Этнопедагогикалық тәсілтәрбиені ұлттық этникалық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толықтыруды, барлық азаматтардың ана тілін үйренуге және ана тілінде сөйлеулеріне, өз ұлтының салт-дәстүрлерін зерделеугежағдай жасауды көздейді.
Этномәдени тәсілұлттық білім алушы тұлғасының тәрбиесі ретінде (өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерделеу және меңгеруді этникалық әлеуметтену қажетті шарт ретінде)қарастыруды көздейді. Ол басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін білуге қызығушылық тудырумен; жалпыазаматтық құндылықтарды меңгерумен, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау білігін және дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланыста болуы тиіс.
Көпэтникалық, көпмәдениеттілік тәсіл.Аталған тәсілдің мақсаты: -үйлесімді тәрбиелеу, шынайы-позитивті, рухани-адамгершілік (этносқа қарамастан) қатынастар, әлемдік мәдени мұра мен шетел тілдерін меңгеру, көпмәдениетті білім беруді және этносаралық толеранттылықты дамыту; - көпұлтты және көпмәдениетті ортада әртүрлі ұлт, нәсіл, діни наным-сенімді ұстанатын адамдармен бейбіт әрі келісіммен өмір сүре алатын, жоғары түсінікке ие және басқа мәдениеттерді құрметтей алатын, белсенді және жақсы өмір сүруге қабілетті тұлға тәрбиелеу;- олардың көзқарасына, мінез-құлқына, әдетіне, өзара құрметке ұмтылуда байқалатын әртүрлі қызығушылықтар мен ешбір қысым көрсетпей, түсіндіру мен құрмет көрсету әдісін қолдана отырып көзқарасты түсіну мен келісуде этникалық, ұлттық немесе мәдени қатынасына қарамастан басқа адамдарға шыдамдылықтанытумен сипатталатын этносаралық толеранттылықты (тұлғаның моральдық қасиеті) дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |