Ситуациялық есептерді шешу
№ 1 есеп. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?
2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?
3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?
№ 2 есеп. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.
1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?
2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?
3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?
4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?
№ 3 есеп. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.
Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?
№ 4 есеп. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.
Сұрақтар:
1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?
2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
№ 5 есеп. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).
Сұрақтар:
Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?
Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет
Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?
Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.362-403
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 - 163
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – С. 224-237.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.
Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.
№ 5 тақырып. ӨСПЕЛЕР
Сабақтың мақсаты:
Өспе патофизиологиясы сұрақтары бойынша білімді қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
Өспе пайда болуында физикалық және химиялық жайттардың рөлін, өспе өсу патогенезін зерттеу
Теориялық материалдарды талқылауда медициналық терминдерді қолдануды үйрету
Ситуациялық есептерді шешуде теориялық білімін қолдануды үйрету
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Қатерсіз және қатерлі өспелер,
ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
2. Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық,
биологиялық канцерогендердің маңызы.
3. Өспелердің пайда болуында жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің
маңызы.
4. Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы.
5. Өспе өсуінің патогенезі.
6. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.
7. Өспе өсуіне қарсы төзімділік туралы түсінік, оның тетіктері,
8. Өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер.
9. Өспелердің алдын алу және емдеудің ұстанымдары.
Оқыту әдістері: тапсырмаларды орындау, «мылқау» кестені толтыру, ситуациялық есептерді шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |