«рухани жаңҒыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері


Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары



бет14/28
Дата07.02.2022
өлшемі97,06 Kb.
#82463
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

9. Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.


Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.
Мақсаты: патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белсенді азаматтық ұстанымы және ортақ ұлы ұлтқа қатысы бар патриот тәрбиелеу мақсаты болып табылатын «Отаным – тағдырым» (патриоттық), «Атамекен» шағын бағдарламасында берілген бағытқа лайық қарастырған жөн.
Қамтамасыз ету жолдары: бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда Біртұтас Ұлттың жауапты Тұлғаға назар аудара отырып жастар қозғалысын қайта форматтау; қоғамның әртүрлі салаларында белсенді көрініс арқылы азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу; балалар бастамаларына қолдау көрсету арқылы көшбасшылықты қолдау; азаматтық белсенділікті және кіші Отан тағдыры үшін жауапты сезімді күшейту.
Бағалау критерийлері: Отанға, мемлекеттік жүйе, мемлекеттік саясат, мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, мемлекеттік рәміздері (елтаңба, ту, әнұраны), заң және тәртіпке; ұлтаралық және конфессияаралық келісім, елдегі достық; экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы өз елінің жетістіктері; басқа адамның құндылықтары, құқықтары мен бостандықтары; өздерінің аймағының (ауыл, қала, маңайдағы) табиғаты, мәдени және тарихи өмірі; құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; заңдардың, құқықтардың және міндеттердің талаптары; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш пен жауапкершілік сезімін байыту.
Іске асыру тетігі:
1. Сабақтар, оқу пәндері, сыныптан тыс іс-шаралар, қосымша білім беру. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберінде ерлік, ар-намыс және қадір-қасиет туралы, Отанға адал қызмет көрсету, дебаттар мен пікірталас клубтарын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақыратын патриоттық форумдар, іс-шаралар ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және мемлекеттік нышандарының атрибуттарын білу бойынша конкурстар мен мектеп олимпиадаларын өткізу. Қазақстанда тұратын қазақ халқы мен басқа да этникалық топтардың мәдени мұраларын, салт-дәстүрлерін зерттеуге арналған жергілікті тарихи экспедицияларын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметкерлер, әдебиет, өнер, ғылым, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот төрелігі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесулер; балалар және жастар бастамасы жобаларының жүйесін дамыту. Балалар мен жастар қозғалысын жандандыру; мемлекеттік қаражатпен бірлескен қызмет; әңгімелер, лекциялар, семинарлар, тренингтер; экскурсиялар; құқықтық ақпараттық материалдарды тарату; «Сенімді қызметтер» ұйымын, «Мен және заң» акциясын, «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» атты шараларды ұйымдастыру.
2. «Рухани жаңғыру» - «Жас ұлан», «Жұлдыз», Ұлы дала скауттары, жас патриоттар және т.б. құндылықтарға негізделген; «Сөз - тілдің көркі» (Білім алушыларға классиктердің және қазіргі заман ақындарының, қазақ ойшылдарының шығармаларын, тілдік фестивальдер, конкурстар, көркемөнерпаздар байқауын, айтыстар, пікірталастар және т.б ұйымдастыру) «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» (балалар бастамаларына қолдау көрсету); «Салауатты ұрпақ» (студенттік және мектеп білім алушыларының спорт лигасының дамыту) балалар мен жастар қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамыту.
Басты іс-шаралар: 1) «Атқа міну мәдениеті». Туристік-өлкетану маршруттары мен жарыстар, мұражайлар; 3) «Отан қорғаушы». Әскери-патриоттық клубтар құру; 2) «Алау». Патриоттық және әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізу; 4) «Белсенді жаз». Демалыс кездерінде әскери-спорттық, бейіндік патриоттық ауысымды ұйымдастыру; балалар және жастар қозғалысының көшбасшылары; 5) мектептерде тарихи және археологиялық қозғалыстар жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет