Сабақ №1 Сабақтың тақырыбы: Қызықты аңдар
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Дене шынықтыру
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ұлттық ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.
Тапсырма 1: «Тышқан мен мысық» ойыны
Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды, ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады. Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек. Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
Сурет-4
Тапсырма 2: «Түйілген орамал» ойыны.
Балаларға түйілген орамал беріледі. Түйілген орамалды балалар бір-біріне жабайы аңдардың атын айтып лақтырады. Мысалы: бірінші бала «арыстан» деп орамалды лақтырса, келесі бала орамалды қағып алып «түлкі» деп келесі балаға лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді.