Жедел постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі.
Гемолиздік анемия, анықтамасы, эритроциттердің тамыр ішілік және тамырдан тыс гемолизінің этиологиясы мен патогенезі, тұқым куатын және жүре пайда болған гемолиздік анемияларда шеткері қан көрінісінің өзгерістері.
ВитаминВ12,-фолий тапшылықты, темір тапшылықты анемиялардың патогенезі. Аплазиялық анемиялар, себептері, қан түзілуі мен клиникалық көріністерінің патогенезі.
Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы. Нейтрофилді лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.
Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Агранулоцитоз (гранулоцитопения) туралы түсінік, себептері, организм үшін маңызы.
Үйрету және оқыту әдістері:Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу: тәжірибелік жануарлар мен анемиялық синдромы бар аурулардың қан жағындысын зерттеу, гемограммаларды талдау, ситуациялық есептерді шығару, оқыту бағдарламаларымен жүмыс жасау