Сабақ №7
Сабақтың тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»
Мақсаты:
1) Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың пайдасын түсіндіру.
2) Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Зеректілігін, қимыл-қозғалысын, дене белсенділігін дамыту.
3) Табиғатқа сүйіспеншілік, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Тапсырма 1: «Ұшты-ұшты» ұлттық ойыны.
Бастаушы ойынға қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша балалар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтуы тиіс . Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.Мысалы:
Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі ұшты
Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты –үйрек ұшты
Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты
Сурет-16
Тапсырма 2: «Ақсүйек» ұлттық ойыны
Тәрбиеші тақтаға ақсүйектін суретін іледі. Суреттін артында құстардың суреттері берілген. Бала ақсүйекті алып суретте берілген құстарды суреттеп айып беруі тиіс.
Сурет-17
Достарыңызбен бөлісу: |