Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет103/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Адал дос

Eкi дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның бipeyi Аблан да, eкіншіci Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын.


Бip үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді.


Абыз:

─Аблан, қаш, әне ит келіп қалды! ─ деп қатты қорқып, айғайлап жіберді. Аблан жерден бip шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.

Абыз Абланның жанына келіп:


176
— Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткеніңде шалбарыңды ит жыртып тастамас еді, ─ деді.


─Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Ceнi иттен қорғайын деп, әдейі қалып қойдым, ─ деді Аблан.


─Дос деген осындай болар, ─ деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.




М. Төрежанов
Атасының ақылы

─Төкенмен келісе алмай қалушы едің, қазір араларыңнан қыл өтпейтін болыпты ғой, Еркінім?! - деді бірде атасы.


— «Қыл өтпейді» дегенді түсінбедім, ата? - деп таңырқады немересі.


— «Тату-тәтті дос болыпсың» дегенім ғой.


— Кездескен сайын кәмпит берсе, онымен кім дос болмайды!

─Мен ешкіммен тамақ үшін дос болып көргенім жоқ, балам. Достықтың тамыры тереңде. Адал, ақылды балалармен дос бол! Адамға жақсылық жасаудың өзің бақыт санайтын адамдармен ғана дос бол! - деді атасы сонда.




С. Сейтенов


Қуыршақ

Сәлия өзінің құрбысы Әлиямен бipгe көл жағасына келді. Сәлия құмға саз балшық араластырып қуыршақ жасады. Онысы әп-әдемі болып шықты. Шыбықтан аяқ-қолын орнатты.


— Мына қуыршақ қалай, Әлия? Адамға ұқсай ма? – деді Сәлия құрбысына.


— Өзің шеберсің ғой. Әдемі екен. Маған да бip қуыршақ жасап берші! Сәлия қуыршағын кептipiп қойды да, Әлияға арнап қуыршақ жасауға


кipicтi. Бұл қуыршақты да жасап бола бергенде, кенет дауыл тұрып, көл бетінде толқындар ойнай бастады. Отырған тұстарына толқын келіп қалған соң, екі қыз жағадан әрірек барып тұрды.


Жел саябырлап, көл сабасына түстi. Сәлия орнына келіп, қуыршағын қарап еді, толқын тып-типыл eтіп жуып кетті.


Сәлия жылап жіберді.


Сен неге жылайсың? Оған сенің нең шықты? Менің әкем дүкеннен сатып әперген қуыршағымды да толқын алып кеттті. Мен жыламай-ақ тұрмын ғой, - деді Әлия оны жұбатып.


— Мен еңбегімнің еш болғанына жыламаймын.


— Жыламашы. Ренжімеші. Ана қолыңдағы маған деген қуыршақты өзің ал, маған бермей-ақ қой!


— Жоқ. Мен екі айтпаймын. Мұны сен ал! - деп, Сәлия жылауын қойып, қуыршақты Әлияның қолына ұстата берді.




Mәдixam Төрежанов
177
Санжардың ойыншықтары

Санжар бес жасқа толғанда, әкесінің достары Санжардан он есе келетін ақ аю әкеліп, сыйға тартты. Түрнекші маймыл, кісінеген тұлпар, зырылдаған мәшине, ұшақ, тікұшақ... Ойыншықтардың түрі көп. Әсіресе әкесі мен анасының сыйға тартқан пойызы Санжарға қатты ұнады.


Санжардың Әскербек көкесі теміржолды құрастырып, тепловозға вагондарды тіркеп, іске қосып еді, пойыз музыкалатып, жарығын жарқыратып, жолға түсті. Санжар қауна ойнап, шаршады да кеш жатып, ұйықтап қалды.


Ертесінде Санжар балабақшаға кетті. Оның бөлмесіне кіріп келген әкесі «апатқа ұшырап» жатқан пойызды ойран-топыр шашылып жатқан ойыншықтарды көріп, Санжар мен оның көкесіне кейіп, ойыншықтарды қоймағажинап тастады.


Санжар балабақшадан келіп:


— Әке, менің ойыншықтарым қайда кеткен? ─ деп, таңырқай сұрады.

— Ойыншықтарың «бізді қорлады, шашып тастады» ─ деп, өкпелеп, қашып кетті, деп әкесі қабағын түйді.


— Мен енді ойыншықтарды өкпелетпеймін, оларды орналастырып, жинап қоямын, ─ деп, Санжар жыламсырады.


Санжардың әкесі оған ойыншықтарын алып келді де:


— Ойыншықтар ойнау үшін, ойлау үшін беріледі. Бұларды шашпа. Жинақыбол. Әрбір ойыншықты өз орнына қойып, рет-ретімен ойна, ─деп, қатаң талап қойды.


Енді Санжар әкесінің қойған талаптарын орындап, ойыншықтарын шашпай, ретімен ойнап жүр.




Әдібай Табылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет