«Рухани жаңғыру» бағдарламасын пайдаланып жастарды елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері


Жастардың тұлғасын қалыптастыруда елжандылық элементтерін пайдаланудағы тәжірибелі эксперимент жұмысының нәтижесі



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі99,51 Kb.
#87371
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 диплом Тастанбек

2.3 Жастардың тұлғасын қалыптастыруда елжандылық элементтерін пайдаланудағы тәжірибелі эксперимент жұмысының нәтижесі

Тұлғаның жалпы және кәсіби шеберлігі мәдениетінің жағдайын айшықтайтын, сонымен бірге оқутәрбие үдерісінің ұйымдастырушылық және елжандылықлық шарттарын белгілеу үшін «Жаяу әскери ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің командирі» 021001 қосымша әскерге тіркеу мамандығы бойынша білім алушы жастардың әскери –кәсіби дайындығының деңгейін анықтау мақсатында тәжірибе жұмыстары жүргізілді.


Сынақ тәжірибеде 2-ші және 3-ші курстағы дене тәрбиесі факультетінде, (292 және 294 оқу взводы), 2-ші және 3-ші курс жаратылыстану-елжандылық факультеті (791-ші оқу взводы), 2-ші және 3-ші курс заңгер және халықаралық қатынастар факультеті (793-ші оқу взводы), 2-ші және 3-ші курс экономика факультеті (795-ші оқу взводы) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарлығы» курсын оқыту бойынша «Әскери заңнама негіздері», «Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу» арнайы курстарында сонымен бірге жазық кеңістіктегі оқу сабақтары жүргізілді.
Эксперимент барысында қарулы күштер қатарындағы қосалқы офицерлер санатында қызмет етуге болашақ мамандардың дайындығына баға беріледі. Дайындығы деп отырғанымыз таңдаған әскери оқу мамандығы саласындағы білімі мен біліктілігі, шеберлігінің белгілі дәрежесі мен таңдаған мамандығындағы жетістіктерді, студент тұлғасының психологиялық және дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Дайындықтың жалпы құрамына студенттің іс-әрекетімен, теориялық дайындық сапасы жатады.
Айталық, студенттер факультеттердегі әскери-патриоттық жұмыстарға белсенді араласа бастады. Бұл межедегі өзгерістердің сынақ-тәжірибелік топтарға тұлға аралық қары-қатынастардың өзгеруіне ықпалын көрсеткенін байқадық (құрметтеу, өзін құрметтеу, ішкі күйзелісін жеңе білу, т.б). Сонымен бірге, ұжымда психологиялық күй өзгереді, бұл жастардың танымдық қабілетін белсенді етті.
Бірінші кезеңде анықталған әскери–кәсіби дайындық деңгейінің орташа қалыптасқандығы теориялық білімдердің және оған сәйкес нұсқаулардың жоқтығынан. Әскерикәсіби дайындықтың құрылымына енетін жалпы мемлекеттік және жалпы әскери дайындық саласындағы тәжірибелік шеберліктерінің жеңіл дамитындығын ескеру керек. Оның қиындығы әскери арнайы дайындық пен арнайы әдіс-тәсілдер, әдіс-тәсіл саласындағы тәжірибелі шеберліктері мен дағдыларын дамытуда.
Жоғарыда тізбектелген шеберліктерді өңдеу оқу сапасын жастардың өздерінің жұмыстары арқылы жоғары етуге мүмкіндіктері бар.
Қосалқы әскери-тіркеу мамандығы бойынша сынақтәжірибеге қатысқан топтардағы жастардың әскери-кәсіби дайындық деңгейі жоғарылады (0,38 ден 0,71ге дейін), деп қорытынды жасауға болады. Бастапқы және қорытынды кезеңдердегі салыстыру барысы келесі көрсеткіштерде байқалды:
1. Әскери–кәсіби дайындық деңгейінің қалыптасқандығы межелері бойынша сынақ-тәжірибе топтарының сапалы құрамы өзгереді: әскери-кәсіби дайындық деңгейі төмен студенттер саны жоқ және жоғары дәрежелі әскери-кәсіби дайындық деңгейі деп бағаланатын студенттер тобы өсті.
