Күтілетін нәтиже:
жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, қызғалдақтарды рет- ретімен жапсыруды;
түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды;
қолданады: жапсыру іс-әрекетінде көркемдік талғамды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз».
Мақсаты: Жаңа Жыл мерексі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету; шыршаны безендіре білуді үйрету; тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа Жыл мерекесі жайлы әңгімелесу. Топтағы шыршаны безендіру.
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.
Сөздік жұмыс: шырша, шам.
Билннгвальды компонент: Жаңа Жыл - Новый Год, шырша - ёлка.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Жылулык шенберь
Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру.
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
|
Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс- әрекетін қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
- Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңер?
Сөздік жұмыс: шырша, шам.
- Жаңа Жылда не істейміз?
- Шыршаның түсі қандай болады?
- Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме?
- Олай болса, шыршамызды безендірейік. Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен. Фонға шырша берілген, сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз. Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз. Теменгі жағына 3 түсті: қызыл, сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Оның жоғарғы жағына: қызыл, сары; оның жоғарғы жағына: қызыл, көк түсті шарларды жапсырамыз. Жоғарғы жағына: сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Шыршамыз әдемі болған сияқты, бірақ бір нәрсе жетіспейді.
Балалар, шыршамызды безендірдік, алайда не жетіспей тұр?
Дұрыс айтасыңдар, жұлдызша.
Жұлдызымыздың түсі қандай?
Ол неше бұрышты?
Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз. Міне, Жаңа жылдық шыршамыз
дайын болды.
Билиигвальді компонент: Жаңа Жыл - Новый Год, шырша - ёлка.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қагып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тыныгып аламыз.
Балалармен жеке жұмыс өткізеді.
|
- Қыс мезгілі.
- Жаңа Жыл мерекесін білеміз. Қайталайды: шырша, шам.
Шыршаны безендіреміз. Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз.
Шыршаның түсі жасыл болады.
-Иә, сыйлық алғымыз келеді.
- Түрлі түсті дөңгелектермен.
Балалар педагогтің іс-әрекетін бақылап, айтқанын мұқият тыңдайды.
Балалар қуанады.
Қайталайды. Жаңа Жыл - Новый Год, шырша - ёлка.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап, қимыл- қозғалыстар жасайды.
Жанажылдық шыршаны безендіреді. Балалар тақтадағы жұмыстарын педагогпен бірге талдайды.
|
Рефлекциялық -түзетушілік
|
Рефлексия:
Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?
Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?
Шыршаны біз немен безендірдік? Жарайсыңдар, балалар!
|
Шыршаны.
Иә, ұнады.
Түрлі түсті дөңгелектермен.
|
Күтілетін нәтиже:
жасайды: шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;
түсінеді: Жана Жыл мерекесінің символы шырша екенін;
қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Ұзын құлақ ақ қоян».
Мақсаты: қоян туралы түсініктерді нақтылау; қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету; қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қоян туралы өлеңдер жаттату, оның дене бөліктерін қарастыру.
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, ойыншық қоян.
Сөздік жұмыс: Ұзын құлақ.
Билннгвальды компонент: қоян - заяц, ұзын - длинный.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Ғажайып сәт:
Шеңберде тұрған балалардың жанына қос аяқтап секіріп қоян келіп былай дейді:
Қайырлы күн, достар! Сендерді көргенімеөвте қуаныштымын.
Армысың, шапағатты Күн-ана!
Армысың, шапағатты Аспан- ана!
Армысың, мейірімді Жер - ана!
Күт дарыт, бар әлемді жарылка!
|
Шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін орындайды.
Балалар қоянмен амандасады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
Ал, қыстыгүні менің қайда мекендейтінімді кім айтады?
Қыстыгүні далада мекен ететін тағы қандай жануарларды білесіңдер?
Қоянның түсы, құлағы қандай болады?
Сөздік жұмыс: Ұзын құлақ.
Балалар, өздеріңнің қояндарың болғанын қалайсыңдар ма?
Балалар ұзын құлақ ақ қоянды жапсыруды үйреңгілерің келе ме?
Негізгі бетке (фонға) қоянның денесін жапсырамыз. Одан кейін басын және ұзын құлағын жапсырамыз.
Балалар, қоянның құйрығы қандай екен? Құйрығын жапсырамыз.
Қоянның аяқтары ұзын ба, әлде қысқа ма?
Иә, аяқтары қысқа болады. Енді аяқтарын жапсырамыз.
Билннгвальды компонент: қоян - заяц, ұзын - длинный.
Сергіту сәті.
Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді кишы,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
Жұмыс барысында қиналып отырған балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындылайды.
|
Қыс мезгілі.
Қыста далада қардың үстінде жүресің.
Қасқыр, түлкі.
Құлағы ұзын, түсі ақ, сұр болады.
Қайталайды: ұзын құлақ.
Иә, қалаймыз.
Үйренгіміз келеді.
Балалар мұқият тыңдап, педагогтің айтуы бойынша жапсырады.
Кішкентай түсі ақ болады.
Қайталайды: қоян - заяц, ұзын - длинный.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл- қозғалыстар жасайды.
Балалар қоянды көрсетілген ретілікпен жапсырады.
|
Рефлекциялық -түзетушілік
|
Рефлексия:
- Балалар, қоян қалай секіреді, бәріміз бірге қоян сияқты секіріп көрейік.
- Немен қоректенеді?
Балаларды марапаттайды.
|
Балалар бәрі қос аяқтап секіреді.
- Сәбізбен.
Балалар жұмыстарын аяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
|
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қоянның дене мүшелерін, оларды рет-ретімен жапсыруды;
түсінеді: жыл мезгіліне байланысты қоянның түсінің өзгеретінін;
қолданады: қыстыгүні даланы мекендейтін жануарды жапсыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Жемсауыттағы құстар».
Мақсаты: құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптастыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру; ұқыптыдылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құстардың қоректері мен ұялары туралы әңгімелесу..
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, аудиоқұрылғы арқылы құстар үні.
Сөздік жұмыс: Жемсауыт.
Билннгвальды компонент: құстар - птицы.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері.
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ тоған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
|
Шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Аудиоқұрылғы арқылы құстар үні қойылады.
Балалар, бұл нелердің дауысы?
Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Қыстыгүні мекен ететін құстарды білесіңлер ме? Қыста құстар аш қалмау үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.
Балалар, сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?
Сөздік жұмыс: Жемсауыт.
Негізгі бетте (фонда) жемсауыт жәнежем берілген. Осы бетке құстарды жапсырамыз. Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.
Қанаты қандай пішіннен жасалған?
Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.
Билннгвальды компонент: құстар - птицы.
Сергіту сәті.
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонбайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Шашылған нан қоқымын,
Шоқып-шоқып жиғайсың,
Сонда аязға тонбайсың.
Педагог іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.
|
Балалар әуенді тыңдай отырып, құстар әлеміне келгендей сезінеді.
- Құстардың дауысы.
- Қарғаны, торғайды.
- Иә.
- Жапсырғымыз келеді.
Қайталайды: Жемсауыт.
Педагогтің айтқанын мұқият тыңдай отырып, жұмысты орындайды.
- Доғал пішіннен.
Балалар екінші құсты да жапсырады.
Қайталайды: құстар - птицы.
Балалар тапсырманы орындайды, қимыл- қозғалыстар жасайды.
Балалар тақпақты педагогпен бірге қайталап айтады.
|
Рефлекциялық -түзетушілік
|
Рефлексия:
- Балалар, құстарға неге жем шашады?
- Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма?
Балаларды марапаттайды.
|
- Жемсауытқа жем шашады.
- Жоқ, қиын болған жоқ.
Балалар жұмыстарын аяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.
|
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қыста жылы жаққа ұшып кетпей қалып қоятын құстарды;
түсінеді: қыста құстарға қамқорлық керек екенін;
қолданады: түстерді ажырата білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Машина».
Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; машинаның қызметімен және бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру; танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы, оның бөліктері туралы әңгімелеу, сурет бойынша көрсету, әңгіме құрастыру.
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айдар, Айсұлу есімді қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: автокөлік.
Билннгвальды компонент: автокөлік - автотранспорт.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері.
Жұмбақ
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус.)
|
Балалар педагогтің жасырған жұмбағын шешеді: Автобус.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
- Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, тыңдаңдаршы.
Бұл Айсұлу мен Айдар атты қуыршақтарымыз екен ғой. Олардың көңіл-күйлері жоқ сияқты, өздерінен сұрап көрейік.
Қуыршақтар:
- Біз күнде әдемі машинамызбен серуенге шығатын едік, енді ол бұзылып қалды, бізге жаңасы керек болып тұр,-дейді.
Педагог:
- Айдар мен Айсұлуға біз көмектессек қалай болады, машина жасап берейік.
- Айдар, Айсұлу сендер бізге қосыласыңдар ма?
- Бүгін біз машина жапсыруды үйренеміз.
- Балалар, машинаның пішіні қандай?
- Ал оның қандай көлік түріне жататынын білесіңдер ме? Мен сендерге машина туралы іңгімелеп берейін. Машина жеңіл көлік түріне жатады. Оның көлемі үлкен болады және оның пішіні төртбұрыш тәріздес, сонымен қатар терезелері, дөңгелегі және негізгі бөлігі (корпусы) бар.
Қазір біз машина бөліктерін геометриялық фигуралардан жапсырамыз.
Сөздік жұмыс: автокөлік.
Ең алдымен корпусын доғал бұрыштан ал терезелерін, дөңгелектерін дөңгелектен жапсырамыз. Сонымен қатар оның шамдары және вамперлері болады.
Педагог апликация үлгісін көрсетеді.
Билннгвальды компонент: автокөлік –
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып аламыз.
Балалар, Айдар мен Айсұлудың көңіл күйлерін көтеру үшін жұмысты бастайық. Педагог жапсыру жұмысы кезінде қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізедіБалалардың жапсырған жұмыстарын талдайды, қорытындылайды.
|
Балалар тыныштала қалады
Келген қуыршақтармен амандасады, қуанады.
Балалар Айдар мен Айсұлудың айтқандарын мұқият тыңдайды.
- Көмектесуге дайынбыз.
- Төртбұрышты.
Балалар педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды.
Қайталайды: автокөлік.
Қайталайды:автокөлік–автотранспорт.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл- қозғалыстар жасайды.
Балалар тапсырманы орындайды.
|
Рефлекциялық -түзетушілік
|
Рефлексия:
- Балалар, біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істедік?
Сендерге жасаған жұмыстарың қызық болды ма?
Енді машиналарымызды Айдар мен Айсұлуға сыйлайық.Қуыршақтар балалармен қоштасады.
|
- Геометриялық фигуралардан машина көлігін жасадық. Иә, өте қызық болды.
Балалар Айдар мен Айсұлумен қоштасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |