Қазіргі кезде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр, осы бағдарлама аясында мектепке дейінгі мекемелерде көптеп қолға алынды. Елбасымыздың өз сөзінде ұлттық тәрбиеміз ол біздің ұлттық кодымыз, сондықтанда мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық ойындарды жүйелеп қолдану осы бағдарлама аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әр халықтың ғасырлар түкпірінен келе жатқан, бүгінгі күнгі ұрпақтарына мирас етіп қалдырар рухани, мәдени, өнер туындылары бар. Солардың қатарына ұлттық ойындарды да қосуға болады. Жан-жақты дамыған, «Сегіз қырлы, бір сырлы» адам тәрбиелеп өсіру, оны жан-жақты тұлғаландыру халық арманы болған. Сондықтан жас ұрпақтан тек ақыл ойын ғана дамытып қоймай, дене тәрбиесін жетілдірудің мүмкіншіліктерін қарастырған.
Бұл бағдарламадағы ұлттық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды. Ұлттық ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі көпшілігі асық ойындары болып табылады. Жұрттар ол бала ойыны, олардың еріккенде ойнайтын негізгі ермегі деп біледі. Біріншіден, бұл материалдық шындық өмірмен астасып жатыр, екіншіден, мұнда жарыс, тартыс бар, ұту-ұтылу бар. Ал, бәсеке мен жарыс бар жерде ойлау бар, амал-айла қатар жүреді. Екіншіден, ойын дене мен ақыл ойдың бірдей жаттықтырушысы. Үшіншіден, адамның қимыл-қозғалысын, дене бітімін, жүріс-тұрысын реттейді. Адамның сымбатты, әдемі болып өсуіне де әсер етеді. Мәселен, асықты қалай болса солай лақтыруға болмайды. Тігілген асықты ату үшін, белгілі-бір қалыпта аяқты бір-бірінен ілгері-кейінді алшақтау ұстап, еңкейіңкіреп, дәлдеп серпіңіңкіреп атады. Асық ойнаған баланың балтыры, саны, қолының қарын еттері, тіпті тұла бойының бұлшық еттерінің бәрі бірдей жетіліп ширай түседі. Асық ойынының осыншама мол тәрбиелік қасиеттерін жоққа шығаруға болама? Әрине болмайды. Біздің заманымызда бос қарап жүргеннен, еріккеннен тәрбиеге мүлдем жат қылықтармен айналысып, жастайынан темекі тартып, түрлі ішімдікке салынып, нашақорлыққа үйір болып жүргендер аз емес. Таза, гигиеналық нормалар сақталған бала болса, бұл біздің салауаттық өмірімізге көп пайдасын тигізер еді [34, б.12-13].
Қазақ халық ойындарының көпшілігі ашық ауада ойнайды. Бұл ойындар өте әртүрлі, көп қозғалысты талап етеді, тапқырлық, талғампаздық, әртүрлі физикалық дағдыларды береді! Сондықтан олар денені және жан-дүниені керемет түрде қатайтады. Мұндай ойындар тек денсаулығына пайдалы емес, сонымен бірге білім алу үшін қажет.
Балаларды тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың маңызы өте зор, себебі сөз, әуен және әрекет олармен тығыз байланысты. Ұлттық ойындар арқылы қазақтар қолданыстағы тәртіпті, халық әдет-ғұрыптарын құрметтеді және оны белгілі бір мінез-құлық ережелеріне үйретті. Қазақстандық балаларға арналған ойындар - маңызды сабақтар, ересек өмір үшін жұмысқа дайындық сабақтары. Әлеуметтік белсенділіктен бұрынғы ойын, оның киім-кешегі жаттығуы секілді, кейде еңбек мерекелерімен біріктіріледі және жұмыстың ақырғы бөлігіне және тіпті процестің өзіне кіретін ажырамас элемент ретінде кіреді. Осылайша, ойындар жұмысқа дайындалып, жұмыс ойындармен, көңілді, жалпы көңілмен аяқталады. А.Д.Диваев қазақ балаларының ұлттық ойындарын сипаттап қана қоймай, қазақ ұлттық ойындарының бірінші классификациясын да құрғанын атап өткен жөн.
Ғылыми жүйе ағымында бірінші рет дене шынықтырудың халықтың тәсілі қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын М.Гуннердің еңбегінен көруімізге болады, ол қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын белгілері бойынша былай қылып жіктеуді ұсынған; жалпы сипаттағы ойындар; ашық алаңдағы ойындар; қыс кезіндегі ойындар, т.б. Мұндай ұсынысты автор қозғалыс ойындарының жалпы ережесі негізінде ұсынады.
Бүгінгі мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық ойындарды дене шынықтыру пәнінде пайдалану, ұлттық дәстүрлерді жастардың санасына дене тәрбиесі арқылы сіңірумен бірге, халықтың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани байлығын бүгінгі заман талабына сай іске қосудың тиімді бір долы және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мен олардың үндестігін сақтаудың тәсілі. Бұл барлық ұлттардың ойындарына тән қасиет. Сондықтан олардың барлығы да ұлттық ойындарын дене тәрбиесінің құралы деп біледі. Қазақ халқының ұлттық ойындары, қолданыс ауқымы жағынан диапозоны кең, әржақты болып келеді. Оған себеп болған, әсіресе, көшпелі тұрмысы мен шаруашылық, экономикалық ортасының әсері. Көшпелілер мәдениетінің көш басында тұрған халқымыз өзіндік ерекшелігі бар мәдени орта жасай білген.
Сол халық жасаған бай мұраның бір айырықша бөлігінің сыбағалы салмағы дене тәрбиесінің үлесіне тиеді. Қазақтың ұлттық ойындарының шығу, жасалу тегінің өзі белгілі бір мақсат бірлестігін, тек көңіл көтеру, көз қуанышы ретінде қызметі ғана емес, адамға тән қасиеттерді тұтас алып дамытуға меңзейтінін көрсетеді. Сондықтан мұнда ойын-сауық тұрмыс-салтпен байланысты да, адамның денесін шынықтырып, спорттың небір қиын көп жаттығатын түрлері де, адам ойын шыңдап ой жаттықтырушысы қызметін атқаратындарды да жетерлік. Сонымен қазақтың ұлттық ойындары басқа жұрттағыдай тек дене шынықтыру құралы ғана емес, бүкіл адами болмыстың даму, қалыптасу негізін құрайтын өнер бастаудың да негізі екенін айтуға тиіспіз [35, б.123].
Ұлттық ойынды тәрбиеші ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында пайдалану үшін оны не мақсатпен пайдаланатынын анық, айқын біліп, түсіндіріп, сезінуі мен бірге, өзі қолданғалы отырған ұлттық ойынды жақсы біліп, одан шығатын нәтижелі күн ілгері санасында жобалап алғаны дұрыс
Рухани жаңғыру аясында ұлттық ойынды ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында қолданудың негізі – дене шынықтыру сабағының сапасын жақсарту үшін, тәрбиеші өзінің алдына қойған мқсатына жетудің жолын жеңілдету үшін пайдаланады. Сондықтан ол дене шынықтыру сабағында балалардың ұғымын жетілдіріп, табысқа жеткізудің мүмкіншіліктері оңайлатылатын сабақ тәсілдері мен түрлерін іздестіреді. Халық ойындарын ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті ортасында пайдалану дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды дұрыс қабылдап түсініп ұғынуына негізделеді. Мектепке дейінгі балалардың назары тұрақты болмайды. Көп жағдайларда дене жаттығуларын тәрбиешінің көрсетуі бойынша қайталай береді.
Балалардың назарын оқу-іс әрекетіне аудару үшін тәрбиеші ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің ортасында 5-7 минут оларды еліктіріп, қызығушылығын туғызатын халықтың қимыл ойындарын ойнатып, олардың назарын бір мақсатқа бағыттап, осының негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі материалдарға аударады. Ал, ойынды ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті аяғында, көбінесе балалар негізгі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Әсіресе, ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті бітерге 5-10 минут қалғанда ойынға көшкен жөн [36, б.24].
Балаларға арналған қазақ ұлттық ойындары гаджеттерге тамаша балама болып табылады. Олар 7 жасқа толмаған балалардың психикалық дамуына оң әсер етеді. Сонымен, бала әлем туралы біледі, ақыл-кеңейтеді, өз халқының салт-дәстүрлері туралы көбірек біледі, моральдық-этикалық қағидаттарды қабылдайды. Бала халық қазынасына қандай ұлттық қазақ ойындарын ұсынуға болатындығын біледі. Балаңызды ешқашанда ұмытпаңыз және балаңызға компьютер, смартфон немесе теледидарсыз қалай көңілді өткізуге болатынын көрсетіңіз. Ашық ойындар балалар тобын қамтиды, сондықтан топты жинап, көңіл көтеруді және жақсы уақытты өткізуді көрсетіңіз. Қазақ балалар - көшпелі жауынгерлердің мұрагерлері, сондықтан оларға төзімділікті, икемділікті, дәлдікті, жауаптылықты қажет ететін көңілді жақындығы бар. Ашық ойындар осы қасиеттерді дамытуға бағытталған [37, б.74].
Мектепке дейінгі ұлттық ойындар баланың жетекші қызметіне айналады. Сарапшылар бұл ұлттық ойын физикалық, психикалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамудың оңтайлы негізі екенін атап көрсетеді. Ұлттық ойынның құны бүкіл әлем тәрбиешілерімен танылады. Арнайы әдебиеттердің деректерін талдау нәтижелері көрсеткендей, барлық елдерде мектепке дейінгі тәрбиешілердің дене тәрбиесі бойынша бағдарламалар жатады, олар көбінесе тегін деп аталады. Оқытушының міндеті, балалардың бастамасын ешқашан тоқтатпау, ойынды дұрыс бағытта бағыттау болып табылады. Сарапшылардың көпшілігі біздің елімізде де, шетелде де мұндай көзқарастарды ұстанады. Атап айтқанда, мұндай идеяларды Даниядағы танымал педагогикалық теорияның негізін қалаушы Астрид Госсел білдірді.
Дегенмен, күтім жасаушы ойынның бақылау деңгейінде айырмашылық бар. Мысалы, Францияның мектепке дейінгі мекемелерінде тәрбиеші балалардағы физикалық белсенділікті үнемі қадағалап отырады, Ұлыбританияда - керісінше, балалар ашық ойындар ойнайды. Американдық сарапшылар мұғалімнің оңтайлы дәрежесін анықтауда моторлық тапсырмалардың ерекшеліктерінен шығуды талап етті.
Ұлттық ойындарының бойында тұтас педагогикалық процестің негіздері бар. Тұтас педагогикалық үрдістің құрамына – оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, дамыта оқытып, дамыта тәрбиелеу процестерінің табиғи бірлігі жатады. Ал ұлт ойындарының бойына ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесінің негіздері бойына сіңіскен. Сондықтан ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негіздерін сөз еткенде оның дидактикалық негіздері туралы сөз айтпай өтуге болмайды [38, б.145].
Ұлттық ойындарының дидактикалық негіздерін сөз еткенде, ең алдымен ойын мотивінің айқындығы мен анықтылығын айтуымыз керек. Ойын түрткісі-жеңіс. Ойын шиеленіскен қызықты тартысқа негізделеді. Сондықтан, қандай ойын болмасын оның соңғы қорытындысы жеңіспен аяқталуға тиіс немесе тең аяқталады. Қандай жағдайда болмасын белгілі бір қорытындыға келеді. Олай болса, баланың ойланып-толғануы қажет, сол арқылы оның ақыл-ойы, ерік-қайраты, төзімділігі, еңбекке деген ниеті жеңіске деген ұмтылысы т.б. сапалары дамиды.
Ұлттық ойындарды дидактикалық материалдар ретінде пайдалану бірыңғай ойын ұйымдастырлыған оқу-іс әрекетін өткізу деген сөз емес. Оны тиімді әрі ыңғайлы пайдаланудың жолдары бар. Ол тиімділігін арттырып, балалардың сабақтың әр кезіңінде сергектікпен жұмыс істеу қабілетін сақтауға мүмкіншілік береді.
Ұлттық ойыны-руларды, тайпаларды, халықты одан бергі жерде тұтас бір ұлтты өмірге әкеліп, оны ұлт ретінде шыңдап, өзіндік ерекшелік, ұлттық сапа, ұлтқа тән әдет-ғұрып дәстүр жасаушы, бүкіл ұлтқа тән ашық мектепке айналды.
Бүгінгі жұрт оған менсінбей қарайтын болды. Алайда шындықтан қашып құтыла алмайсың. Қандай бүркегенмен күннің нұрын жауып қою мүмкін еместігіндей, ұлт ойындарының адам баласының өркениетті өскелең өмірге бастап, оны аяғынан тік тұрғызған, тілін шығарып, абстракциялық ойлау мен логикалық ой-толғамдарына, дүние танымындағы философиялық ой жүйелерінің күрделі категорияларын сатылып меңгеруге дейін, әлемді барлап космосты зерттеу, жер тартылысынан босанып шығу, әлем кеңістігін шарлау, одан ойлаудың жоғарғы сатысына жеткен тіршілік иесін табу т.б. құбылыстардың түп атасы осы қарапайым ұлт ойындарынан туындайды [39, б.4-5].
Ұлттың негізгі бір мәнді ерекшелігі оны басқаларға ұлт ретінде танытатын тілі десек, бала сол тіл негізін ойын үстінде меңгеріп, үйреніп, ілгері дамытады. Әдет-ғұрып,салт-дәстүр, салт-сана, дәстүр ұлтты өзінше көркейтіп, басқалардан өңегелі ерекшелеп көрсететін құбылыс десек, соның бәрі балаға жастайынан беріледі. Оны бала бойына ойын үстінде қабылдап, ұжымдық өмірдің алғашқы сабағын алады. Адам бойында ділдіде, тілді де қалыптастыратын да ұлттық ойындар. Ол бұл салада күнбе-күнгі өмір сүру барысында көзге көрінбей, бала бойына біртіндеп кіріп, бүкіл өміріне негіз қалайды.
Ұлттық ойындардың бойындағы осы қасиеттері бүгінгі күнгі егемен елдің өз ерекшелігін айқындап, дараландырып беретін, тілін, ділін айқындайтын өткен тарихынан хабар беріп, ойлау жүйелерінің ұлтқа тән логикалық негіздерін қалайтын, денсаулығын оңдап, салауаттық өмір салтын мұра тұтқан жан-жақты дамыған дара тұлғаларды қалыптастыратын адам өмірінің даму барысында басқа да тәрбие құралдарымен астаса отырып, бүгінгі егемен елдің белсенді азаматтарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосатын нәрменді құрал [40, б.51-52].
Қазақ халқынның ұлттық ойындарын зерттеп, тәжірибеде қолдана отырып, ғылыми еңбектер жазумыздың барысында, біздің ұлттық ойындарға деген көзқарасымызды айқындап, адам баласының адам тәрбиесіне арнайы жасаған дүниелерінің ішінде, оның көп қырлы жан-жақты, алуан қырлы салалы тәрбие құралы екендігіне көзімізді жеткіздік. Олай болса ұлттық ойын егеменді елдің жас ұрпағына дара тұлға етіп, денсаулығын мықты, салауатты өмір салтына бағдарлай тәрбиелеуде бүгінгі талапқа сай мектептегі тұтас педагогикалық үрдісті жетілдіре түсудің дидактикалық әдісі қызметін атқарары сөзсіз.
Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтын, күрделі іс-әрекеттердің басын құрайды. Ұлт ойындарының болашағы зор жастарға берер тәрбиелік негіздерін, олардың тәжірибедегі қолдану мүмкіншілігінің пайдалы салмағын ескере отырып, былайша топтастыруға болады.
Атап айтқанда: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек және өнер т.б. тәрбиелер. Бұлардың мектепке дейінгі мекемелердегі тұтас педагогикалық үрдісті, жеке дара тұлғаны, салауатты өмір салтына бағыттайтын, жастар бойына білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді дарытатын оқу орындарындағы басқа да дидактикалық құралдармен астасып, ұштасып негізгі мақсатқа жетуге зор ықпал ететіні анық [41, б.82].
Сонымен бірге, қазақ халқының ұлттық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың даралық тұлға ретінде қалыптасуына, олардың жеке басының жан-жақты өсіп-өркендеуіне де айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. Біздің мектепке дейінгі мекемелерде жүргізген бақылау, эксперименттік жұмыстарымыз ұлт ойындары қатынасқан ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне және олардың оқта-текте ғана емес, әрдайым үзбей жүргізілуі мектепке дейінгі балаларының біртіндеп мүлде басқа моральдық, адамгершілік және дене дамуы жағынан оңды өзгерістерге ұшырайтындықтары анықтады. Ол үшін біз қатар топтарды алып оның бәрін бақылауға алдық та, екіншісіне эксперимент жүргіздік. Жүргізген жұмыстың нәтижесінде үнемі сабақта ойын элементтерін пайдаланған сыныптарда оқушылардың тәртібі, сабаққа қатынасы, сабаққа деген қызығушылығын, ынта-ықыласы үлгеру белсенділігі өсе түсті [42, б.22]. Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл-қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын да сондай қажеттілік болып саналады.
Бағдарламадағы ойынға бөлінген уақытты тиімді пайдалану керек. Ол үшін тәрбиеші бағдарламада ұсынылған ойындарды іріктеп алып, оның мазмұнымен, ережесімен жете танысады. Тәрбиеші өз тобында ойынға қажетті құралдарды реттеп қоя отырып, ойынға тартады, ойын ойнау кезінде балалар өзара пікір алысып, жақындаса түседі. Тәрбиеші топтағы әр баланың мінез-құлқын ойын ойнау барысында әр қырынан көріп, білетін болады. Балалар достарында іріктеп алады, әр бала өз қалауымен достасады [43, б.91-93].
Сәбилер тобымен салыстырғанда, ересектер тобы балаларының ойынын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сәбилер тобының балалары үшін ең қажеттісі – түрлі ойыншықтар. Ал ересекетер тобында ойын әрекетін ұйымдастыру ойыншықтардың аз-көптігіне қарамайды. Қайта ересектер тобының балалары ойынды өздігінен ұйымдастыру барысында қандай ойыншықтар керек екенін өздері келісіп, анықтайды. Олар өздерінің өмірден көрген-білгендерін, азды-көпті жинақтаған тәжірибелерін ойын кезінде әрі қарай өрбітіп, дамыта түседі. Ұжымдық ойын балалардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіріп, ұнамды мінез - құлық машықтарын қалыптастырады. Ересектер тобында ойыншықтардың тым көп болуы балалардың ойлауын, қиял қабілетін тежейді. Бұл топтың балаларына тән қасиет олар өздерінің ұшқыр қиялдарын іске жегіп, жаңа ойын түрлерін ойлап тауып,оларға қажетті атрубуттардың өзі болмағанымен, соларға ұқсас заттарды алмастырып пайдаланады. Тәрбиеші балалардың осындай шығармашылық бастамаларын дер кезінде қолдап, бағыт беріп отырған игі. Тәрбиешінің балаларға әсерлі әңгіме, ертегілерді оқып- айтуы, рөлдерге бөліп сахналатуы, сабаққа мәдени орындарға, т.б. көрікті жерлерге сенуенге жиі апарып отыруы олардың білімін, танымын жан-жақты кеңейтеді [44, б.122-123].
Қазақ ұлттық ойындары мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуы міндеттерін жүзеге асыруға ықпал ететін эмоционалды, танымдық және білім беру кешендерінің негізін қалайтын ұлттық және ойын фольклорының үлгісі ретінде танымал даналықтың бөлігі ретінде әрекет етеді.
Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтын, күрделі іс-әрекеттердің басын құрайды. Ұлт ойындарының болашағы зор жастарға берер тәрбиелік негіздерін, олардың тәжірибедегі қолдану мүмкіншілігінің пайдалы салмағын ескере отырып, былайша топтастыруға болады [45, б.45].
Достарыңызбен бөлісу: |