бағдарлай білу түсініктерін нақтылау; кеңістікті бағдарлай отырып, заттарды ретімен жапсыруды үйрету, пішіндер мен заттарды ажырата білуді үйрету; аппликация дағдыларын қалыптастыру; қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қоянның ерекшеліктері туралы әңгімелесу, баспалдақты құрастыру.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: баспалдақ.

Билннгвальды компонент: қоян - заяц, баспалдақ - лестница.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық



Шаттық шеңбері.
Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!



Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталап орындайды.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

— Балалар, сендер Айдар есімді қоянның сиқырлы екенін білесіңдер ме? Ол барабанда ойнап, одан неше түрлі дыбыстар шығара біледі екен. Бірақ, қоян келе жатқанда алдынан биік тау кездесіпті сол таудан өту үшін оған баспалдақ қажет болыпты.

- Балалар, қоянға баспалдақ жасауға көмектесеміз бе?



Сөздік жұмыс: баспалдақ.

- Баспалдақты неден жасасақ болады?

- Дұрыс айтасыңдар, баспалдақты төртбұрыштан жасайық. Баспалдақты жасау үшін төменнен бастаған жөн.

-Төртбұрыштардың түстері қандай?

Ол үшін ең астына 4 төртбұрышты тізбектеп қоямыз. Оның үстіне 3 төртбұрышты қоямыз. Оның үстіне 2 төртбұрышты және оның үстіне 1 төртбұрышты қоямыз.

- Міне, баспалдағымыз дайын. Қоян қуанатын болды.

Билиигвалын компонент: қоян - заяц, баспалдақ - лестница.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.
Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын қарастырады.



  • Төртбұрыштан жасаймыз.

Балалар таң қалалады.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


- Иә, көмектесеміз.

Қайталайды: баспалдақ.


- Төртбұрыштан жасаймыз.

Сары, жасыл, көк, қызыл.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


Қайталайды: қоян - заяц, баспалдақ - лестница.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар педагогтің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады.



Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

Балалардың жасаған жұмыстарынан алған әсерлері жайлы сұрайды.



  • Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?

  • Не жасадық?

  • Сендерге баспалдақ жасаған ұнады ма?

Бүгін белсенділіктерің үшін кеп рақмет.

Балалар өз ойларымен бөліседі.

- Айдар атты қоянға.

- Баспалдақ жасап бердік.

- Өте ұнады.

Балалар қуанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет