«рухани жаңҒыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері



бет12/28
Дата07.02.2022
өлшемі97,06 Kb.
#82463
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Қызметтік қөзқараспедагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ұстанымына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.

Сол немесе өзгеде қызметтің тиімділігі тұлғаның дербестік дәрежесіне, шығармашылық белсенділігіне, қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және өзін-өзі өзгертуге әзірлігіне тәуелді.

Жүйелілік-тұтастық көзқарас. Жүйелілік және тұтастық «тұлға өзін басқаларға тұтас феномен ретінде көрсетеді және әр жеке мінез-құлық жағдайында әлемге (қоғамға, басқа адамдарға, өзіне) қатысты өзінің тұлғалық көзқарас жүйесін құрастырады. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретіндегі тұлғаның тұтастығы жалпы педагогикалық процесте және оның барлық субъектілерінің (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) бағыныштылығын көрсетеді.


Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Гуманистік көзқарас (гуманистік бағыт қағидаты)педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъекті ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.
Мәденисәйкестілік тәсілі. Тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Аксиологиялық тәсіл. Аксиологиялық (құндылықты) тәсіл тұлға адамзаттың ең жоғары құндылығы болатын, барлық гуманистік тұжырымдамалардың негізі болып табылады.Аксиологиялық тәсіл – тәрбие рухани-адамгершілік дәстүрлерге, сонымен қатар ұлттықжәне әлемдік мәдениетке негізделуі тиіс деп бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет