Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі
Елжандылық элементтерін жастардың тұлғалық қасиетін тәрбиелеуде пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
Жастардың тұлғалық қасиеттін қалыптастырудағы халық елжандылық элементтерін пайдалану мүмкіндіктері анықталды;
1 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын пайдаланып жастарды елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1.1 Жастардың тұлғасын қалыптастыруда елжандылық элементтерін қолданудың ғылыми зеріттелу деңгейі
Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи даму жолы бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.
Әлем тарихында ұлттық тәрбие және адам тұлғасын қалыптастыру туралы білім ғасырларға тамырымен терең жайылған. Әлемдегі өркениеттің дамуындағы ерекшеліктер дінмен, салт-дәстүрлермен, әртүрлі этникалық факторлармен өлшенген.
Ұлттық тәрбие беруді халықтық елжандылықның негізінде қарастыру тиімді, өйткені қоғамда жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқаны белгілі жайт. Сондықтан елжандылықнегізінде жастардың бойына тұлғалық сезімді, отан сүйгіштікті қалыптастыру, Қазақстанның даму жолында келешектегі өзінің сара жолы болып табылады.
Шығыс елдерінде тәрбиеге әсіресе әскери-патриоттық тәрбиеге аса көңіл бөлген. Бұл тұрғыда жапондықтар үлгі көрсетеді. Орыс жазушысы Б.К.Коломиец «жапондыққа балалық шағынан мемлекеттің идеологиясы үшін әр уақытта өзін құрбандыққа шалуға дайын болуын құлағына құяды» - деп жазған. Ал қытайда әскери патриоттық білім беру мемлекеттік идеологиямен бір қатарда[1].
Азаматтарды әскери қызметке дайындап қалыптастыру қазіргі кезде батыс европаның барлық елдерінде дерлік қолға алынған. Мысалға, Германия, Ұлыбритания, Франция мектептерінде және жоғары оқу орындарында офицерлерді дайындауда арнайы пән ретінде әскери кәсіптік бағытын қалыптастыру да оқытылады [2].
Зерттеу жұмысымызда қазіргі кезеңдегі жастардың өз отанының әскер қатарында көрінуіне деген талпынысының артуын ұлттық тәрбиенің маңыздылығымен көреміз.
Жоғары оқу орындарында 17-18 жастағы бозбалалардың келетіні белгілі, әрі олар 21-22 жас шамасында оқуды аяқтаиды. Бұл аралық жастық шақтан зерделі шаққа өту кезеңі, сондықтан бұл уақытта жастардың жастық шақта да есейген шақтағы да бойынан көрініс алып жататын мінез-құлықтарын бақылауға болады. Жоғары оқу орнын аяқтағалы отырған кейбір студенттер отбасын құрап, балалы болып жатады. Мұндай жағдайлар жаңа міндеттер жүктейді әрі өмір сүру салтына, өмірлік ұстанымына орасан ықпал жасайды.
Әскери кафедрада оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жастардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды [3].
Біздің зерттеуіміздегі көкейкесті мәселе болып отырған осы мәселе жөнінде белгілі ғалым Қ.Жарықбаев қазақ тәлім–тәрбиесінің ұлттық идеяның нығаюы, күшейуі және дәуірлеуі үшін құрылады. Ұлттық идея мемлекеттің қозғаушы, алға итермелеуші күші, жанармайы» - деген байлам жасайды [4].
Отан деген қасиетті ұғымның астары да сондай тереңде жатыр. Ол мағыналық жағынан алғанда туған жер,атамекен,туған ел, жұрт, ауыл-аймақ өскен орта деген сияқты төркіндес сөздерді қайталамайды. Солардың бәрінен де салмақтырақ қоғамдық жүк көтеріп тұрған тәрізді[5].
Осындай пікірлерді Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқаридің еңбектерінен және одан кейін ғұмыр кешкен М.Х.Дулати, Қыдырғали Жалайридың мұраларында жиі кездесетін «Жауыңа қатал, досыңа мейірімді бол» деген сөздерінен байқауға болады [6].
Сондай-ақ, руналық жазуларда жастарды ішімдікке берілу сияқты жаман әдеттерге түсіп кетпеуге үйретіп, ішімдіктің адамды адамгершіліктен ада қылатын жаман іс екендігін түсіндіру де орын алған. Үржар естелігінде: «Ер азамат, шарап (ішу)–мезгілсіз ұлу» деген насихат баяндалып, жастарға әрқилы жат әрекеттерден аулақ болу, өмірден өзіне қызықты бір ісәрекет табу, осы арқылы өзінің уақытын мазмұнды өткізу, өмірден түңілмеуі, бақытты өмір кешуге ұмтылу керектігі түсіндірілген»,Тыңда уан!», деп ой салған. әсіресе жазуларда жастарды дүниеқұмар болмауға, адамгершілікті, жомарт болуға, асып–тасып, ерсі мінез–құлық көрсетпеуге үйрету айрықша орын алған [7].
Түркі халқының жазба мұраларындағы тәлім–тәрбиелік ой пікірлерді айта келіп, біз өз зерттеуімізде айтылған тәрбиелік ой–пікірлерді нысына етіп қана қоймай студенттерге тәрбие беруде тек ауызша ғана емес, көрнекі мысал ретінде олардың сезім дүниесіне әсер етерлік тағылымдық, тәрбиелік мәні зор тәжірибие ретінде қолданғанды жөн көрдік.
Мәселен XII ғасырдағы Ахмет Игүнекидің «Хақиқаттар сыйы» (шындық сыйы) атты шығармасында сол дәуірдегі адамдардың моралдық нормаларын сөз еткен. (Дүние қоңыз бүгін бар да, ертең жоқ), жауыздық пен қатігездікті (қанды қан мен жуып тазартуға болмайды, осы іспеттес мінездегі толып жатқан міндеттерді сынайды, адамның жақсы қасиеттері өнегелік («Адам өзінің жақсы ісімен басқаларға үлгі болуы тиіс») пен жақсылықты («саған біреу жамандық істесе, сен оған жақсылық пен жауап бер»), қайырымдылық пен мейірбандылықты паш етеді [8].
Әлемдік деңгейдегі ой алыбы Абайдың философиясындағы басты танымдық бағыттар: 1) Адамның ары мен ұятын жетілдіру; 2) Надандық пен кедейлікті жою; 3) Адамның адамгершілігін дамыту; 4) Адамды мұратқа жеткізуде, білім мен ғылымның атқаратын рөлін көрсетіп, іс жүзінде дәлелдеу; 5) Еңбек ету арқылы адамның танымдық қабілетінің өсуі, өркендеуі оның жеке дүниесінің дамуына ықпал етіп, үнемі толысу кажеттілігінің пайда болуына көз жеткізіп, оларды өзінің поэзиялық туындылары мен қара сөздерінде баяндағаны белгілі. Абайша айтқанда бақытты болу жолдарының бірі - адамның өзін-өзі тануы (білуі) [9].
Адам өмірінің мағынасы туралы философиялық пікірлердің жүйесі ежелден қалыптасқандығы белгілі. Ал, Абай ойларының негізгі мазмұндары, адамның мағыналы өмір сүру үшін, оның өмірі үш философиялық қағидаларға негізделуі керек. Олар: «Адам бол», «адамгершілікке жол тап», «адамдық абыройды сақта».
Адам алдымен өзін-өзі сыйлауы керек. Өзін сыйламаған адамды ешкім сыйламайды. Адам баласы өмір бойы бөгде адамдармен тығыз байланыста болады. Сол үшін, басқа адамдар туралы жаман ойламауы керек. Адам жақсылық жасаса жақсылыққа, жамандық жасаса жамандыққа ұшырайды. Бұл мәселеде, Абай пікірінің адам ақылына қонымдылығы, сыйымдылығы ерекшеленіп тұрады. Абайдың жалпы дүниетанымы мен философиясы ерекше бір мәдени құбылыс. Философиялық ойлардың негізгі міндеттерінің бірііргелілеу, даму. Адамға қатысты мәселе оның толыққанды кемелденуі.
Осы пікіріміз бойынша, студенттер ғана емес жалпы кез-келген адам соғыс іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік, отаншылдық істерге бару үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болу керек. әйтпегенде, қару жарақты қанша меңгергенмен, отаншылдық іс-әрекетке ішкі жан-дүниесі, санасезімі дайын болмаса елі, жері үшін жанкештілікке баруы екі талай. Бұл жерде, ата тектен келе жатқан ұлттық отан сүйгіштік орны бөлек. Сондықтанда әскери кафедра студенттерін тәрбиелеуде қатысты ғылыми елжандылықлық әдебиеттер мен ғұламағалымдардың тарихифилософиялық еңбектерін зерттеу барысында рухани жағынан әскери кафедрада тәрбиелеу керек деген ойдамыз.
Тарих - ғылым, білім ретінде адам өмірінде ерекше орын алатыны даусыз. Бұл ғылымның маңызы туралы профессор Халел Досмұхамедов секілді ғалымдардың ой толғамдары жастарды тәрбиелеуде, алдымен қоғамдағы адамдардың үлгілі тәжірибиелерін, үлгілі істерін көрсетуге отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, патриотизмге тәрбилеудің үлгісі.
Батырлар жыры, орыстың белгілі педагогы К.Д.Ушинскийдің пайымдауынша керемет иллюстрация, халықтың елжандылықлық шығармасымен салыстыруға тең келетін ештеңе жоқ. Сондықтан қазақтың батырлар жырлары ұлттық танымды қалыптастыруда, халықтың елжанды ұл-қыздарын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Халықтың ауыз әдебиетін, оның жоғарғы формасы – батырлар жырын білмей, халықты, оның тағдырын, тарихын, тұрмыс–тіршілігін тану мүмкін емес. Қазақтың батырлар жырында бүгінгі күнге дейін қазақтардың тұрмысында жалғасып келе жатқан мәдениет пен дәстүрдің элементтері және белсенді дамушы ұлттық елжандылықлық мәдениет көрініс табады. Атап айтсақ, «Ер Тарғын», «Қобланды батыр», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Сайын» т.б. батырлар жырларында қазақтардың тұрмыс–тіршілігі, салт–дәстүрі, ата кәсібі, моралдық–этикалық нормалары жан–жақты сипатталады. Батырлар жырлары арқылы халық елжандылықсы құндылықтарын терең сезінуге, ұлттық менталитетінің қайнар көздерімен терең танысуға мүмкіндік туады.
Халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, қаһармандылықтың керемет үлгілерін көреміз. Бүгінде тәуелсіз ел болып отыруымыздың өзі атабабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің, даналығының арқасы. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, жоңғар шапқыншылығы кездері, одан бертіндегі ұлт– азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысын алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы елін жерін Отанын қорғауда жанын, тәнін аямаған.
Қазақ тарихында ұзақ жылдар бойы қаһармандық жалпылама түрде жазылып келді. Оның мазмұнында хандар, билер, сардар бектер, ұлт-азаттық қозғалыстың көптеген басшылары нақтылы көрсетілмеді. Тарихи әділдік, ұлттық қаһармандарымыз таптық принцепке, идеология мүддесі негізінен құрбандыққа шалынды [10].
Ол көкіректе жалын болып жануға тиіс. Сондықтан шырақ болып жарқылдауы керек. Қазақ үшін, қазақ мемлекеті үшін деген ұран қазақтың әр баласының кеудесінде айқайлап тұрса қандай ғанибет! [11].
Әскери кафедра студенттеріне ұлттық тәрбие беруде, ең алдымен осы мазмұнға назар аударғанды басты қағида етіп алса, «Қазақстандық жастар» мен «Ұлттық тұлғаны» нығайта алатын факторға ұласады. Оған күмән жоқ.
Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес өкіметінің халық батырларын сыйлаған үрдістерден біз де үнемі сабақ алуға тырысамыз.
Әрине, жоғарыда айтылған жағдайлар негізінен белгілі бір ұлт өкілдері басымдылық танытатын елдерде орын алатыны белгілі жағдай. Ал басқаларға өктемдік жүргізбек түгілі өз жерінде өгей баланың күйін кешіп, тілі мен діні, ділі қажу көріп келе жатқан қазақ тәрізді ұлттың атын иеленген республикада патриотизм қалай дамып, ұлттық идея қандай негізде ілгерілеуі керекдеген заңды сұрақ туады. Яғни, елдегі этностық топтардың тарихи сабақтастығына һәм мұқтаждықтарына нұқсан келтірместен бүкіл республика тұрғындарын жалпы халықтық ортақ мүддеге жұмылдыру үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алуы керектігі айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |