ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
№ 1. Тапсырма. Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің жағындысындағы
өспе жасушаларының атипиясын зерттеу.
Романовский – Гимза әдісімен боялған Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің дайын жағындысын алып, алдымен микроскоптың кішкене ұлғайтуы арқылы қарап, соңынан иммерсиялық объективтің көмегімен зерттейді. Ядросы мен цитоплазмасының арасында анық шекарасы бар обыр жасушаларын табады. Морфологиялық атипияға тән белгілерді зерттейді:
● Өспе жасушаларының көп түрлілігі ( кішкентай және алып жасушалардың болуы).
● Ядросы көп жасушаларының болуы ( цитоплазма бөлінбей ядролардың бөлінуі).
● Гиперхромды ядролары бар алып жасушалардың пайда болуы.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:
Жағындыда өспе жасушаларының қандай атипиялық белгілері байқалады?
Атипияның туындау тетіктері қандай?
№ 2. тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.
№ 1. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.
Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.
Сұрақтар:
1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?
2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?
№ 2. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.
Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?
Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?
3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды? «Патофизиология» оқулығын қараңыз 525 бет
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357-385
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.780-837
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 - 243
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 238-254
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.
Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.
Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с
Достарыңызбен бөлісу: |