СӨЖ орындау түрі:
Әдебиеттерде келтірілген материалдарды өзіндік оқу, тапсырмаларды орындау, көрсетілім, эссе, сөзжұмбақ құрастырып, реферат жазу.
Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Несеп шығару жүйесі»модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 1 тапсырма. Ақпарат жүйесін оқу
Уролитиаздың 5 түрін ажыратады: түтікшелік (70%), оксалатты, трипельфосфатты, зәрқышқылды, цистинді.
Бүйректе тас түзілуінің себептері өте көп. Патогенезінде әртүрлі заттардың зәрде еру шегінің жоғарылауы (ерітіндінің қанығуының жоғары дәрежелігі) маңызды болып табылады. Сонымен қатар, зәрдің рН, бөлінген зәрдің мөлшерінің төмендеуі, зәрдің шығуының қиындауы, тас түзілуіне әсер ететін жұқпалардың болуы, кристалл түзілу тежегіштерінің тапшылығы (пирофосфат, дифосфат, цитрат, глюкозоамингликандар, нефрокальцин, остеопонтин) маңызды.
№ 2 тапсырма «Ашық» сынамалық тапсырмаларға жауап беру
Берілген патогенездік нұсқалардың ішінен уролитиазға әкелетін аурулар мен патологиялық үрдістерді көрсетіңіз.
-
Резорбтивті гиперкальциурия (сүйек тіні бұзылуының салдары)
|
Абсорбтивті гиперкальциурия (ішектерде сорылудың жоғарылауы)
|
Реабсорбтивті гиперкальциурия
|
|
|
|
АІЖ аурулары кезіндегі оксалатты уролитиаз патогенезін түсіндіріңіз.
Зәрқышқылды тастың түзілуіне патогенездік жайттардың 3 ерекшелігін көрсетіңіз.
Трипельфосфатты уролитиаздың негізгі жайтын көрсетіңіз («жұқпалық тастың» түзілуі)
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 429-430 с.
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., т.2 .-2009. 467-470
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 622-624
Қосымша:
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
Достарыңызбен бөлісу: |