2. Әскери- кәсіби дайындық деңгейі қалыптасқандығының теориялық және тәжірибелік көрсеткіш коэффиценті де жоғарылады.
3. Бақылау топтарындағы әскерикәсіби дайындық деңгейінің көрсеткіштері айтарлықтай өзгерді, сонымен бірге іс-әрекетшілдік және тәжірибелік дайындығы іс жүзінде өзгермеді.
Жастардың дайындық сапасына біздің ұсынған жұмыс жүйесінің ықпалын қарастырайық. Осы мақсатпен 2007 жылға әскери-тіркеу мамандығы бойынша қосымша білім алған жастардың бітіру топтарына жасалған емтихандарды талдадық. Оқу топтарын жасауға әскери кафедрадағы бітіруші 150 адам қатысты.
Оқу тобын ұйымдастыруда жастардың оқу материалын меңгеру деңгейі тексерілді, жазықтықта оқыту, штаттағы қару түрлерінен ату, басшылық және әдістемелік шеберліктерін шыңдау, қару қолдану шеберліктері бойынша сұрақтар тізбегі тәжірибеде өңделді.
Бітіру емтихандарын өткізу барысында комиссия мүшелері келесі кемшіліктерді анықтады:
1) Әдіс-тәсіл бойынша дайындық нәтижесін талап етуге мүмкіндік беретін курсанттық дене тәрбиесінің төзімділігі төмен;
2) ішкі және күзет қызметінің міндетін орындау бойынша жастардың тәжірибесі жеткіліксіз;
3) соғыста взводты басқаруда жеке курсанттардың тәжірибелі шеберлігі әлсіз;
4) қозғалыстағы нысаналар бойынша оқ жаудыруда жеке курсанттардың тәжірибелі шеберлігі әлсіз;
5) байланыс жасау құралдрымен жұмыс жасауда тәжірибелері әлсіз, тілшілер арасында радио ауысудың қателіктері анықталды.
Жалпы алғанда емтихан жастардың теориялық дайындығының деңгейін жоғары екенін көрсетті, сонымен бірге жекелеген курсанттардың тәжірибелі шеберлігі мен біліктілігінің аз екенін де көрсетті.
Соңғы төрт жылда әскери кафедраға оқуға ынталы студенттер саны өсті. Бұл ең алдымен әскери күштің офицерін сапалы дайындауды мақсат еткен оқытушылар құрамының қажырлы еңбегінің арқасы. Мұны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің бітіруші жастардың саны туралы жалпыланған мәліметтерденде көруге болады, бұл студенттер қордағы күштер офицері бағдарламасы бойынша әскери кафедра да оқыған әрі олар соңғы төрт жылда түрлі қарулы күштер министірлігі мен ведомосталарда келісім-шартпен қызметке шақырылды.
Осылайша, әскери кафедраның жұмысы келесі бағытқа бағытталған:
- азаматтық жоғары оқу орнында әскери оқытуды жаңа бағытта жасау;
- қосалқы күштің офицерін кәсіби дайындау деңгейін өсіру, әсірессе қимыләрекетті, руханиадамгершілік және психологиялық дайындығы мәселелері бойынша; өз құзырындағы адамдарды тәрбиелеуді және оқытуды басқару;
- дәстүрлі жүйемен салыстырғанда жоғары мүмкіндіктері мен қуаты мол, ақыл-ой және қормен қамтамасыз етуге жоғары оқу орнында әскери мамандарды дайындауды ұйымдастыру мүмкіндіктерін іздеу.
Әскери кафедрадағы оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жастардың жас ерекшеліктеріндегі психологиялық ерекшеліктерін ескеру маңызды екеніне тез жеткіздік.
Біздің тәжірибеден көз жеткізгеніміз студенттер адамгершілік және психологиялық тұрғыдан әскери қызмет барысында өздеріне жүктелген жауапкершіліктерге барлық уақытта дайын бола бермейді.
Әскери кафедрада білім алушылардың құрайтын әлеуметтік құрамға зерттеу жасаудың көрсеткені жастарды бірнеше топтарға бөлетін белгілі бір кескіні сипатайды: жаңашыл жастармен және шығармашыл жастармен жұмыс жасау жеңіл, себебі оларда тұлғалық кескіндер бар, ол әскери мамандық алуға септігін тигізеді, (өзін күшті бақылайды, мақсаттылығы жоғары, жаңа көзқарас жоғары болып келеді). Енжар және арманшыл жастармен жұмысты ұйымдастыру күрделі болды, себебі оларға тән қасиеттерді түзету қажеттілігі туындайды. Онсыз әскери мамандықты меңгеру өте күрделі жүреді. Ең алдымен жеңілдік, мақсатсыздық, сенімсіздік шешім қабылдауда қимылсыздық, шамадан тыс сақтығы, жоғары қобылжығыш қасиеттерін түзетуді талап етеді.
Осылайша, әскери кафедра алдында белгілі бір мамандық сапасына жоғары дәрежелі мамандығына дайындау мақсаты ғана тұрған жоқ, сонымен бірге тұлғалық ішкі мүмкіндікті дамыту туралы қамқорлық жасау міндеті де бар және өз Отанының нағыз азаматы болуға мүмкіндік беретін азаматты, отансүйгіштік, адамгершілік, адамгершілік қасиеттері сапасын нығайту мақсаты болды [40].
Әскери кафедралар қосалқы күштердің офицерлер қорын толықтырып отыратын негізгі көз болуын жалғастыруда. Алайда, әскери кафедраларда жүргізілген тексерулер оқутәрбие үдерісінің құралдары мен түрлерін, әдістемелері мен мақсатын қайта жетілдіруді талап етеді.
Әскери кафедрадағы оқутәрбие үдерісін сол әскери кафедра бойынша білім мазмұны құрайды. Әскери кафедра өз жұмысын «жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде дайындау (мамандықтарға) бағытына сәйкестену бойынша мемлекеттік аккредитация бар немесе мемлекеттік әскери кафедраларда қордағы күштердің офицерін дайындау бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына білім беру ережесіне» сүйенеді, және жоғары оқу орнында әскери-тіркеу мамандығы бойынша «Жаяу әскеи ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің командирі» және осы мамандық бойынша (жоғары кәсіби білім берудің) білім беру мекмелеріндегі әскери кафедралардың әскери- кәсіби дайындыққа бітіруші түлектерді дайындауға жоғары санатты талаптарға сүйенеді.
Мұнда да технологиялық қамсыздық, лекциялардың тәжірибелік (немесе іс жүзіндегі) мәнін нығайтуды, жастардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, ғылыми әдістемелер мен белсенді әдістемелік оқытуды тиімді пайдалану; жастардың білім мен біліктілігіне рейтингті бағалау енгізу; әдістәсілді, әдістәсілді арнайы және әскери арнайы дайындықтар үдерістерінде ақпараттық технологияларды қолдану; әскери бөлімдерде тәжірибе жинақтау қатаң ескеріледі.
Қосалқы әскери тіркеу «Жаяу әскери ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің командирі» мамандығы бойынша жастардың әскери-кәсіби дайындық деңгейін анықтау мақсатында біз сынақтәжірибелік зерттеу жүргіздік, оның нәтижесінде тұлғалық жалпы және кәсіби (өз таңдаған әскери мамандықтағы) мәдениеттің жағдайы айқындалады, сонымен бірге оқутәрбие үдерісінің жоғары нәтижелілігін белгілейтін елжандылықлық және ұйымдастырушылық шарттарды анықтау жүргізілді.
Сынақ–тәжірибе барысында болашақ мамандардың қосалқы күштердің офицері санатында қарулы күштер қатарында қызмет етуге дайындығы бағаланды. Дайындықтың жалпы құрылымында іс әрекетшілдік, теориялық, тәжірибелік жиынтықтары анықталды.
Жастардың әскери-кәсіби дайындық деңгейінің қалыптасқандығының дәрежесін мәжелікдеңгейлік тәсілдің негізгі ережелеріне сәйкестендіріп, қосымша әскеритіркеу мамандығы бойынша білім алушыларды сынақтәжірибе жұмыстарында арнайы деңгейде қарастырылды.
Сынақ-тәжірибенің бірінші кезеңде – болжалдау кезеңінде әскерикәсіби дайындығының және осыған сәйкес оны түзетудің мақсаттандырылған аралықтары анықталды.
Бұл кезеңде алынған мәліметтерді талдаудың көрсеткені әскери -кәсіби дайындық деңгейінің жалпы қорытындысы орта деп анықталды. (қалыптасқандық деңгейі 0,370,38 коэффицентін құрайды).
Сынақ-тәжірибенің бірінші кезеңіне талдау нәтижелері бойынша нақты топтарда жұмыс бағытына жалпы қорытындылар мен анықтамалар жасалды.
Қалыптастырушы кезеңнің мақсаты әскери-кәсіби дайындық деңгейін жоғары ету болған.
Сынақ-тәжірибе жұмысының мазмұны үшінші, қорытынды кезеңде бірінші кезеңнің мазмұнын қайталады.
Бұл кезеңнің мақсаты бақылау және сынақ–тәжірибе топтарындағы арнайы ұйымдастыру жұмыстарын салыстыру нәтижесінде өткізген соң әскери-кәсіби дайындық деңгейі анықталды.
Қосымша әскеритіркеу мамандығы бойынша сынақ-тәжірибе топтарындағы білім алушы жастардың әскери-кәсіби дайындық деңгейі жоғарылады (0,38 ден 071ге дейін). Бастапқы және қорытынды кезеңдердің нәтижелерін салыстырудан әскери-кәсіби дайындық деңгейінің қалыптасқандығы межелері бойынша сынақ-тәжірибе топтарының сапалы құрамы өзгерді.
Осылайша, біздің жасаған болжамымыз келесі ретте өз анықтамасын өзгертті.
1. Әскери кафедрадағы жастардың кәсіби дайындығы үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін әскери арнайы және жалпы кәсіби білім беру мазмұнын тереңдетуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушы елжандылықлық жүйені қолдану: әскери кафедраны жалпы университеттік және арнайы кафедрамен өзара іс-әрекеттерді қамтамасыз ету; оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда сәйкессіздіктерді, пайда болған қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беретін пәнаралық тәсілдер негізінде әскери пәндердің мазмұнын жобалау; жүйе жасаушы санатындағы әскери-патриоттық және әскери тәжірибені анықтау; әскери кафедрадағы тәрбиелеу саласының ерекше әскери бағыттылығын жасау; тек әскери оқудағылардың ғана емес, сонымен қатар жалпы кәсіби пәндерді оқитындардың әскери және тәжірибелік бағыттылығын күшейту. Арнайы өлшемдер кешеніне жастардың әскери мамандықты таңдау жасауына бағдарлау бойынша ұйымдастыру жұмыстары және оларды әскери пәндерді оқыту іс –шаралары кіреді; әскери кафедра шарттарына бейімделу кезеңінде жастарды елжандылықлық және психологиялық тұрғыда қолдау көрсету. Бейімделудің жемістілігі келесі себептермен анықталады: жастардың жеке басының ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін, типологиялық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін кешенді болжалдау әдістемесін қолдану арқылы; бейімделу кезінде студенттерге қиындық туғызатын себептердің нақтылығын анықтау; оқытушы- офицерлердің психологиялық – елжандылықлық әдістемені түзету, қолдау жасауды меңгеруі; жастардың өзіндік жұмыстарын орындау шеберлігін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуі.
2. Жастардың әскер-кәсіби дайындығы үдерісін басқару және оның мазмұнын жобалауда бір қатар кемшіліктер аналитикалық-синтетикалық жұмыстардың нәтижесінде анықталды және оларды түзету бойынша негізгі бағыттар белгіленді; Әскери кафедрада дайындық үдерісін қағидалы –құқықтық қамсыздықты жетілдіру; әскери пәндер бойынша оқыту-әдістемелік кешеннің жаңа талабына сәйкес жасау; жаңа ақпарттық технологияларды, белсенді әрі интерактивті оқытатын әрі бақылайтын әдістемелерді енгізу және негіздеу; тәрбие беру үдерісін басқару және ұйымдастыру сапасына бақылауды күшейту, оқу пәндерінің тәжірибелік бағытталғандығын күшейту (тереңдету). Оқу материалын Қарулы күштер өмірімен байланыстыру; жоғары оқу орнына дайындық кезінде әскери-патриоттық, ұлттық тәрбие бойынша жұмыстардың аясын кеңейту.
3. Сынақ-тәжірибеде жұмыстары барысында әскери-әдіс-тәсіл бөлімдегі пәндерді оқытуда компьютерлік бағдарламаларды тиімді қолдану сынақтан өтті әрі негізделді, олар тек кәсіби құзіреттілігі ғана жоғары етпей , сонымен бірге әскери тұлғаның сапасын қалыптасытыруға ықпал жасайды, айталық ынтасын, сенімділігін, жылдам әрі нақты ойлау ептілігін, еріктілігін, ұжыммен және жеке жұмыс жасауға дайындығын қабылдаған шешімге жауапкершілігін қалыптастырады.
4. Кәсіби дайындық үдерісінде әскери-патриоттық және ұлттық тәрбиелеудің жүйесі жасау мәні туралы, тұжырымдамалық ережесін іске асыру барысында жүргізілген жұмыстың бағытын басқарудың және жоспарлаудың қажеттілігі дәлелденеді, (ол кафедра және факультет деңгейінде) білім беру мекемелерімен, әскери бөлімшелермен, жалпы қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мен, жергілікті және аймақтық әлеуметтік институтармен өзара тығыз әрекет жасау қажеттілігі дәлелденеді.
5. Қосалқы әскери күштердің офицерін әскери-кәсіби дайындаудың сапалы болуын қамтамасыз етудегі маңызды шарт белгі беру үдерісінің мониторингін ( нәтижесін бақылауды) ұйымдастыру, ол жүйесіз кездейсоқ топтарды мақсатты бағытталған, елжандылықлық ақпараттар жүйесін жоспарланған талдауларға, алынған нәтижелерді үнемі бақылауға өтеуге мүмкіндік береді. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесі сынақ-тәжірибе арқылы жетілдірілген және тексерілген әскери кафедраның болжалдау бағдарламасы, кафедрада оқитын жастардың әскери-кәсіби дайындық дәрежесіне бағалайтын көрсеткіштер мен мәжелер жүйесі.
«Жаяу әскери ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің командирі» 021001 мамандығы бойынша білім алатын жастардың әскери кәсіби дайындығының қалыптасқан дәрежесінің деңгейін, бағытын және елжандылықэлементтері тұрғысындағы тәрбие сипаты жайында оқу процесінің соңындағы сынақ-тәжірибеде қарастырылды.
Әскери-кәсіби дайындықта мынадай сапалары тексерілді:
1) қоршаған ортаға, қоғамға, адамның адамға қарым-қатынасын реттейтін негізгі құқықты құжаттар негізіндегі білімі; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жалпы әскери жарғының талаптары; оларды «Қызмет барысындағы жағдайларда ұстай білу» шеберліктерін ескеру.
2) лауазымдық міндеттерін соғыс уақытында және күнделікті қызмет барысында, сонымен бірге төтенше оқиғалар кезінде нәтижелі орындауды қамтамасыз ететін әскери-кәсіби білімі, шеберлігі мен біліктілігі, рухани-адамгершілік және психологиялық сапасының дәрежелері;
3) абстрактылы қисынды дамыған ойлау қабілетінің, жеке өзіндік пікірлерінің жиынтығы, әдеттен тыс жағдайларда мақсатты негізде шешім қабылдай білу шеберлігі және олардың орындалуының ұйымдастырылуы, бөлімшеде тәрбие жұмыстарын іске асыру, әскери тәртіпті қолдау бойынша іс-шаралар өткізу және әскер қызметін ұйымдастыру, өзіне берілген тапсырмаларды құқықтық аясында өз еркімен әрекет жасай білу қабілеті;
4) жастардың әскери –кәсіби дайындығының деңгейін бағалау және өзінің кәсіби шеберлігін, ақыл-парасатын,адамгершілік қасиеттері мен дене тәрбиесін дамыту жолдарын өркендету үшін еңбектенуге ықыласы;
5) әлемде болып жатқан оқиғаларды өз Отанының мүддесін есепке алу арқылы дұрыс бағалау шеберлігі;
6) студент тұлғасының елжандылық элементтеріне саналы көзқарасы, сезімі болып, оны ұлтжандылық іс-әрекетте қолдануы.
Тәжірибелі-эксперименттің бірінші кезеңінде, яғни айқындау кезеңінде әскери-кәсіби дайындығының қазіргі деңгейі анықталды және осыған сәйкес оны түзетудің мақсаттандырылған аралықтары анықталды. Онда «мен неліктен әскери кафедраға білім алуға бардым» сауалнама арқылы студенттерге талдау жасалды (қосымша А), келесі әдістемелер бойынша студенттерден тест алынды, ол Т.Элерестің «Жетістікке жету әрекеттеріне тұлғаны болжалдау әдістемесі», Т.Элерестің «Сәтсіздіктен алыстау әрекеттеріне тұлғаны болжалдау әдістемесі», Т.Рокичтің « Құндылықтарға бағдар», әдістемесі, О.Ф.Потомкинаның «Іс-әрекеттік және қажеттіліктер саласында тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бағдарын болжалдау әдістемесі» ( қосымша Б ) бойынша жүргізілді.
Келесі аталатын курстар бойынша арнайы бақылау жұмыстары жүргізіліп: жалпы мемлекеттік, жалпы әскери, тактикалық, әдіс-тәсілдік, арнайы әдіс-тәсілдік, әскери арнайы дайындық курстары мынадай мәліметтерді алуға мүмкіндік берді:
- әскери қызметті өтеуін реттейтін негізгі құқықты құжаттар саласындағы жастардың білімі; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскери талаптар жарлығын білуі; «қызмет барысында ұқсас жағдайлардағы » қабілетін ескеру;
- соғыс кезінде және күнделікті өмірде, сонымен бірге төтенше оқиғалар кезінде өзінің лауазымдық міндеттерін жемісті орындауын қамтамасыз ететін әскери-кәсіби білімі, біліктілігі мен шеберлігі, рухани адамгершілік, тұлғалық және психологиялық сапаларының жиынтықтар деңгейі;
- әдеттен тыс жағдайларда негізделген шешімдер қабылдауын айқындайтын өзіндік пікірлерінің жиынтығы болуы және олардың бірізді орындалуын ұйымдастыра білу қабілеті, ұлттық салт-дәстүрді білуі:
- әскери қызметін ұйымдастыру әрі әскери тәртіпті қолдау бойынша іс-шараларды, бөлімшелердегі ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі туралы көзқарастарының болуы, өзінің құзіреті аясында өз еркімен әрекет жасау шеберлігі.
Жалпы алғанда, жүргізілген жұмыстан жастардың теориялық білімдері анықталды әрі бұл олардың тәжірибеде осы білімдерді қолдана білетін қабілетін анықтауға мүмкіндік берді.
Алынған мәліметтерге талдау жасау келесіні көрсетті.
1. Жалпы қорытынды деңгей әскери-кәсіби дайындықты орташа деп бағалады.
2. Сынақ –тәжірибенің бұл кезеңде жастардың теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейі эксперименттік және бақылау топтарында айтарлықтай айырмашылықтар байқалған жоқ.
3. Әскери-кәсіби дайындықтар құрылымында тәжірибелік дайындығының қанша екендігі іс-әрекетінің жоғары болатынынан байқалды.
4. Ұлттық тұрғыдағы студент тұлғасының қалыптасуы елжандылықэлементтері арқылы жүзеге асатыны айқындалды.
Сынақ –тәжірибенің бірінші кезеңін талдау нәтижесі бойынша жалпы қорытындылар талданды және нақты белгіленген топтарда жұмыс бағыты белгіленді.
Жастардың әскери-кәсіби дайындық деңгейін, тұлғалық қалыптасуын жоғары ету үшін:
1) оқу тәрбие процесін құқықтық қамтамасыз ету;
2) оқу –тәрбие процесін ұйымдастыруды әдістемілік қамтамасыз ету;
3) оқутәрбие процесін елжандылықэлементтері арқылы жекелеген технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі анықталды.
Сынақ-тәжірибенің бірінші кезеңінде жасалған негізгі қорытындыға сәйкес жастардың әскери-кәсіби дайындығының тиімділігін студенттің тұлғалық қалыптасуы бойынша жоғарыда айтылған елжандылықлық шарттарын енгізбей, әскери кафедрада білім алатын жастардың әскери-кәсіби дайындығының сапасын көтеруі мүмкін емес.
Жастарды тәрбиелеу және оқыту «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғысы», «Әскери кафедрадағы ұлттық тәрбие негіздері» бағдарламасы, «Отан үшін отқа түс жанбайсың» элективті курсы бойынша, «Студенттерге елжандылықэлементтері негізінде ұлттық тәрбие беру» семинары, зертханалық, тәжірибелік, сабақтар ретінде жүргізіледі, сондай-ақ жазықтықта оқу, ату және оқу топтарында өткізілді.
Қалыптастырушы кезеңнің мақсаты әскери-кәсіби топтардағы жастарды теориялық және тәжірибелік дайындықтан өткізу, олардың іс-әрекеттерін өзгертуге бағытталғын арнайы жұмыстар жүргізу болды. Бақылау топтарындағы сабақтар дәстүрлі әдістемемен жүргізілді.
Жүргізілген сынақ-тәжірибені қорытындылай отырып келесі жағдайды нақтылау мүмкін.
Жоғары оқу орындарындағыәскери кафедра жастардың тұлғалық қалыптасуының мотивациялық компаненті елжандылықэлементтері арқылы олардың халық елжандылықсына деген саналы көзқарасын, ұлттық сана-сезімге құштарлығын, ұлтжанды көзқарасын, ұлтжанды тұлға болуға деген қажетсінуін, жалпы қазақ халық елжандылықсының жеке тұлғаны қалыптастыруға дұрыс ықпалы бар екенін, оның маңыздылығын дұрыс қабылдай білуін айқындау тұрғысында түрлі зерттеу әдістері қолданылып тексерілді.

Әскери кафедра жастардыңұлттық тәрбиелілігінің когнетивтік компоненті бойынша олардың халықтық елжандылықсына деген ұлттық сана-сезімі, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігі, ұлтжандылығы, басқа ұлттарға сыйлы қатынасын айқындау үшін оларға сауалнамалар мен психологиялық тестілер, әңгімелер өткізіліп, зерттелді. Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:


- ұлттық патриотизм туралы сана-сезімінің болуы;
- ұлттық сенімдердің болуы;
- өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілік сезімінің болуы;
- өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі;
- басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынас;
- қазақ халық елжандылықсының тәлім-тәрбиелік идеялар туралы бөлімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет