2.2 Елжандылық элементтері негізінде жастардың тұлғасын қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың әдістері Бір жағынан азаматтық және әскери мамандықтар бойынша оқытудың мақсат, мазмұн, форма мен әдісіндегі айырмашылық салдарынан жоғарғы оқу орындағы әскери даярлық азаматтық жоғарғы оқу орында алған жоғары білімінің құрама бөлігі болып табылады. Дәл осы себептен ол азаматтық мамандық бойынша дайындықпен жас маманның жеке тұлғасын дамытудың біртұтас өзара байлынысты және өзара бірін–бірі толықтырушы процесс ретінде, социумның өміріне белсенді қатысуға бірдей қабілетті сияқты қажет болған жағдайда Отанды қорғау міндетін біліктілікпен және адал атқару процессімен сәйкес келеді.
Одан басқа әскери кафедраның оқу-тәрбие процессінде тәрбие қызметінің таза оқу қызметінен үстем болуына көңіл бөлінеді, яғни оқу-тәрбие процессінің ерекше тәрбиелік сипаты туралы айтуға болады.Жастардың білім шеберлік пен дағдыларды ( яғни өз бетінше оқу) алуға және әскери тәрбие алуға қарым-қатынасы бірдей емес. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жасау және әскери кафедрада өткізген жұмыс білім алушының білім алуға деген қызығушылығының тұрақты тенденцияларының бар екендігі туралы айтады. Мұның бәрі кафедрада жұмыс істейтін педагогтар тарапынан түскен күш жұмсауды талап етеді, сол сияқты оларда симпатия, өнегелік , болуын жеке тұлғаның өзіндік дамудың ерекшеліктерін білу, өзіндік өз бетінше даму мен өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттіліктің қажет екендігін көрсетеді.
Әскери кафедра жастардың екі негізгі мақсатты бағытта әрекет ететіндігін тағы бір атап өтейік:
1). Студенттер таңдаған мамандығы шеңберіндегі білімдерді, дағдылар мен шеберліктерді қалыптастырады.
2). Студенттер олардың алғашқы офицерлік қызметтеріне тәжірибелік қызметін ойдағыдай атқаруы үшін қажетті жеке сапаларын қалыптастырады. Мұндайда кафедрадағы оқу-тәрбие жұмысын тәжірибесі бар жас адамдар жүргізетінін ескеру керек. Бұл кафедра оқытушыларының жұмысын ұйымдастыруға белгілі бір талаптар қойылады. Себебі, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру әскери кафедрада жұмыс істейтін педагогтар сияқты жоғары оқу орының басқа кафедраларының оқытушыларында жалпы міндет болып табылады. Бұл мағанада азаматтық және әскери кафедралар бір бағытта әрекет жасайды, бірін-бірі толықтырады және күшейтеді. Қиындық әр жақ қаншалықты өз міндетін өз бетінше шешкенімен оқу мен тәрбиедегі кәсіби бағыттылықтың айырмашылығымен байланыста пайда болады.Себебі әртүрлі салаларда жұмыс істейтін белгілі бір мамандардың ерекшелік қасиеттері бар.Оларды ескеру және оларды қалыптастырудағы азаматтық және әскери кафедралардың бірлестігін қамтамасыз ету маңызды.
Жоғары оқу орынының азаматтық және әскери кафедраларының бірлестігінде құрылатын мынадай бағыттарды бөліп алуға болады: әскери кафедра басшылығымен факультетте тәрбие жұмысы бойынша басшылығы, қоғамдық және студенттік ұйымдар басшылығымен ынтымақтастығы; бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу жұмыстары.
Жастардың университетке қаншалықты ең алдымен әскери мамандық емес азаматтық мамандық алу үшін түсетінін ескергенмен әскери кафедра оқытушыларының жоғары оқу орыны студенттері арасында оларды белгілі бір әскери – есепке алу мамандығы бойынша оқуға тарту мақсатында үлкен дайындық жұмысын өткізетіндігін атап өту керек.
Тәжірибелер көрсеткеніндей әскери реформада болып жатқан мәселелерді түсінбеу, оқу сапасын бірден түсіріп жібереді, сондықтанда дәл осы мәселелер көптеген жастардың әскери кафедрада оқуға деген ынтасына кері әсер етеді. Екінші жағынан алғанда, алдын-ала жоспарланған және әскери кафедрадағы сабаққа әлі кірісе қоймаған 1-курс студенттерімен сапалы түрде өткізілген жұмыс оқу взводындағы саналы студенттер тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта мынадай шаралар ұйымдастырылады:
-кафедра офицерлерін факультеттегі әскери-патриоттық тәрбие бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда деканның көмекшісі ретінде бекіту ұсынылады:
-жеңіс күніне әскери спорттық шаралар өткізуге, отанды қорғау, әскери даңқ күні т.б. әскери тарихи ұмытылмас даталарға арналған салтанатты жиналыстар өткізу. Соғыс ардагерлерімен соғыс ісіне қатысушылармен кездесулер өткізіледі. Әскери міндетін өтейтін студенттермен қаладағы гарнизонының қызмет жағдайларымен өмір тіршілік әрекетімен танысу мақсатында оған бару ұйымдастырылады. Техника және қару жарақ пен танысады, сол сияқты әскери даңқ бөлмесімен мұражайлармен танысады.
Тәрбие жұмысының тиімділігі студенттерге сәйкес әсер ететін осы қызмет субьектілерімен және факторларымен өзара әрекеті нәтижесінде азаматтық пен патриотизмнің көрінуі мен дамуымен ерекшеленеді.
Тәрбие жұмысының тиімділігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады.
- макро және микроорталардың обьективті және субьективті жағдайы және оларды тәрбие жұмысы процессінде есепке алу.
- тәрбие жүйесіндегі ішкі ұйымдастырушылық және негізгі компоненттердің өзара әрекет деңгейі (субьектілер, олардың өзара байланыстары, мазмұны, формалары,әдістері, құралдары және т.б).
Осы факторлардың әсерімен байланысты болатын тәрбие жұмысының тиімділігі елжандылықэлементтері арқылы жүзеге асырылғанда арта түсетіндігі байқалды.
Әскери кафедараның студенттік жастарымен өткізетін тәрбиелік жұмысының тиімділігін үш түрлі бағытта анықталуы мүмкін.
А) Тәрбие жұмысының соңғы нәтижесі арқылы (осы қызметтің тиімділігін оның субьектілері арасындағы өзара әрекетті жүзеге асыру жоспарында).
Б) Тәрбиелік жұмыстың осы қызметтегі сәйкес формалар, әдістер мен құралдар арқылы сол немесе басқа елжандылықлық міндеттерді студенттік жастардың әртүрлі құрамында тиімді қолдану тұрғысынан алғанда нақты ерекшеліктері арқылы.
В) Студенттің жеке тұлғасында әскери-патриоттық тәрбиенің нысаны ретінде оны жүзеге асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің белгілі бір параметрлері мен көрсеткіштер жүйесі бойынша.
Демек, әскери патироттық тәрбиенің студент тұлғасын қалыптастырудағы орны сол іс-әрекетті тек толығымен анықтауды ғана емес, сонымен бірге оның жекелеген жақтарын да анықтауға, оның нәтижесін ғана емес, сонымен бірге оның елжандылықэлементтері арқылы нәтижелікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымызда анықтағанымыздай әскери кафедраның тәрбие жұмысын елжандылықэлементтері арқылы жүзеге асырудың тиімділігі мына жағдайларда байқауға болады:
1.Бұл жұмысқа факультет декандарын, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын, кураторларды жалпы университеттік кафедраларды , үлкен қоғам өкілдерін, ғалымдарды, тәжірибелі адамдарды және т.б өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне қатысы бар адамдарды тарту.
2. Студент жастар тұлғасын әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы қалыптастыру жүйесінің негізгі құрылым құрушы компоненттерін іс жүзінде жүзеге асыру тек комплексте ғана мүмкін, өйткені олар өзара өте тығыз байланысты. Тәрбиенің осы бағыты бойынша кез –келген формада ұйымдастырылып жолға қойылған жұмыс маңызды ең алдымен оның мазмұнын бағытын және соңғы нәтижесін анықтайтын басты идеясы болып табылады.
3. Қоғамның өзіндік топ ретіндегі студент жастардың және Қазақстан азаматы ретінде өзін толыққанды көрсетуге қажетті барлық жағдайларды құру, оның толыққанды субьекті ретінде жеке тұлғасының мүдделерін үйлестіружәне интегралдау принциптерін сақтау.
4. Әскери патриоттық тәрбие элементтерін университеттің елжандылықлық процесінде белсенді қолданып, мұнда жиналып қалған стереотиптер мен теріс жоспар комплекстерін жеңу. Студент жастардың санасына танымдық және эмоционалды әсер еетін патриоттық ойларға нұқсан келтіретін, олардың беделін түсіретін әрекеттерге қарсы іс-шаралар ұйымдастыру.
5. Білім беру жүйесіндегі әскери -патриоттық тәрбиенің нормативтік-құқықтық негіздерін құру, оның ішінде университетте -әртүрлі ұйымдастырылған –құқықтық тәрбие жұмысының формаларының заңды базасын қамтамасыз ету, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы субьектілердің өзара байланысы мен өзара әрекетінің нормативтік-құқықтық механизмін талдау.Ұйымда бұл қызметтің білім берудегі әртүрлі деңгейлеріндегі сабақтастықты жүзеге асыру.
6. Студент жастар тұлғасын қалыптастыру бойынша ғылыми –теориялық зерттеулерді жандандыру, оның ішінде жастарды зерттеу нәтижелерін қоғамда болып жатқан өзгерістер жағдайында оны түбірмен жақсарту мақсатында пайдалану. Жоғары оқу орындарындағы әскери патриоттық тәрбие мазмұнын оған мәдени тарихи, әскери-тарихи, рухани-өнегелі, әлеуметтік-психологиялық және т.б әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету.
7. Ұйымдастырылған іс-шаралар комплексі әскери-патриоттық тәрбиені университеттегі білім берудің барлық деңгейлерінде оның өзара мүдделі бірлестік принциптеріндегі субьектілері арасындағы өзара әрекет пен үйлесімді қамтамасыз етуді ескеріп әскери –патриоттық тәрбиені белсендіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға арналған арнайы құрылымдарды қалыптастыру. Университеттегі әскери-патриоттық тәрбие жүйесінің жекелеген элементтері сияқты бүкіл жүйенің толығымен жұмысын жақсарту.Оның Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басқа компоненттері мен (әртүрлі деңгей мен бағыттағы білім беру мекемелері, білім беруді басқару органдары мен олардың ведомостық және мекеме ұйымдары), мәдениет мекемелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, әскери ұйымы мен және т.б. әлеуметтік институтымен өзара байланысын қамтамасыз ету.
Университетте осы қызмет саласындағы жалпы стратегияны қалыптастырумен жүзеге асыру мақсатында әскери-патриоттық тәрбие беру процесін басқару жүйесін құру, университеттегі әскери-патриоттық тәрбиенің барлық субьектілерінің күшін біріктіру сол сияқты оларға көмек және қолдау көрсету .
8. Студент жастардың бойына қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жоғары патриотизмді, Отанға адал қызмет етуге дайын болуға тәрбиелейтін міндеттерді тиімді шешугі қабілетті мамандар даярлау жүйесін ұйымдастыру. Бұл жүйенің жұмыс істеу шеңберінде тәрбие жұмысының жетекшілерімен ұйымдастырушыларын жастардың әртүрлі категориялары арасында алдын-ала іріктеп алу сияқты оның ішінде университет студенттерімен оларды базалық оқыту қайта даярлау және біліктілігін көтеру сияқты компонеттерін толық жүзеге асыру қажет. Болашақ мамандарды жоғары оқу орындарында негізгі білім беру бағдарламаларын қатар меңгеруге даярлау кәсіби қайта даярлау жолымен жүзеге асырылады. Оқудың мақсаты әскери маман ретінде азаматты әскери есепке алу, мамандығына сәйкес алғашқы офицерлік қызмет бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қабілетті, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қордағы офицерін қалыптастыру болып табылады.
Жастарды әскери кафедрада оқыту жоғары мектепте оқыту теориясының негізгі ережелеріне сәйкес құрылады.