«рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі балаларға ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту» деп алып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу тақырыбы



бет18/26
Дата07.02.2022
өлшемі4,31 Mb.
#94168
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
дплом дурысы

Сабақ №5
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Мақсаты: Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы білімдерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты,белседілікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағыну, дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген сеніммен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадын дамытып, әрекет үйлесімін жетілдіру.
Тапсырма 1Ақ қоян» ұлттық ойыны
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші - дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

Сурет-12


Тапсырма 2: «Қарлығаш» ұлттық ойыны
Ойын мазмұны: Диаметрі 1 м шеңбер сызылады, санамақ бойынша екі бастаушыны "қарлығаш" пен "күзетші" сайлайды.
Қарлығаш шеңбердің ортасында отырады. Күзетші оны айналып, басқа ойыншылардан қорғап жүреді. Ойыншылар қарлығашты түртіп қалады. Күзетші оларды ұстап алу керек. Ұсталған ойыншы күзетші болады. Қарлығаш 2-3 күзетші ауысқаннан кейін келісім бойынша ауыстырылады.

Сурет-13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет