«Шығармашылық» білім беру саласы
Жапсыру (І,ІІІ апта)
р/с
|
оқу іс – әрекетінің тақырыбы
|
күні
|
1.
|
Алаша.
|
07.09.15
|
2.
|
Ыдыстағы жеміс-жидек.
|
21.09.15
|
3.
|
Алаңқайдағы саңырауқұлақтар.
|
05.10.15
|
4.
|
Жапырақтар жауғанда.
|
19.10.15
|
5.
|
Ұшақ.
|
02.11.15
|
6.
|
Тәрелкедегі қиярлармен мен қызанақтар.
|
16.11.15
|
7.
|
Кесені әшекейлейміз.
|
30.11.15
|
8.
|
Шырша шамдарын жағамыз.
|
14.12.15
|
9.
|
Ұзын құлақ ақ қоян.
|
28.12.15
|
10.
|
Жем сауыттағы құстар.
|
11.01.16
|
11.
|
Машина.
|
25.01.16
|
12.
|
Бұршақты көйлек.
|
08.02.16
|
13.
|
Әжеме арналған түрлі - түсті моншақтар.
|
22.02.15
|
14.
|
Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз.
|
07.03.16
|
15.
|
Қоянға арналған баспалдақ.
|
21.03.16
|
16.
|
Көгалда серуендеген балапандар.
|
04.04.16
|
17.
|
Тышқан іні.
|
18.04.16
|
18.
|
Достарыма арналған шарлар.
|
02.05.16
|
Барлығы :
|
18 сағат
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Алаша»
Мақсаты: Балаларға кеңістікті бағдарлай білуге түсінік беру; балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру; жұмысты ұқыпты таза жасауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: тұрмыстық заттар туралы әңгіме өткізу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: тұрмыстық заттар туралы әңгіме өткізу.
Сөздік жұмыс: Алаша.
Билингвальды компонент: алаша - алаша (палас), жолақ - полоска.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардыңіс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Ғажайып сәт:
Балалар, бүгін біздің топқа қонақ келді. Қонақты қарсы алыа амандасып,танысайық.
Мяу, мяу, мяу,
Мен кішкентай мысық - марғау. Балалар, бүгін мен күнімді сендермен өткізгім келеді. Сендер мені қабылдайсыңдар ма?
|
Балалар марғаумен амандаып, танысады.
- Иә қабылдаймыз.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Балалар, тыңдаңдаршы, бір шуылдаған дыбыс естіледі. Бұл кім болды екен?
Балалар, бұл сиқырлы алашасы бар сиқыршы ағай екен. Ол сендерден көмек сұрап келіпті.
Көмектесесіңдер ме?
Онда сиқыршы ағайдың сұрақтарына жауап берейік. Бәріміз суретке қараймыз.
Сиқыршы ағай:
Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?
Иә, дұрыс айтасыңдар, алашаның суреті берілген.
Алаша қандай фигураға ұқсас?
Қандай түсті жолақтардан жасалған?
Сендерді өнерпаз балалар деп айтады. Сондықтан сендерден көмек сұрап келдім.
Балалар, менің ертегілер әлеміндегі ханзадаларым қиындыққа тап болды. Ол арға ұшатын алашалар керек.
Сөздік жұмыс: алаша.
Балалар, көмектесеміз бе?
Бүгін біз сендермен бірге ертегілер әлеміндегі ханзадаларға арналған алшалар жасаймыз.
Билингвальды компонент: алаша - алаша (палас), жолақ - полоска.
Біздің алдын ала үлгіден қиып алып дайындағанкөк және қызыл түсті жолақтарды кездестіре отырып, тігінен солдан оңға қарай үлгідегідей етіп жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Алладиннің алашасы қолымда,
Жерге жайып жібердім мен тұрдымда,
Томпаңдадым, топылдадым үстінде,
Бұл менің өңім бе, әлде түсім бе?
У. Оспанова
Сиқыршы ағай, марғау және педагог түсінбеген, қолының икемі келмейтін балаларға нұсқау беріп көмектеседі.
Сиқыршы ағай:
- Балалар, мен сендерге ризамын.
Жұмысты ұқыпты және мұқият істейді екенсіңдер. Менің ханзадаларым риза болатын болды.
Көмектерің үшін сендерге көп рақмет.
|
Балалар дыбысты мұқият тыңдайды.
Балалар суретке қарап, сұрақтарына жауап береді.
Тіктөртбұрышқа ұқсас.
Қызыл және көк.
Сиқыршы ағайды тыңдап, көмектесуге тілек білдіреді.
Қайталайды алаша.
- Иә, көмектесеміз.
Қайталайды: алаша - алаша (палас), жолақ - полоска.
Балалар педагогті мұқият тыңдап, оның жұмысты көрсетеніндей орындайды.
Өлең мәтініне сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар өздерін мақтағанға қуанып, жасаған жұмыстарын тақтаға іледі.
|
Рефлекциялық -түзетушілік
|
Рефлекция
Алашаның түсі қандай?
Алаша қандай фигураға ұқсайды?
Сендерге жасаған алашаларың ұнайды ма?
Жарайсыңдар, балалар, бүгін өте әдемі алаша жасадыңдар!
Сиқыршы ағай және марғау балалармен қоштасады.
|
Көк және қызыл жолақты.
Тіктөртбұрышқа.
Иә, ұнайды.
Балалармен сиқыршы ағаймен және марғаумен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
жасайды: заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;
түсінеді: ұқыпты және нұсқаумен жапсыруды;
қолданады: түстер мен пішіндерді ажырата білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Ыдыстағы жеміс- жидектер».
Мақсаты: жеміс-жидектер туралы түсініктерін нақтылау; ыдысқа жеміс-жидектерді дұрыс орналастыра білуі үйрету; ұқыпты жұмыс істеуге, жұмысты мұқият орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда жеміс ағаштарын бақылау, жеміс-жидектер туралы, олардың қай уақытта пісетіні жайлы әңгімелеп беру.
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: серуенге шыққанда жеміс ағаштарын бақылау, жеміс-жидектер туралы, олардың қай уақытта пісетіні жайлы әңгімелеп беру.
Сөздік жұмыс: жеміс-жидектер.
Билннгвальды компонент: жемістер - фрукты, жидек - ягода.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері.
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш. нұр іздеген.
Шуақ, толған жанымыз, журегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
|
Балалар шаттық шенберін құрып тұрады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
- Балалар, күздің бізге берер сыйы қандай?
Сөздік жұмыс: жеміс-жидектер.
Билннгвальды компонент: жемістер - фрукты, жидек - ягода.
- Күз мезгілі екенін біз қайдан білеміз?
- Қандай жеміс-жидектерді білесіңдер?
Алманың түсі қандай болады?
Пішіні қандай?
Құлпынайдың көлемі қандай?
Бүгін аналарыңа жеміс-жидек сыйлағыларың келе ме?
Сендердің алдарыңда әдемі жеміс- жидек салуға арналған тәрелкелер және жана ғана бақтан әкелінген жеміс- жидектер тұр.
-Ендеше, балалар, біз сол жеміс- жидектерді тәрелкеге орналастырайық. Мұқият қарап алыңдар, тәрелкеге жеміс- жидектерді бірінен кейін бірін әдемілеп жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Қолыма алдым 6ір алма,
Салдым оны аузыма.
Тағы алып құлпынай,
Жеп қоямын тосылмай.
А. Дамас
Баяу әуен ойнап тұрады. Педагог іс-әрекет барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.
Балалардың жасаған жұмыстарын тақтаға
орналастырады.
|
Күз айы бізге өте мол сыйлық береді. Қайталайды: жеміс- жидекгер.
Қайталайды: жемістер - фрукты, жидек - ягода.
- Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жаңбыр жауады.
Алма, алмұрт, банан, құлпынай, өрік, таңқурай.
Қызыл, сары, жасыл болады.
Дөңгелек.
Құлпынайдың көлемі кішкентай.
Иә.сыйлағымыз келеді.
Балалар тәрелкеге, жеміс-жидектерге қарайды.
Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды. Тапсырманы педагогтің айтқаны бойынша орындайды.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар ырғақты әуенмен тәрелкелерді жеміс-жидектерге толтырады.
|
Рефлекциялық -түзетушілік
|
Рефлексия:
- Балалар, оқу іс-әркект барысында нені жапсырдық?
- Тәрелкелеріңде қандай жеміс-жидектер бар?
- Бүгінгі жасаған жұмысымыз сендерге ұнадыма? Осы жасаған жемістеріңді аналарыңа сыйласаңдар болады.
Педагог балаларды мақтайды.
|
- Жеміс- жидектерді жапсырдық.
- Алма, құлпынай, алмұрт, банан, өрік.
- Иә. Жеміс - жидектерді жапсыру ұнады.
Балалар қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жеміс-жидектерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;
түсінеді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, жеміс атауларын; жеміс- жидектердің бір- бірінен айырмашылығын;
қолданады: аппликация іс-әрекеті арқылы жеміс-жидектерді жапсыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырақұлақтар».
Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау; түстерді ажырата білуді үйрету; тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу.
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ, Қарақат, себет.
Сөздік жұмыс: алаңқай.
Билннгвальды компонент: саңырауқұлақтар - грибы, күз - осень.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Ғажайып сәт:
Топқа қолында себеті бар қуыршақ Қарақат кіріп келеді.
Әдеп сақтап әманда
Әрбір адал адамға
Жасайық бір жақсылық,
Ынтымаққа қосылда.
Ар-мақсатың нық болсын,
Ақылыңнан тосылма.
|
Балалар Қарақат қуыршақты құшақтап, амандасады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Балалар, мені таныдыңдар ма?
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Иә, дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.
Менің себетімде саңырауқұлақтар бар. Бірақ бұл саңырауқұлақтар маған аздық етіп тұр, енді мен орманға себетімді саңырауқұлақпен толтыру үшін кетіп бара жатырмын.
Балалар, мендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдар ма?
Балалар Қарақат қуыршақпен алдын ала безендірілген топта әуен ырғағымен жүреді.
Балалар, біз орманға келдік.
Саңыруқұлақтарды іздемес бұрын суретке қарап, онымен танысып алайық.
Сөздік жұмыс: алаңқай.
Балалар, ормандағы саңырауқұлақтармен себетімді толтырдым, ал Ақтөс атты итіміздің көңіл-күйі жоқ. Оғанда алаңқайдағы саңыруқұлақтар керек сияқты. Ақтөстің көңілін көтеру үшін үлкен және кішкентай саңырауқұлақтар жасап берейік. Келісесіңдер ме?
Балалар, саңыруқұлақтың екі түрі болады: бірі жеуге жарамды, екіншісі жеуге жарамсыз – улы болып келеді. Саңыруқұлақтың қалпағы мен сабағы болады.
Билннгвальды компонент: саңырауқұлақтар - грибы, күз - осень.
Сергіту сәті.
Орманда кірпі келеді,
Саңыруқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуін қайың астынан,
Біреуін терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Фонда күннің, бұлттың, көгалдағы иттің суреті беріледі. Балалар көгалға саңырауқұлақтарды орналастыруы қажет. Қатырғықағаздағыкішкентай саңырауқұлақты Ақтөстің сол жағына, үлкен саңырауқұлақты Ақтөстің оң жағына орналастырамыз.
Педагог балалармен жеке жұмыс өткізеді.
|
-Иә, таныдық. Сен - Қарақат қуыршақсың.
- Күз мезгілі.
Балалар қуыршақтың әңгімесін мұқият тыңдайды.
- Иә, барамыз.
Балалар саппен қуыршақтың соңынан жүріп «орманға» барады.
- Екі бөліктен тұрады.
Қайталайды: алаңкай.
Балалар суретке карап, Акгөске көмектесуге дайын екендіктерін білдіреді. Балалар қуана келіседі.
Балалар қайталайды: саңырауқұлақтар - грибы, күз - осень.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар педагогтің түсіндіруін мұқият тыңдайды. Балалар қатырғы- қағаздан саңырауқұлақтарды алып көгалға жапсырады. Балалар өздігінен жұмыс атқарады.
|
Рефлекциялық -түзетушілік
|
Рефлексия:
Балалар, бүгін қайда бардық?
Орманнан не жинадық?
Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен?
Кімдерге көмектестік?
Актөстің қазіргі көңіл-күйі қандай?
|
- Қарақат қуыршақпен орманға бардық. - Саңырауқұлакгарды жинадық.
- Екі бөлітен тұрады.
Қарақат пен Ақтөске көмектестік. Балалар өз ойларымен бөліседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |