Руководителю соц



бет13/25
Дата07.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#96781
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
3-практ-фарм-каз

Көлдененен:
1 – өкпе қабының қабынуы; 2 - өкпенің қабынуы; 3 – қабыну ошағына алғашкы шығатын лейкоциттер; 4 - бронхылардың қабынуы; 5 – артерия қабырғаларының қабынуы; 6 – қол саусағының қабынуы; 7 – эндотелий жасушаларына лейкоциттердің қатты жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулардың тобы; 8 – жүрек етінің қабынуы; 9 - арахидон қышқылының пайда болатын қабыну медиаторы; 10 – қауырт қабыну кезіндегі қан тамырлары өзгерістерінің бірінші сатысы; 11 – тілдің қабынуы; 12 – қабыну кезіндегі қан тамырлары өзгерістерінің сонғы сатысы; 13 – жасушалардың, жасушааралық заттардың, қан тамырларының, нерв аяқшаларының бүліністерімен байкалатын қабынудың компоненті; 14 – стаздың бірінші сатысы; 15 - қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгеріс; 16 – жаңадан түзелетін жасушалык қабыну медиаторы; 17 - арахидон қышқылының липоксигеназа ферментімен тотығуынан пайда болатын қабыну медиаторы; 18 – нервтің қабынуы; 19- созылмалы қабынудың негізгі жасушалары; 20 – мұрының шырышты қабығы қабынуы; 21 – қабынуға қарсы гормондар; 22 – қуықтың қабынуы.

3 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу


1есеп
Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?

2 есеп.


Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.
1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз
2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 209-235.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 101-116

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 221 – 228 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 61-79

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 207-234.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354

  5. Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.

  6. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87

  7. Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.

БАҚЫЛАУ
Есептер бойынша қорытындылар

8. Тақырып АЛЛЕРГИЯ




Сабақ мақсаты:

  • Аллергиялық әсерленістердің этиологиясы, патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы (себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.

  2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық серпілістердің І, ІІ, ІІІ,ІҮ түрі патогенезінің ерекшеліктері;

а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;
б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.
6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.


Оқыту әдістері: дискуссия, ситуациялық есептерді шешу.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет