Тәжірибелік жұмыстар
№ 1 есеп
Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертең бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).
Зәр реакциясы қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакция теріс. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, кан сарысуындағы
креатинин 6,9 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), зәр – 520 мг/л (қалыпты 200-500 мг/л). Зимницкий сынауы:
Уақыт
|
Зәр көлемі
|
Зәрдің салыстырмалы тығыздығы
|
9
12
15
18
21
24
3
6
|
80
100
70
80
150
200
100
150
|
1030
1020
1025
1020
1021
1025
1025
1021
|
Зимницкий сынауын бағалаңыз
Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Көрсетілген өзгерістер нені мәлімдейді?
Осы науқаста зәрдің сапалық өзгерістері нені мәлімдейді?
Қанның биохимиялық өзгерістері нені мәлімдейді?
№ 2 есеп К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, әлбуминдер 1,5 г%, глобулиндер 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия. 1. Науқастағы симптомдар патологияның қандай түрінің дамуына тән? 2. Майлар алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамуы мүмкін және олардың даму тетіктері қандай? 3. Гиперлипидемияның ұзаққа созылғанда мүмкін болатын салдарлары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |