Руководителю соц



бет7/37
Дата21.11.2022
өлшемі2,41 Mb.
#159225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
МодульССС.27.06.10.-каз-doc

Артериялық гипертензия- артериялық қысымның 140/90 мм.с.б.б жоғары тұрақты көтерілуі.
Артериялық гипертензия (АГ)

Біріншілік немесе Екіншілік,


эссенциялық әйгіленімдік (бүйректік, жүйкелік,
(90-95%) эндокринді ж.б.) (5-10%)
АҚ= ҚМК х ШТЖК
Жүректік шығарылымның ұлғаюы (ҚМК) болады:

  • Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылауы, жүрекке оң хроно және инотропты әсер көрсететін нейромедиаторлар.

  • Айналымдағы қанның көлемі ұлғайғанда (АҚК)

- бүйректің шығару қызметі бұзылғанда;

  • гипернатриемияда;

  • нағыз гиперволемияда;

  • минералокортикоидтардың шығарылымы жоғарылағанда.

Шеткері тамырлардың жалпы кедергісінің жоғарлауына (ТЖШК) әкеледі:

  • тамырлардың жиырылуын туындататын ренин және ангиотензинге айналдырушы ферменттің (ААФ) көп мөлшерде түзілуі;

  • тамыр қабырғасы миоциттерінің гиперплазиясы және гипертрофиясы;

  • тамырлардың тонусын эндотелий тәуелді өзін-өзі реттеу тетігінің бұзылуы. Тамыр тарылтатын эндотелиндердің өндірілуінің артуы және тамырды кеңейтетін ықпал-нитроксидтің (NO) өндірілуінің азаюы.

Артериялық гипертензияның тәжірибелік түрлері
(әйгіленімдік артериялық гипертензия)
1. Орталық-ишемиялық гипертензия
Миды қоректендіретін артерияны (омыртқалық, ұйқы) байлау немесе жануарлардың миының үлкен цистернасына каолин енгізеді және ликвордың ағып кетуі бұзылады ®мидың ишемиясы ® тамыр межеқуатының жоғарылауы ® АҚ ­
2.Невроздың үлгісі
Жоғары дамыған жануарларларда неврозды ми қыртысында тежелу мен қозу үрдістерінің соқтығысуы, яғни «қақтығысы» арқылы алынады.

  1. Рефлекстік гипертензия «тежелуден шығу гипертониясы»

Иттер мен қояндарда екі жақтан Цион және Людвиг және Геринг синокаротидтік депрессорлық жүйкелерін кесу (Гейманс үлгісі, 1931-1937; Н.Н.Горев үлгісі, 1939) ® ық кардиовазомоторлық прессорлық орталыққа депрессорлық жүйкелер арқылы афференттік серпіннің түспеуі ®вардиовазомоторлық орталық межеқуатының тұрақты жоғарылауы ® АҚ тұрақты жоғарылауы

  1. Бүйректік артериялық гипертензиялар

  • Бүйректік-қан тамырлық (реноваскулалық) тәжірибелік үлгісін Гольдблат, 1934ж. алған: екі бүйрек артериясын тарылтатын сақина салған





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет