Машықтық жұмыс:
№ 1 тапсырма.
|
Суретті пайдалана отырып тыныс жолдарының бітелуінде кеудеішілік және кеудеден тыс тыныс жолдарының кеңістігі қалай өзгеретіндігін түсіндіріңіз. Бұл өзгерістердің даму тетіктері қандай?
|
Жауабы
Тыныс алу жолдарында түзілетін оң қысым нәтижесінде кеудеден тыс тыныс алу жолдарының дерті кезінде олардың олардың кеңістігі ұлғайып, бітелу деңгейі азаяды. Демалу кезінде тыныс алу жолдарындағы теріс қысым айналасындағы (атмосфералық) қысымнан төмендеп, тыныс алу жолдарындарының тарылуына әкеледі. Кеудеішілік тыныс жолдарының дерттерінде демді шығарғандағы плевралдық оң қысым тыныс алу жолдарының кеңістігін тарылтса, демді ішке алғанда плевралдық теріс қысым – кеңітеді.
№ 2 тапсырма.
|
Ситуациялық есептерді шығару
|
№ 1 . Тәжірибелік жануарға 3% уксус қышқылының ерітіндісін көктамырға енгізгенде тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз
Бастапқы пневмограмма:
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Тыныс алу өзгерістерінің патогенезі қандай?
Тыныстың бұл бұзылысының патофизиологиялық маңызы қандай?
№ 2.
|
Натрий нитритімен уланған бақаның берілген пневмограммадағы тыныс алу сипатының өзгерістерін сараптаңыз.
|
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.
Майкл А.Гриппи. Патофизиология легких. Перевод с англ. – М.Бином, 1997. – 327с.
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
№ 4 тақырып. АС ҚОРЫТУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ.
Мақсаты: Ас қорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Оқыту міндеттері:
Ас қорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін ситуациялық есептер шығарғанда өолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері, салдарлары.
Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.
Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары.
Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.
Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары (гипер- и гипосекреция, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахлоргидрия, ахилия) туралы түсінік, даму тетіктері, салдарлары.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «Агрессия факторлары» мен «қорғаныстық факторлардың» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.
Қуыстық және қабырғалық ас қорытылудың бұзылыстары, себептері, салдарлары. Мальабсорбция, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.
Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.
Оқыту мен жүргізу тәсілдері:
Ауызша талдау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |