Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар
181
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жат деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.(Телефон)
Іші салқын,мұзы бар, Күнкей қашқан қой сынды, Жылыда тез бұзылар, Барша тағам тығылар.
(Тоңазытқыш)
Тоққа тисе мұрты ұзын, Табанымен жазық Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып.(Үтік)
Кір-қоқысты сүймейді, Сыртқа қуып сүйрейді.
(Сыпырғыш)
Азық -түлік туралы жұмбақтар
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы,
Қуат берер күші бар. (Таба нан)
Ұрмай-соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады.(Пияз)
Бір жансыздың қаны бар, Тіл үйірген дәмі бар. Шөлдесең іш,қанып ал. (Кесе мен шәй)
Түсі аппақ, Тысы қатты-ақ,
Екі түрлі уызы,
Жесең тәтті-ақ. (Жұмыртқа)
Өзі ащы,
Бірақ,
Дәмді етер асты. (Тұз)
Аспан түстес сұйық, Әркім ішер құйып. (Су)
Сұйық еді аппақ, Бауырдай боп қатыпты, Ішсең дәмі тәтті-ақ. (Айран)
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.(Балмұздақ)
9-қосымша
МУЗЫКАЛЫҚ РЕПЕРТУАРЛАР
Ерте жас тобы ( жастағы балалар)
Музыка тыңдау: «Мен бақшаға барамын» әні: Т.Тайбеков, сөзі: Ф.
Оңғарсынова. «Алмалар» әні: М.Әубәкіров, сөзі: Т.Молдағалиев. «Қолшатыр»
Г.Ерікқызы. «Жаңбыр» А. Айтуова,. «Желбірейді туымыз» әні мен сөзі: М.
Керейбай. «Балалар мен жаңбыр» әні мен сөзі: Г.Абдрахманова. «Біз шадыман
баламыз» әні: Ә. Бейсеуов, сөзі: С. Қалиев. «Ақ тиін» әні: Ә. Бейсеуов, сөзі:
Нұрхан Жанаев. «Мен кішкентай баламын» әні: Д.Омаров, сөзі:
Ө.Тұрманжанов. «Сұр қоян» әні: А.Филлипенко. «Қар жауғанда» әні мен сөзі
Е.Сейдахмет, Ә.Әбдінұров. «Күшік» әні: Т.Исалиев, сөзі: М.Ерімбетов.
«Анам» әні: Ә.Бейсеуов, сөзі: Т. Молдағалиев. «Бауырсақ» әні: Ә.Бейсеуов,
сөзі: Н.Арынова. «Елебек пен көбелек» әні: Ә.Бейсеуов, сөзі: Ж. Кәрбозин.
«Лақ» әні: Д.Ботбаев сөзі: А.Асылбек. «Аралар» әні: А. Еспенбетова сөзі: Р.
Жарылғапова. «Мысықай мен мысық» әні: К.Қуатбаев, сөзі: А.Асылбеков.
Ән айту: «Жұмыртқадан балапан» әні: Ә.Бейсеуов, сөзі: М. Әлімбаев.
«Күзге сәлем» әні мен сөзі: А.Еспенбетова. «Отаным» әні: К. Қуатбаев, сөзі:
А.Қалманбетов. «Сәлемат па, Аяз ата!» әні: Б.Дәлденбаев, сөзі: И.Сапарбаев.
«Мысығым» әні: М. Әубәкіров, сөзі: Н. Арынова. «Қоңыр қонжық» әні:
Т.Сарыбаева, «Көктем» әні: Ә. Бейсеуов, сөзі: С. Асанов. «Көбелек» әні: М.
Әубәкіров, сөзі: Ж. Смақов. «Әтеш» әні мен сөзі Е.Сейдахмет, Ә.Әбдінұров.
Достарыңызбен бөлісу: |